Мазмұнға өту

"Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық!"

Индира 3 мин оқу 57 оқылым

Нургустинова Индира Абайдилдаевна

"Жер -Ананы жасыл етіп сақтайық!"

Мақсаты:  табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын,өсімдіктерге
сүйіспеншілікпен және қаморлықпен қарауға тәрбиелеу.
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті. Дидактикалық ойын : « Игровизор тренажермен
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Шеңберге тұрайық
Дөңгеленіп тұрайық
Күннен жылу алайық
Амандасып достармен
Жақсы көңіл сыйлайық
(Педагог балалардың назарын естілген дыбысқа аударады)
Педагог: - Балалар біреу есік қаққандай болды ма?
Кім болды екен?
(Педагог біреудің келгенін айтып, есікті ашып көріп хат келгенін айтады)
Педагог: - Балалар хатты кім әкелді деп ойлайсыңдар?
(Балалар өз ойларымен бөліседі)
Педагог: - Дұрыс айтасыңдар. Хатты хат тасушы апай алып келді.
Педагог балаларға әдемі қорапшаны көрсетіп, хатты оқып береді.
-Балалар хатта жазылыпты балалар менім сұрағыма жауап берсе, сонда ғана сиқырлы  қорапша ашылады екен. Әуелі сиқырлы қорапшаны ашпас бұрын сұраққа жауап берейікші, сонда бізге жіберген хатын иесін табамыз және сиқырлы қорапша ашылады.
- Жер ана деген сөзді қалай түсінесіндер? (Балалардын жауабы тыңдалады )
- Балалар, жерді –Ана деп атайтын себебіміз, жерде біз өмір сүреміз.Яғни жерде аяғымызды басып жүрміз.
(Балалардың көңілін сиқырлы қорапшаға аудару)
(Сиқырлы қорапша ашылады ішінен құм,тас, су шығады)
Сұрақ – жауап:
- Тірі табиғатқа не жатады?
- ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі.
- Өлі табиғатқа деп нелерді айтамыз?
- су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
(Балалардын жауабы тыңдалады)
- Дұрыс айтасыңдар!
Балалар біздер тәртіпті балалармыз. Табиғатты қорғау біздің міндетіміз.
-Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Т: балалар гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл - күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т: Енді  гүлді қалай отырғызу керектігін  үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын   кішкене тереңірекетіп қазып гүлдің көшетінтамырын үзіп алмай кішкене ыдыска саламыз.
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз үстіне тағы су құямыз
Міне, гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып ,өсу үшін тағы су құямыз.
Ал балалар сендер шаршаған шығарсыңдар ,дем алып алайық.
Сергіту сәті: Әуенмен қимылдармен
В.Воскобовичтің «Игровизор» тренажер ойыны
Дидактикалық ойын : «Қоқыс жәшігіне қалдықтарды бөліп жинайық»
Шарты: « Игровизор тренажермен сызба бойынша әртүрлі қалдықтар салатын қоқыс жәшікке бөліп жинау
Жарайсыңдар,балалар. Сендер табиғатты қорғау білесіңдер солай ма?
Балалар,сендер табиғат туралы тиым сөздерді білесіндер ме?
«Жасыл әлемді сақтайық»
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып , табиғат көрінісін бейнелейтін тыйым сөздерді айту керек.
Гүлді жұлуға болмайды.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын,
Көбелекті өлтірмеңдер, ол- әдеміліктің белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
жасыл  шөпті жұлуға болмайды , ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек , ол- біздің байлығымыз
Қорытынды: Сұрақ –жауап арқылы
- Балалар, біз бүгін не туралы айтық?
- Ал балалар, бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Балаларды жасаған жұмыстарына қарай мақтау, мадақтау
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалардың жауаптары тыңдалады
Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Жасыл әлемді сақтайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Индира

Автордың басқа материалдары

Әдістемелік құралдар

«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі» (Оқу- әдістемелік құрал)

Серікбай Индира Сағдатқызы Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК Серікбай Индира Сағдатқызы ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІҢ…

Индира 250 оқылым 132 мин
Балабақша

"Жер-Ананы жасыл етіп сақтайық!"

Нургустинова Индира Абайдилдаевна Мақсаты: табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын,өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қаморлықпен қарауға тәрбиелеу. Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру.…

Индира 97 оқылым 3 мин
Балабақша

баланы балабақшаға дайындау

БАЛАНЫ БАЛАБАҚШАҒА ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ Құрметті ата-аналар! Сіздің балаңыз ержетіп балабақша босағасын аттауға дайын. Бірақ ескертіңіз, балабақша сіздің сәбиіңізге – бөтен адамдардың әлемі. Балаға түсіндіріңіз: «Сен…

Индира 165 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин