Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Жас Ұлан - ел болашағы!"

Тойшыбек Айдана Аманберлиқызы
3 мин оқу 25 оқылым

Тойшыбек Айдана Аманберлиқызы
Қосымша білім беру ұстазы
Балқаш қаласы, "Оқушылар сарайы" КМҚК

"Жас Ұлан - ел болашағы!"
"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Елбасымыз "Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру" керектігін атап өткені есімізде.

2011 жылдың 6 шілдесінде "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. Сол жылдың 26 тамыз күні "Жас Ұлан" ұйымының І құрылтайы өтті. Онда жаңа ұйымның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері сараланып, жұмыс жоспары қабылданды, сонымен бірге ресми нышандары бекітілді. Алғашқы күннен ұйымның мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру, сапалы білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, еліміздің тарихына, бүгінгісі мен болашағына жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу болып белгіленген болатын.

Осыған сәйкес жаңа ұйымның міндеттеріне еліміздің мәдениеті мен тарихын терең білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, қоғамдық және танымдық жұмыстарға ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту жүктелді.

Балқаш қаласында "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы 2011 жылдың желтоқсан айында алғашқы ұйымдасыру жиынын өткізді. Ұйымның ұйымдастыру орталығы қалалық  "Оқушылар сарайы" КМҚК болып ұйғарылды. Ұйымның құрылымына келер болсақ, оған мүше болудың екі деңгейі бар. Жоғарғы буынға 5-10 сынып «Жас Ұлан», ал "Жас Қыран" деп аталатын төменгі буынына 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар ұйымның жұмысына өз үлесін қосуға ниет білдірген басқа да балалар мен жасөспірімдер қабылданады. Қабылдау жылына үш рет жүргізіледі: 3 мамыр – Жас Ұландар күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» ұйымының құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. «Жас Ұлан»  балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.

Ұйым жұмысын қала мектептерінің аға тәлімгерлері бекітілген 7 бағыт «Зерде», «Руханият», «Салауат», «Жеті жарғы», «Отан», «Экоәлем», «Еңбек» бойынша басқарып жүргізеді. Сонымен қатар әрбір ұйымда өз Ұланбасшысы, ұйымның белсенді мүшелері аға тәлімгермен бірлесе жұмыс жүргізіп отырады.

«Ұланбасшы» - мектеп көшбасшысы, мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруына, мектеп оқушыларының қоғамдық жұмысына жетекшілік етеді. Ұйымға Ұланбасшыларды сайлау  әр оқу жылында  қыркүйектің 20 бастап қазан айының 10 аралығында өтеді. Сайлауда әр мектептен   үміткерлер өзінің ұсынылған бағдарламаларын тиянақты орындап, әр түрлі үгіт-насихат топтармен бірлесіп қорғап шығу қажет. Осы сайланған ұланбасшылар арасынан қалалық ұланбасшы сайланады. Қазіргі таңда "Жас Ұлан" ұйымының қатарында 5385, "Жас Қыран" қатарында 4088 оқушы бар.

Осы жылдар ішінде «Жас Ұлан» ұйымның үйлестірушісі ретінде бүгінде мектебінің мақтанышы, жүрген ортасының құрметтісі, ата-анасының қуанышы болып жүрген жас жеткіншектердің бар екендігіне және олардың аз еместігіне көзім толығымен жетті. Сондықтан, биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтейін деп отырған балалар мен жасөспірімдер ұйымы, оның ішінде Оқушылар сарайы жанындағы "Жас Ұлан" ұйымы өзінің құрылған күнінен бастап алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін толығымен жүзеге асырып, бүгінгі оқушы, ертеңгі күнгі қоғамымыздың беделді де белсенді мүшелерінің туған елінің нағыз жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар ұйым екендігін нақты істерімен дәлелдеп шықты дер едім. Өскелең ұрпағымыздың қазіргі мектеп қабырғасында, алдағы үлкен өмір жолында жетістіктерге жетуінде "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының алатын орны айрықша деп нық сеніммен айта аламын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тойшыбек Айдана Аманберлиқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым