Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

Автор

dinara
3 мин оқу 71 оқылым

Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.Мектебіміздің ұлағатты, зейнеткер ұстазы Султанов Юлдаш Шадибаевич 23-мамыр күні 1961жылы Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы Жылы-Су ауыл әкімшілігі Әл-Фараби елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты тәжік. 1978 орта мектепті аяқтағаннан кейін 1979 жылы Өзбекстан Республикасы «Сырдария» педагогикалық мемлекеттік университетінің физика және математика факультетін 1984 жылы бітіріп шықты.
Ұстаздық жолын 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің жолдамасымен Жетісай ауданы «Коммунизм» мектебінде физика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.
1986-1998 жылдар аралығында Жетісай ауданы «Әл-Фараби» атындағы жалпы орта мектебінде директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Аудан білім бөлімі тарапынан екі мектептің қысқаруына байланысты 1998-2001 жылдары Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2001-2022 оқу жылына дейін Жетісай ауданына қарасты «Х.Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2022-2023 оқу жылында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және директордың уақытша міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Шығармалары
Ұлы Отан соғысының ардагері Тағай Санакулов туралы «Ерлігіңіз ұмытылмайды атты» кітабының авторы.
«Жеті сыр», «Жетісай жаңалықтары» газетінің штаттан тыст тілшісі.
Педагогика саласында еңбегі бағаланып Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің алғыс хаттары, төс белгілері мен облыстық білім бөлімі және аудан білім бөлімінің марапаттауларымен марапатталған.
Жетістіктері мен марапаттары:
1988ж. «Золотой колос» төс белгісімен марапатталды.
2014ж. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» медалымен марапатталды.
2015ж. Совет Одағының Батыры бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толу мерейтойына арналған «Отанын қорғаушы» құрмет төсбелгісімен марапатталды.
2015ж. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.
2016 жылдан бастап 2022жылға дейін Қазақстан Халықтар Ассаамблеясының кеңес мүшесі.
2016 жылдан қазіргі таңға жейін Түркістан облысы Тәжік этно мәдениетінің төрағасы.
2016 ж Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, озық тәжірибелерін «Республикадағы 100 үздік ашық сабақ» байқауына қатысқаны үшін «Ұлт ұстазы» төс белгісімен марапатталды
2016ж. «Білім беру» саласында көп жыл еселі еңбек етіп, үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2017ж. «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды.
2018ж. ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды
2018ж. «Әйтеке би Байбекұлына 375 жыл» медалімен марапатталды.
2018ж. «Мақтарал ауданы 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2020ж. ҚР президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2022ж. ҚР Президентінің 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2022-2023 оқу жылының 23 –мамыр күні « Х.Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Султанов Юлдаш Шадибаевич ағайды «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты мерекелік іс-шараменен зейнеткерлікке шығарып салды.

Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х. Доспанова атындағы №28жалпы
білім беретін мектеп»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
тәлімгері Налибаева Динара
Исмаиловна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

dinara

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

«Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтарды кіріктіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары баяндалады. Тарихи фильмдерді сабақта қолдану тәсілдері ұсынылған.

dinara 178 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда bilimland платформасын қолдану үмкіндіктері.

Материалда BilimLand платформасының бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы мүмкіндіктері, цифрлық сабақтары, интерактивті тапсырмалары және мұғалімге арналған құралдары сипатталған.

dinara 44 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

«Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда bilimland платформасын қолдану үмкіндіктері.

BilimLand платформасының бастауыш мектепте қолданылуы, интерактивті тапсырмалары мен цифрлық сабақтары, сондай-ақ мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған мүмкіндіктері сипатталады.

dinara 47 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин