Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жиенғали Құдайбергеннің «Өнегелі мұғалім» мақаласы хақында

Аянат
2 мин оқу 33 оқылым

Балалар мектеп табалдырығын аттағаннан, жоғарғы оқу орнын аяқтағанға дейін білім беріп, барбілгенін үйрететін тек - мұғалім.

Сонау ХХ ғасырда балалардың білім алып, сауатты болуы өте қиын еді. Еліміздің, мемлекетіміздің жағдайы өте төмен болды. Мектеп салу, балаларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тұрмақ, бір үзім нан табудың өзі қиынға соққан заман еді. Оқыған, білімді адамдар да жоқтың қасы. Бірақ сол заманның өзінде білгендерін үйреткісі келетін адамдар да табылған еді.

Осы тұста Жиенғали Құдайбергеннің “Өнегелімұғалім” мақаласында бір мұғалімнің 30 шақты баланы, кітап жеткенше қазақша, жетпегенін ноғайша кітаптарды қолдана отырып, білімбергендігі туралы баяндалады. Сонымен қатар, бұл мұғалім өзі ақша шығарып, балаларға керекті кітаптар мен саймандарды алып өз үйінде оқытқаны да айтылуда. Бұл мақаланы оқи отырып нені түсінеміз?

Әрине, мұғалімнің білімділігін және сол біліммен бөлісудегі құлшынысын көруге болады. Қаншалықты халықтың жағдайы нашар болса да, балаларға білім нәрін беріп, өз парызын орындау мұғалім үшін басты дүние болып тұр.

Мұғалім – барлық мамандық иесін оқытатын, білім беретін абзал жандар.

Енді бұрыңғы замандағы оқу жүйесімен, бүгінгі замандағы оқу жүйесін салыстырып көрейік. Қазіргі таңда оқыған, өз пәнін, саласын өте жақсы білетін мұғалімдер өте көп. Өздерінің мамандықтарын шынайы жақсы көріп, балаларға бар білгенінүйретеді. Бірақ, мұғалім деген атауды ғана ұстанып жүргендер де жеткілікті. Балаларға дұрыс білім бермейтін, өз пәнін жөнді білмейтіндер де аз емес. Таныс арқылы мұғалім болғандар немесе дипломды сатып алатындар. Бұндай жағдайлар қазіргі таңда өте басым. Әсіресе, ауылдық жерлердегімектептерде таныс арқылы  жұмысқа кіру, нәтижесінде дұрыс сабақ бере алмау, мәселелері де қозғалуда.

Өнегелі ұстаз – балаларды білім нәріменсусындатып, осы балалар кішкене болса да білім алсыншы, бірнарсе үйренсінші деген оймен ұстаныммен жүреді.

Қарап отырсақ, мұғалім мен өнегелі мұғалімнің арасы жер мен көктей.

Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды.    Ыбырай Алтынсарын: “Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі”,-деген ойын құптамауға болмайды.

​Аянат СЕЙІТҚАЛИ,

Ғылыми жетекшісі:

фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аянат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым