Мазмұнға өту

Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге баруының алдын алудағы әлеуметтік педагогтың қызмет жүйесі

dinara 4 мин оқу 25 оқылым

Қазіргідей жаһандану жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан сақтандыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мектептің тәрбие жүйесіндегі басты міндет болып қала бермек. Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық дүниетаным қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға тәрбиелеу. Бала бойындағы қалыптасу табиғаты үш кезеңнен тұрады: Даму. Есею. Еркіндік. Кәмелетке толмағандар осы кезеңдерден өту барысында қылмыстық сипаттағы жағдайларға тап болып жатады. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге баруының басты себептері мына жағдайлар болады: Отбасының жасөспірім қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы салдарынан, яғни әлеуметтік-материалдық жағдайдың төмендігі; Баланың айналасындағы қатарластарынан кем қалмай өзін «батыл» етіп көрсеткісі келуі және еліктеуі, ағынға еруі; Ғаламтор ақпараттары мен түрлі кино, видео жазбалар, шытырман оқиғалы ойындарының бала психологиясына кері әсері; Кей жағдайларда бала бопсалаудың құрбаны болып, тығырықтан шығар амал ретінде де мәжбүрлі қылмысқа барады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекеттерінің алдын алудағы жұмыс мына қағидаларға сүйенуі керек: Ынталандыру; адамгершілік-гуманистік бағыт; түсіну және тілектестік; проблеманың алдын алу; уақытылы көмек және қолдау көрсету мамандардың кәсібилігі (психолог, инспектор, әлеуметтік педагог т.б.) «Жас полицей» отрядтарының жұмысын жетілдіру. Мектептің әлеуметтік паспортын жасақтаған кезде тұрмыс қиындығын көріп жүрген жасөспірім, девиантты мінез-құлықтағы жасөспірім немесе тіпті тұйық балалармен жұмысты үнемі назарда ұстайды. Мұндай балалар мектепішілік бақылауда болатыны белгілі. Педагогтың мұндай санаттағы балалармен жасайтын жұмысының бағыттары мынадай сипатта болады: 1) Тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал етіп, жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарын зерттеу және анықтау; 2) Баланы қылмысқа итермелеген себеп- салдардың негізгі көзін табу; 3) Отбасылық қатынастар мен сыртқы ортамен байланыс сипатын зерттеу; 4) Жинақталған ақпараттар мен мәліметтерге аналитикалық талдау жасап, психолог, инспектор, сынып жетекші, бір сөзбен 34 ҰСТАЗ БОРЫШЫ №10, 2024 айтқанда сол баланың тәрбиесінен шет қалмайтын адамдармен, ұйымдармен бірлесе отырып, баланы тәрбиелеудің кешенді жоспарын, іс-әрекеттер жүйесін құру. Жоғарыдағы мәселелер мынадай бағыттарды қамтиды: «Аналитикалық жазба» — оқушылардың әлеуметтік өмір жағдайларына, ерекшеліктері мен мұқтаждарына талдау жасау; «Профилактикалық жұмыстар» — тәуекел тобындағы, девиантты мінез -құлықты және КТИ есепте тұрған балалардың қиын өмірлік жағдайлардан шығуының негізін қалау, олардың бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуына жағдай жасауға ықпал ету; «Қорғаныс бақылау қызметі» — қалыптасқан қиын өмірлік жағдайда баланың құқығын қорғау және бақылау, жанжалды қарым қатынастардың барлық жағдайларын есепке алуды және бақылауды жүргізу, баланың мектептен тыс аймақта, отбасында қалыптасқан ұзақ жанжалды жағдайларға қарай уақытылы қорғау; «Ұйымдастырушылық және үйлестірушілік қызметі» — әлеуметтік байланыстарды қалыптастыру, дамыту және жетілдіру, мемлекеттік мекемелермен (полиция, КТИ, СӨСҚО, АҚТЖ-мен күрес орталығы, ата- аналар кеңесі, т.б.) және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, балалар арасындағы қылмыстың алдын алу акцияларын ұйымдастыру. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс- әрекеттерінің алдын алудағы жұмыс түрлері төмендегі формаларда жүргізіледі: а) тақырыптық сынып сағаттары; ә) мектепішілік шаралар; б) ішкі істер органдарының мамандарымен кездесулер ; в) оқушылар арасында тақырыптық дебаттар; г) түнгі кезекшілік рейдтері; ғ) ата-аналармен кездесу; д) психологпен бірлесе отырып туындаған кикілжіңді жағдаяттарды дер кезінде шешіп, әлеуметтік-психологиялық көмектер, кеңестер ұйымдастыру. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс- әрекеттерінің алдын алудағы жұмысының құжаттамасы мынадай деректер базасынан құрылуы тиіс: Атқарылатын жұмыстың жүйелі жоспары; Тексеру актілері; Атқарылған жұмыстардың талдау жазбалары бар жеке күнделіктер; Мектеп пен проблеманы шешуге зерттеу нәтижесі; Отырыстар мен кездесулердің хаттамалары. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге баруының алдын алуда әлеуметтік г мынадай жұмыстар атқарады: Баланың мектептен тыс өмірін зерттейді, жеке ісін (бақылау күнделігі) жүргізеді. Әрбір қиын баланың мінез- құлықтарының қапедаготысушы ұйымдар арасында жазысқан құжаттар; Отбасыны және баланы әлеуметтік педагогикалық бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу. Балалардың үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас диагностикасын жүргізеді және қарым-қатынастың бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды. Алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады; Оқушыларды зерттеу барысында әлеуметтік педагог көмек көрсету бағдарламасын жасап шығара алады. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерді құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бағытында ізгілік сабақтарын жүргізу. Төтенше жағдайларға тап болған балаларға қолдау көрсетеді; яғни қамқорлық іс-шаралары, материалдық көмек беруді қамтиды; Балалардың ата-аналарымен жұмыстану-кеңес беру, мектеппен ынтымақтастығын арттыру. Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір- біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. «Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», — деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.

Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х. Доспанова атындағы № 28 жалпы
білім беретін мектеп» КММ
әлеуметтік педагог Серикбекова Назира Жакыпбайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

dinara

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

«Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

«Ұлттық тәрбие- ұлттық құндылық» - қазақ халқының атадан балаға ұласып келе жатқан , күні бүгінге дейін маңызын жоймаған негізгі ерекшелігіміз. Расында да ең құнды тәрбие ұлттық тұрғыдан берілген. Халқымыздың дана өмір…

dinara 174 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер…

dinara 71 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

«Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда bilimland платформасын қолдану үмкіндіктері.

BilimLand (оқыту білім беру платформасы) - цифрлық мектепте білім беру саласындағы көшбасшы. BilimLand өнімдер мен қызметтерді жедел бейімдеді, сонымен қатар мұғалімдер мен мектеп директорларын, балалар мен олардың…

dinara 41 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин