Мазмұнға өту

Жасай бер, қыран елім, Қазақстан!

Ақнұр 2 мин оқу 49 оқылым

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Алимбетова А.Ж., Хайдарова А.Ж., аға тәлімгер Қасымхан Ұ.

25 қазан – ел тарихында алтын әріппен жазылған айтулы күн. Республика күні – ұлттық мереке.  Бұл күн -  қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Олай дейтініміз,  ұлттық құрылтайдың Ұлытауда өткен жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деген болатын.

Ұлттық мерекемізді ұлт ұрпағының жадында мәңгі сақтау әрі жаңғырту мақсатында №104 жалпы білім беретін мектепте Республика күні мерекесіне орай жоғары деңгейде түрлі іс-шаралар өткізілді.

Мектептің кіреберісінде «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеттері «Жасай бер, қыран елім, Қазақстан» тақырыбында ілінді. Мектеп дәлізінде оқушылар шығармашылығынан сурет көрмесі, қолөнер бұйымдарының көрмесі  және «қазақ дастарханы» бұрышы жасалды. Ұлттық мерекемізді ұлықтауда оқушыларымыз еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен қарайтына тағы бір мәрте куә болдық.

«Жасай бер,  қыран елім Қазақстан» тақырыбында мектептің мәжіліс залында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық әндер айтылып, ұлттық билер орындалып, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқылып, мереке қарсаңында өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шараға ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосты. Республика күні  ұлттық мерекемізді бүгінгі күні  шәкірттеріміз жүрегімен сезіне білді. Егемендік - елдің ең басты тұғыры, ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы.

Иә, Республика күні – ұлтымыздың ұлық мерекесі ғана емес, Президентіміз ұсынған Жаңа һәм Әділетті Қазақстанның берік бастауы. Ал оның қайнарында Егемендік декларациясы тұрғанын барша қазақстандық әрқашан жүрек төрінде сақтауы керек. Олай болса біз, 104 жалпы білім беретін мектеп ұжымы сіздерді ұлттық мерекеміз 25 қазан Республика күнімен құттықтаймыз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ақнұр

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

жастар мен заман

Күні: 15.02.2021жыл Тобы: Ұлан Тәрбиеші: А.Бекенова Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: Жастар мен заман Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу. Сабақтың түрі:…

Ақнұр 41 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин