Мазмұнға өту

«Жетісу әйелі» журналы

Сағындық Әсел 2 мин оқу 156 оқылым

САҒЫНДЫҚ Әсел,

Журналистика факультетінің

1-курс студенті

«Жетісу әйелі» - журналы

Қазақ әйелдерінің баспасөз тарихындағы тағдыры осы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарымен  байланысты екені және үлкен өмір мектебінен,саяси күрес пен шыңдалу мектебінен өткені баршаға белгілі.Осы кезеңде қазақ қыздары арасындағы ұлттық интеллигенция кадрлері өсіп шықты.Дәл осы интеллигенцияның қазақ әйелдері арасында қалыптасуына өзінің зор үлесін қосқан қаншама батыр,дана қаламгер әпкелеріміз бар. Солардың бірі - Сара Есова.

Есова - қазақ қыздары қатарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі.Ол әуелде газерттердегі «Жастар бетін» , «Әйелдер бетін» ұйымдастыруға белсене қатысып жүріп,өзінің журналистік қабілетін танытты.

Неге Сара Есоваға тоқталдым? Өйткені Сара Есова әйелдер қауымына арналып шығарылған көптеген газет,журналдардың редакторы болып елеулі еңбек атқарды. Солардың алды,түңғышы - «Жетісу әйелі» журналы.

«Жетісу әйелі» журналы -бүкіл Қазақстан бойынша әйелдерге арналып шығарылған алғашқы басылым,оның алғашқы саны 1923 жылдың 15-і қаңтарында жарық көрді.Көлемі 32 бет басылым. Бұл журналға І.Жансүгіровтің әңгіме,мақалары жарияланып отырғаны да белгілі.Атап айтқанда «Кім екен» деген өлеңі, «Ақын Сара кім еді?» мақаласы және «Күндік өлімі» әңгімесі жарияланған.

Қазақ әйелдері арасында саяси-тәрбие жұмысын жақсартуда Жетісу облыстық партия комитетінің әйелдер бөлімі 1923 жылы шығарған «Жетісу әйелдері» журналы кейін Қазақстан Өлкелік партия комитетінің әйелдер бөлімі 1926 жылдан бастап шығарған «Әйел теңдігі» (осы күнгі «Қазақстан әйелдері»)  журналы үлкен рөль атқарды.

«Жетісу әйелі» журналы - Жетісу әйелдерін баспасөз арқылы бостандыққа,ескі әдет-ғұрыппен күресіп, әйелдердің аналық хақысы мен білім алуы үшін үгіт жүргізген қайраткерлердің бірі- Сара Есова секілді қаламды қару еткен , журналдың барлық жанрында қалам тербеген редакторымен ерекшеленеді десем артық айтпаймын.

Тағы бір ерекшелігі дерлік  ақпаратқа тоқталсақ - ол журналдың жарықкөрген мерзімі. «Қарлығаш қаламдастар» деп аталатын Л.Ахметованың кітабында 1923 жылдың қаңтарында жарық көрді деп күнін нақтыламай қысқа қайырса ,нақты уақыты жайлы Қ.Аллабергеннің «Тарих және баспасөз» кітабынан анықтауға болады. Сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалықта 1924 жылдың басында тек екі нөмірі жарық көрген деген ақпарат бар.

Қорыта айтқанда, өмір бойы тұрмыс тұтқынында езілген қазақ әйелдерінің ерік алып, адамшылық белгісіне аттауын арман етіп,мақсат қылған басылымдардың болғаны,олардың көркейіп,керегесін биік ұстауына үлес қосушы қарлығаштарымыздың болғаны мына бізге - келешек ұрпақтың қыздарына үлгі деп білемін!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахметова Л. «Қарлығаш қаламдастар» кітабы
2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958)
3. . Гүлнұр Қуанышбекқызы,

«Егемен Қазақстан» , ғаламтор

https://egemen.kz/article/155858-qazaqstanda-ayelder-baspasozi-qalay-payda-boldy

25 шілде 2017. / Интернет көзінен

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сағындық Әсел

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Абай» журналында әдеби, оқу-ағарту мәселелерінің жазылуы

Семейде 1918 жылы февраль, октябрь айларында «Абай» журналы шығарылған еді. Барлығы екі нөмір жарық көрді. Бул журналға Мухтар Әуезов, Сұлтанмахмут Торайғыров, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Жумат Ша­нин сияқты…

Сағындық Әсел 56 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты» тарихи сипаты мен мәні.

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты» тарихи сипаты мен мәні. Қазақ халқының арасынан шыққан,қазақ халқының мүддесін қорғағанда жанпидалыққа дайын болса,өмірлерін үзіп,үміттерін…

Сағындық Әсел 76 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин

Пікірлер (4)

  1. Алия

    Тамаша!Өнеріңе нұр жаусын!Сара апамыздай ,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!
  2. Алия

    Тамаша!Сара апамыздай ,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!
  3. Алия

    Керемет!Сара апамыздай ,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!
  4. Алия

    Қызықты мақала,Сара апамыздай,үлгі тұтарлық журналист болуыңа тілектеспін!Сәттілік!