Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жетелеген мәңгі арман

Арайлым Серікқызы
2 мин оқу 139 оқылым

Әлемдегі әрбір адамның көкірегінде сақтап жүрген асқақ арманы болады. Ал ол арманға жетудің жолын әрбіреуі өзі таңдайды және ол арманға қарай әрекет жасайды.
Өзімнің бұл ойларымды, авторлық өлең жолдарымен бастамақпын!
күйінсең,
қиялы ұшқыр жандай күйін.
ғарышта
жермен бірге самғайды үйің.
көмескі -
бір көрініп,
бір жоғалған, -
жұлдызға жол салу, дос, қандай қиын!
ойлаймын кейде
қайдан кеткен қателігім?
арманым беретін еді ғой
мәңгі сенім.
беретін еді жылы жарық
қарайып, ауырланып
кеткен жолға,
қарайсада қара күлдей -
жетелеген мені армандарға.
о арманым!
жетеле әлі мені талай шынға,
ұмыттырма!
әлемнің маған
шексіз шекарасын.
түсір еске кенеттен сен -
жеткізетін жұлдызға жол анасын.
Дархан айтпақ:
“күн мен ай”
апта мен жыл
ғашық еткен,
ғасыр да
сезім қылын басып өткен,
жарқылдақ қуаныш пен
шыбыртқы үрей..
бәрін де еске түсір.
ішкі талас,
бітпейтін ішкі дау мен
қорқыныш
өтер бастан, кетер ғайып боп жүректен.
тек
бәрі сен үшін
мәңгі арман,
мәңгі қиял,
мәңгі менің үнім!
Мен бала кезімде армандағанды жаным сүйетін. Арайлымның бала жүрегі әрдәйым тек жақсы дейтін қияли ойлармен санасын толтыратын. Әлі де есімде даладағы үйсіз-күйсіз қалған жануарларды көріп, өзіме
жануарларға арналған тегін қамқорлық үйің ашамын деп уәде бергенім. Қазіргі уақытта бұл таза ниетті арманымның бизнес планы дайын тұр, тек араға уақыт салып бұл жоспардың орындалуын қадағалау мен тиісті әркеттер жасау қалды.
Арайлым төрт жасар кезінен бері мектепте сабақ алуға қатты асығатын. Ата-анамның сөзінше мектепке қажет барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, әкемнің көлігіне отырып алып, 52-ші мектеп гимназиясының ауласына барып сыртта тұратыным. Кейін үйге “мам! мен сабаққа барып келдім” - деген сөздермен оралатынмын. Бұл менің білімге құштар адам екенімнің ең алғашқы факторы болды. Бұл төрт жасар Арайлымның мектеп қабырғасында сабақ оқығысы келетін асқақ арманы еді.
Қазіргі уақытта мектепті тәмәндәп, “ алтын белгі “ иегері атанып отырған жайымда бар.
Кейін өсе келе тұрып жатқан мемлекетімнің әрбір мәселесіне баспен үніліп, еліме пайдасын тигізетін азамат болып өсуімді армандадым. Қазірде армандаймын, әрекеттерімде нық деп айта аламын. Бұл арманымның оты ешқашан сөнбесе екен деймін, себебі бұл маған күш қуат пен алдыға қарай жылжуға, көпті көріп дамуға талпыныс береді.
Арманы жоқ адамды өз басым болашақта бір нәрсеге жетеді деп ойламаймын. Әрқашанда армандап, арманның орындалуына қозғалыс жасап өмір сүрсен, өміріннің жаңа дәмі мен жаңа дем беретіні сөзсіз!
Менің армандарым азайып, не болмаса ұмытылып бастаса рухани тұрғыдан қатты зардап шегемін, сондықтанда армандау мен үшін өзіңдік допинг!
Арманда дос! Ешқашан тоқтама!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Арайлым Серікқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым