Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ЖАС ҒАЛЫМДАР СЫНҒА ТҮСТІ

Bilimger Media
2 мин оқу 27 оқылым

Жас ғалымдар сынға түсті

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы № 34 жалпы білім беретін мектепте 2-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жоба байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты - балалардың зерттеу дағдыларын дамыту және бастауыш, орта және жоғары жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Байқаудың негізгі міндеттері - ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту проблемаларына қоғам назарын аудару, жеңімпаздарына аудандық байқауға жолдама беру болды. Бұл ұйымдастырылған мектепішілік байқауға 11 жұмыс іріктеліп алынды.

Сарапшылар жоба жұмыстарының ғылыми жаңалығына, қойылған міндеттердің шешімділігіне, материалдардың толықтығымен логикалық байланысына, алынған нәтижелердің теориялық маңызына және ғылыми жұмыс әдіснамасының тиімділігі мен ғылымы жобаға қойылатын талаптардың сақталуына аса мән берді.

Тартысты да қызық өткен байқауда жас ғалымдар өз жобаларын қорғап шықты. Байқау нәтижесінде 3 «Б» сынып оқушысы Г.Кузенбаева (жетешісі Б.Ермахамбетова) «Тұздың құпиясы» жобасымен «Жас ғалым» номинациясының иегері атанса, жүлделі ІІІ орынды 6 «Ә» сынып оқушысы Оралбай Нұрислам (жетекшісі Қ.Карабашева) «Влияние мультфильмов на речь» жобасымен, 10 «А» сынып оқушысы Утеулиева Аружан (жетекшісі Тәңірбергенов А) «Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер тарихы» жобасымен және 10 «Ә» сынып оқушысы Нұрқабыл Сабина (жетекшісі М.Қалила) «Фильмдер арқылы ағылшын тілін меңгеру» жобасымен жеңіп алды. Байқауда жүлделі ІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Ерқожа Зарина (жетекшісі Г.Утабаева) «Математика біздің өмірімізде» жобасымен және 7 «А» сынып оқушысы Рахым Айназ (жетекшісі М.Мырзаева) «Мектеп борының сырлары» жобасымен жеңіп алды. Ал І орынды командалық құрамда «физика,техника, жер және ғарыш туралы ғылымдар» бағыты бойынша қатысқан 11 сынып оқушылары (жетекшісі Жайлыбаева А) «Электр тогын үнемдеу» жобасымен жеңіп алды. Командалық құрамда бітіруші сыныптың оқушылары Кузенбаев Нұрислам және Сағилаш Темірлан болы.

Жеңімпаздар мектеп директорының арнайы дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Жас ғалымдарға алдағы уақытта болатын байқауларда сәттілік тілейміз. Сондай-ақ, жас ғалымдардың жобаларына жетекшілік жасаған ұстаздарға мектеп әкімшілігінің атынан алғыс білдіреміз.

Юсуп Давлатов

Мектеп директорының бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

 

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым