Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Желтоқсан жаңғырығы

Хамина Гульнара Каденовна
2 мин оқу 317 оқылым

Желтоқсан жаңғырығы

1986 жыл....Желтоқсанның ызғарлы 17-ші жұлдызы еді. Брежнев атындағы алаңға мындаған адамдар бейбіт шеруге шықты. Адамдардың жылы  орындарын тастап, қақаған аязда Алматы қаласының басты алаңына шығуына не түрткі болды деп ойлайсыз? Әрине, бұны тек өмірімізді түбегейлі өзгерткен, ұмытылмас қанды оқиға екенін еш ойланбастан сол оқиғаны естіп көрген немесе қатысқан адам ғана толықтай жауап берер еді.  Алайда, ең өкініштісі еліміздің қазіргі буындары бұл оқиға жайлы ештеңе білмейтіні мені қатты қынжылтады. Қалайша? Тәуелсіздігімізді алуымызға бірден-бір себепкер болған Қазақстан тарихындағы ең маңызды орын алған оқиғаны білмеуі мүмкін бе? Иә, мүмкін екен және де  көңіліме қаяу түсіретіні де осы.

Алайда сол бейбіт шерудің соңы қанды оқиғаға ұласты. Кенеттен басшылық жастарға шабуыл жасап, тұтқындай бастады. Оларға «Ұлтшыл, нашақор, маскүнем» деген жалалар тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203. Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық су атқылап, сапер күректермен соққыға жығылып, қыздарды зорлап, шаштарынан жұла сүйреткен және де адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде  8500 адам ұсталған. Олардың басым көбі жастар болған.

Көзіңізге елестетіңізші, осыншалықты қорлыққа шыдаған жастарымыздың осындай зорлық-зомбылық көргені әділетті ме? Тіпті, хайуанның да осындай зорлық көріп өлгенін қаламас едім. «Бұрқасын – 86» жоспарын естісем денем тітіркеніп, көзіме жас үйіріледі. Жастардың сол ызғарлы күні алаңға өлім іздеп бармағанын, әділдік іздеп барғанын  Ербол Сыпатаевтың аузынан естідік. Еліміздің болашағын ойлап, келер замаңымыз не болады деп, мынау біздерді ойлады. Ал біздердің көбіміз сол алпауыт бұрқасын оқиғаны білмейміз де.  Тәуелсіздігімізді алу бізге оңайға тиген жоқ

Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова сынды батырларымызды еліміздің әр жаны тануы міндетті деп ойлаймын. Осы және өзге де жүздеген жас қыршындардың арқасында тәуелсіз мемлекет болып жатқанымызды естен шығармайық. Ляззаттың қайсар мінезіне таң қалам, еш корқынышсыз басшылықтың алдыңда қарсылық көрсеткені үшін, Сабираның батылдығына таң қалам, күллі жұртты біріктіріп әділет іздеуге шақырған, Қайрат пен Ерболдың ержүрек мінездеріне таң қалам, аяулы қыздарымызды қорғау үшін алаңға шыққан. Желтоқсан құрбандарын біріктіретін бірден-бір нәрсе ол – бірлік. «Жауға барсаң – бәрің бар, дауға барсаң –бірің бар» демекші, жер үшін, болашақ үшін өз жаңын құрбан еткен батырларымызды құрметтейік ағайын! Желтоқсан желі, желтоқсан желі – ызғарлы...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Хамина Гульнара Каденовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым