Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жиенғали Тлепбергенов – редактор, сыншыл публицисть.

Еламан Асылжан
3 мин оқу 50 оқылым

Жиенғали Тілепбергенов – редактор, сыншыл публицисть.

ЕЛАМАН Асылжан,

Журналистика факультетінің

1-курс студенті

Жиенғали Тілепбергенов 1895 жылы Темір ауданында дүниеге келген. Жиенғали Әділұлы Тілепбергенов–жазушы, драматург, редактор, сыншыл публицисть.

1918 жылы Уфадағы "Ғалия" медресесін бітірді. "Ғалия" медресесін аяқтаған қазақ балалары 1915-1918 жылдары медреседе "Садақ" қолжазба журналын шығарды, Бейімбет Майлиннен кейін, осы журналдың редакторы Жиенғали Тілепбергенов болды. Конжар, Қандыағаш мектептерінде мұғалім, Темір аудандық білім бөлімінің инспекторы, Ақтөбедегі "Кедей" газеті редакторының орынбасары, Петропавлдағы "Бостандық туы" газетінің редакторы, Қызылорда қаласындағы Халық ағарту институтының оқу-тәрбие жұмысының жетекшісі, "Сыр бойы" газеті редакторының орынбасары, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік баспасында жұмыс істеді.

Кезінде Ғалия медресесінде оқыған башқұрттар “Парлақ”, татарлар “Аң”, черкестер “Ләгуә”, қазақтар “Садақ” деген қолжазба әдеби журналдар шығарып тұрған. Уфа қаласында 1915 жылдың 9 қарашасынан шыға бастаған бұл басылымның ұйымдастырушы, шығарушылары – Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілепбергеновтар болды. Бірақ Б. Майлиннің науқастанып еліне қайтып кетуіне байланысты “Садақты” 1915 жылғы 3-санынан бастап Ж.Тілепбергенов редакциялайды да, шығарушы міндетін “Қазақ ұйымы” атқарады. “Журналымыздың мақсаты – оқуға кеткен қазақ жастарына жол-жоба көрсетіп, қалам ұстауды сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан безіндіру болып табылады”, — деп жазды редакция алқасы.

Қолжазба бетінде жарияланған материалдар түрлі мәселені қамтыған. Алғашында Ж.Тілепбергенов өз мақалаларына "Жекей" бүркеншік атымен қол қойды. Жиенғали өзінің тырнақалды өлең, әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялап, ұстаздық, ақындық, жазушылық қызметін бастады. Мысалы, ол “Жазғы көш” деген әңгімесінде жайлауға көшу сәтін, жол бойғы қыз-жігіттердің ат жврыс, көкпар ойындарын, шырқаған әндерін нанымды суреттейді. Әсіресе, оның байдың жылқышыға ұрсып жатқан сәтін, жастар думанына торы шолақ атын тақымдай шаба жөнелген кедей баласының жақын қылығын бейнелеуі де сол кездегі ауыл бейнесін көз алдыңа айқын елестетеді.

Ахмет Қуанұлы өз өмірбаянында былай деп жазды: "Хусаин Ашгалиев (мұғалім, Ахмет бітірген Уркачев училищесінің меңгерушісі.) біздің ауылдың рухани ортасы менің музыкалық болашағыма, кітаптарға, әдебиетке деген сүйіспеншілігіме, Зияткерлік дамуыма – Жиенғали Тілепбергенов пен Құдайберген ағам әсер етті". Осы арқылы Жиенғали Тілепбергеновтың өз ортасындағы жастарға, құрдастарына әдебиет, тіл салаларында білгенін үйретіп, көмек қолын соза алғандығын, тіпті халықтың “Зияткерлік дамуына” да титтей болсын өзіндік үлесін қосқандығын байқаймыз.

Ж.Тілепбергеновтың сыншылығы туралы да айтып өткен жөн. “Садақтың” 1917-1918 жылдардағы оныншы санында қатарынан Халелидден Жүсіпұлы Сарталиевтің “Мақтым” деген ұзақ повесі жарияланған. Міне, Жиенғали осы шығармаға талдау жасап, сын жазу барысында оның кемшіліктерін, роман дәрежесіне жете алмағанын, егер қайта құрып өңдесе баспаға ұсынуға болатынын атап көрсеткен.

Жиенғали Тілепбергенов "Денсаулығының нашарлауына байланысты 1931 жылдың аяғында Отанына оралды. Егер оның 1931 жылы 2 мамырда өңірлік партия комитеті жанындағы Емдеу Комитетіне жазған мәлімдемесіне көз жүгіртсек, 1927 жылы жазушы туберкулезбен ауырғанын көруге болады", - дейді

Жазушының тағдырын зерттеген тарихшы ғалым Г. Ниязова: "аурудан шаршап, аштықтан қатты зардап шеккен жазушыны соңғы сәтке дейін партия комитетінің қызметкері бақылаған. Ашуланған Жиенғали партиялық билетін оны бақылап отырған қызметкерге тастады. Мүмкін ол саясатқа қарсылық көрсеткісі келген шығар". Мүмкін, оның үйін бақылап отырған аудандық шенеуніктің отбасы, кішкентай балалары аштыққа ұшыраған кездегі мінез-құлқы жазушының ерте қайтыс болуына себеп болған шығар.

Досына шағымданған талантты жазушы," мен үшін ең қиын нәрсе – аурудан емес, аштықтан өлу", 1933 жылы қайтыс болды. Жиенғали Тілепбергеновтің қайтыс болуына байланысты "Социалды майдан" газетінің 1939 жылғы 19 сәуірдегі 20-шы санында некролог жарияланды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Еламан Асылжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Майдандық газеттер

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан баспасөзінің қызметі, саяси сатира мен әйелдердің өндірістегі рөлі туралы тарихи материал.

Еламан Асылжан 6 мин 71 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым