Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жасуша ядросы. Ядроның биологиялық рөлі

Алсеитова Гульнара Амзеевна
3 мин оқу 2 224 оқылым

Алсеитова Гульнара Амзеевна

Сабақ тақырыбы: Жасуша ядросы. Ядроның биологиялық рөлі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:  жасуша ядросының жасушадағы маңызын, атқаратын қызметі жайында түсінік қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету.

Оқулықтар әдебиеттер: Жалпы биология 10 «Жаратылыстану-математика бағытындағы оқулық». Мектеп 2014

Құрал – жабдықтар:   тірек-сызба, сызбанұсқа,портреттер, интерактивті тақта

Сабақ оқу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:  Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.
  2. Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау):

Сұрақ-жауап: 21-суретті  пайдаланып, цитоплазмалық мембрананың жәрдемімен жүретін екі процеске түсініктеме беріңдар. 1-зертханалық жұмысты орындандар.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру (сұрақтар, тезис, конспект) :

Ядро өсімдіктермен жануарлардың жасушасының тұрақты бөлігі.  Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атаймыз.

Ядроның құрылысы

Ядрошық - шар тәрізді тығыз денешік, оның мөлшері 1-2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Ядрошықтың құрамында 1,5% ДНҚ және 8,0% нәруіз болады. Жасуша бөлінген кезде ядрошық жойылып кетеді.

Ядро шырыны – ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарда толтырып тұратын қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен көмірсулар болады.

Хромосома – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік. Хромосоманың құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады.

Гистон дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.

Хромосома типтері

  1. Егер центромера хромосоманың дәл ортасында орналасса, онда ол тең екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін метацентрлі хромосомалар деп атайды.
  2. Егер центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, онда ол хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін субметацентрліхромосомалар деп атайды.
  3. Егер центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады. Хромосомалардың мұндай типін акроцентрліхромосомалар деп атайды.
  4. Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, ондай типті телоцентрліхромосомалар деп атайды.
  5. Кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады. Хромосомалардың мұндай типін спутниктіхромосомалар деп атайды.
  1. Өткен сабақты (материалды бекіту):

ІҮ. Бекіту: Қосымша деректер

Джон Лэнгдон Даун

1866 Дауын ауруын ашқан ғалым

А) “Жалғасын тап” биологиялық диктант

  • Жасушаның маңызды бөлігінің бірі ол …………….
  • Ядросы толық жетілген организмдер………….. , ал жетілмеген организмдер ……….. деп аталады.
  • ядроның негізгі сұйықтығы ………  ………. деп аталады.
  • ………… дегеніміз ДНҚ ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік.

……. дегеніміз хромосомадағы құрылыс қызметін атақаратын нәруыз.

В) Тест сұрақтары

  1. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі

а) ядро                 ә) рибосома

б) хромосома       в) гистон

  1. Ядроныңжетілуінеқарайорганизмдернешетопқабөлінеді:

а) 3ә) 5

б) 4 в) 2

  1. Ядро қабықшасыныңішіндегіқоймалжыңзат

а) хромосома         ә) ядро шырыны

б) ядрошық             в) эндоплазмалық тор

  1. ДНҚ ныңжіпшелерінентұратынсозылыңқытығызденешік

а) хромосом         ә) ядро шырыны

б) ядро                 в) ядрошық

  1. Адамағзасындағы хромосома саны

а) 48ә) 24

б) 46в) 45

с) Сөзжұмбақ шешу (Жасырын сөз БИОЛОГИЯ)

  1. Тірі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымы
  2. Жасушаның құрлысын атқаратын қызметін зерттейтін ғылым
  3. Жасушаның маңызды бөлшектерінің бірі
  4. Жүйке жасушасынан табылған органоид
  5. ДНҚ ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік
  6. Хромосомаға құрылыс қызметін атқаратын нәруыз
  7. Нәруыз биосинтезін жүзеге асыратын органоид
  8. Ядро құрамындағы қоймалжың зат

Бағалау.

  1. 5. Үй тапсырмасы: 19. Жасуша ядросы. 103-106 бет.
  • 20. Ядроның биологиялық рөлі. 107-111 бет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алсеитова Гульнара Амзеевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым