Мазмұнға өту

ЖАС ЖҮРЕГІН ЕЛЖІРЕТКЕН ФИЛЬМ

Гүлім Оразхан 1 мин оқу 30 оқылым

Авторы: Оразхан Гүлім

31.01.24

«Жас жүрегін елжіреткен фильм»

Жас жүрегін елжіреткен фильм деп отырғаным — «Оян Қазақ» деректі фильмі. Бұлай деуімнің де өз себептері бар. 2023 жылы көгілдір экранға шыққан бұл фильм біраз адамның көз жасына себепші болды. Бәрін жылататындай, патриоттық сезімдері ашылатындай бұл қандай фильм деп, өзімде көріп қайттым. Кірер кезде жүзі шырайлы қыз, шыққан кезде бозарып шықты.

«Оян Қазақ» фильмі Міржақып Дулатұлының және басқа да зиялыларымыздың қазақ үшін төккен тері,көрген қиындықтары мен құрбан еткен жаны туралы анық көрсетілген. Қазағымның аштан қырылып жатқанын сипаттаған жерін, жайбарақат отырып жазу мүмкін емес. Отаршылдардың опасыздығы мен қазақтын қасіретін анық сипаттаған. Қазақ үшін шырылдаған Міржақып халқы мәңгүрттенбесін деп «Оян Қазақ» деп ұрандатқан. XIX ғасырдағы патша үкіметінің былықтарын әшкерелеген бұл фильм біраз адамның жүрегінде өшпестей із қалдырды.

Енді ең қызығын айтайын. Көгілдір экранға шығар шықпастан бұл фильмді көрсетілімдерден алып тастады. Кім? Қандай мақсатта?

Кім болса да қазақ оянып кетеді деп қорыққандар болар. Алайда, фильмді алып тастап тыныштандырамыз деп ойламаса да болады. Айта кетсем, әлеуметтік желіде қазақтар,олардың басым көпшілігі жастар қазақ тілі мен діні үшін көтеріліске шықпақшы. Бір жағынан олардың қазақ деп соққан жүректері үшін қуансам, ал енді бірі олардың тағдырын уайымдаймын.Демократиялық елде өмір сүрсек те жазықсыз темір торға кетіп жатқаны қаншама.Бір білерім, Міржақыптың «Көзің аш, Оян Қазақ,көтер басты» деген сөзінен оттай жанып отырған жастарды тоқтату қиын.

Айтқым келгені, бұл фильмнің құдіреттілігін көрген шығарсыз. Кез келген адамның жүрегін толқытады. Қандай жағдай болса да мен осындай фильмдерді қолдауға дайынмын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Гүлім Оразхан

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ЖАС ЖҮРЕГІН ЕЛЖІРЕТКЕН ФИЛЬМ

"Жас жүрегін елжіреткен фильм" Жас жүрегін елжіреткен фильм деп отырғаным - "Оян Қазақ" деректі фильмі. Бұлай деуімнің де өз себептері бар. 2023 жылы көгілдір экранға шыққан бұл фильм біраз адамның көз жасына себепші…

Гүлім Оразхан 39 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин