Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жасөпірім және қылмыс

Сейлханқызы Ботакөз
2 мин оқу 38 оқылым

Өткізуші мұғалім: Сейлханқызы Б.

Кластан тыс шара: «Жасөспірім және қылмыс»

Түрі: Кездесу сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заңды құрметтеуге, өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білуге насихаттау. Жасөспірімдер арасында кең таралған құқық бұзушылық түрлерімен және оларға қолданылатын жаза түрлерімен таныстыру.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру. 2.Кездесу қонағымен таныстыру. 3. «Жасөспірім және заң» тақырыбында көрсетілім арқылы баяндама оқу. 4.Кездесу қонағы заңгер Аймағамбетова Айнұр Құранияқызының сөзі.5.Қорытынды.

  1. Оқушылармен, кездесу қонақтарымен амандасу.
  2. Кездесу қонағымен таныстыру:Құрметті оқушылар, сіздерге бүгін қонаққа заңгер, медиатор Аймағамбетова Айнұр Құранияқызы келіп отыр. «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында мәлімет беретін болады, көкейде жүрген сұрақтарыңыз болса жауап беретін болады.
  1. Тарих және құқық пәнінің мұғалімі Сейлханқызы Б.: «Қазіргі таңда заңды білмеген зардап шегетінін жақсы білеміз. «Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу» деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, қоғамда түрлі қайшылықтардың орын алмасы үшін заңға бағыну, құрметтеу әрбір азаматтың борышы. Құқығымызды біліп қоймай, заңның ажырамас бір бөлігі тиісті міндеттерді атқару, басқа адамдардың жеке бас құқығына қол сұқпау, құрметпен қарау біздің ең негізгі парызымыз.»

Құқық дегеніміз не? деген сұраққа жауап беріп көрейік? Оқушыларға сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалады және мұғалім қорытындылайды: «Құқық дегеніміз мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Ол бір жағынан әрбір азаматқа берілген еркіндік пен бостандық болса, екінші жағынан сол еркіндікті шектеу болады.»

       Жасөспірімнің мектептегі құқығы - қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін тегін білім алу мүмкіндігі. Бұдан басқа, бала дербес білім беру мекемесін таңдай алады және қажет болған жағдайда оны өзгертуге болады. Жасөспірім психологиялық-педагогикалық көмекке, сөз бостандығына құқығы бар.

  • Жасөспірім отбасында белгілі бір құқықтарға ие.
  • Осылайша, 14 жастан бастап балалар өз ақшаларынбасқара алады және қажет болған жағдайда оларды банк шоттарына инвестициялауға болады.
  • 14 жастан бастап жұмысқа орналасуға құқығы бар. 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін жұмыс күні 5 сағаттан аспауы керек, ал 16-18 жас аралығы - 7 сағаттан аспауы керек.
  • Құқықтан басқа, жасөспірімде бірқатар міндеттер бар.
  • Қоғамдағы жасөспірімдердің міндеттері
  • Әрбір бала өз қоғамының заңға бағынатын азаматы болуы керек, яғни, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қылмыс жасамауға немесе құқық бұзушылық жасауға жол бермейді. Сондай-ақ, негізгі жалпы білім алу міндетті болып табылады.
  1. Кездесу қонағы заңгер Аймағамбетова Айнұр Құранияқызының сөзі.

Қорытынды. Пән мұғалімі Сейлханқызы Б. тақырыпты қорытындылап, кездесу қонағына алғыс білдірді.

Құрметті оқушылар! Заңды білейік, құқығымызды қорғайық, міндеттерімізді ұмытпайық. Болашақты жасаушы жастар, Қазақстанның дамуына үлес қосатын, еліміздің заңын құрмет тұтатын азамат боласыңдар деп сенеміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сейлханқызы Ботакөз

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым