Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ – БҮГІНГІ ЖАС МАМАН»

Джакубаева Улжанат Авелкановна
5 мин оқу 303 оқылым

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ – БҮГІНГІ ЖАС МАМАН»

Джакубаева У. А.

Алматы облысы Талдықорған қаласы

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі»

ulzhanat.17.11.74@mail.ru

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Қатысушылар : жас мамандар

Құрметті жас мамандар, әріптестер, бүгін сіздермен ұйымдастырылып отырған психологиялық тренингке ұйымшылдықпен қатысуларыңызды сұраймыз. Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.

Жоспары:

«Танысу» жаттығуы

«Мұғалім болу ...» жаттығуы

«Келісу керек» ойын-жаттығуы

«Өзіңді білгің келсе ...» жаттығуы

Сұрақ менен, жауап сізден

Жас мамандарға психологиялық кеңестер

Қорытындылау.

«Танысу» жаттығуы

Әрбір тренинг қатысушылары өз есімдерін айтады және қойылу тарихын баяндайды. Алдыда отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін айтып шығады.

мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды.

«Мұғалім болу ...» жаттығуы

Тренингке қатысушы жас педагогтар бүгінгі тренингімізді «Мұғалім болу ...» жаттығуын жүргізейік. Әрбіріңіз осы мұғалім болудағы мақсаттарыңыз, бұл мамандықты не үшін таңдағандарыңызды осы фразаны жалғастыру арқылы бір сөзбен жеткізіңіздер.

  1. «Келісу керек» ойын жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез-келген жерден шыға білу. Яғни ым-ишара арқылы бірін-бірі түсіну, жест, мимика арқылы вербалды емес қарым-қатынас орнату.

Нұсқауы: қатысушылар 2 топқа бөлінеді.

Жүргізуші топ басшыларына 1 минут ішінде бірнеше сөз оқиды. Бұл жерде топ басшысы өз тобына ым-ишара арқылы жеткізуі керек. Қай топ көп сөз тапты, сол команда жеңіске жетеді. Әр сөз 5 ұпаймен есептелінеді. (I топқа– көзілдірік, дәрігер, жол, коньки, кітапхана, үй, футбол, әке, ұялы телефон, қуану).(II топқа - аспаз, балық, сыйлық, суретші, мүсін, домбыра, көбелек, компьютер, денсаулық, мектеп).

  1. «Өзіңді білгің келсе...» жаттығуы

Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.

Егер күн дәл ортасына – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты

Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам;

Үй – суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш – біреу болса, өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөліп, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құштар;

Қапшық қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса, бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, тік тұрса еңбекқор адам:

Жол – үйге жақын жатса — жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам;

Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ щақырғанды ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.

Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыста.

Жылан – үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.

  1. Сұрақ менен, жауап сізден
  2. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлалады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», — деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?
  3. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай амал қолданасыз?
  4. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кіналады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңыды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
  5. Сіз үйге тапсыра бардіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінд, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз, оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалукерек пе?
  6. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрыса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
  7. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиынды келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?

Жас мамандарға психологиялық кеңес

  1. Оптимист болыңыздар!
  2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер;
  3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз;

4.Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;

5.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;

6.Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;

7.Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдық танытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;

8.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;

9.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;

10.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;

11.Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;

12.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;

13.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;

14.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;

15.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;

16.Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;

  1. Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.

«Кері байланыс» Тренингті қорытындылау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Джакубаева Улжанат Авелкановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Психология

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ – БҮГІНГІ ЖАС МАМАН»

Жас мамандарға арналған тренингте танысу, мұғалімдік мамандық туралы ой бөлісу және ым-ишара арқылы қарым-қатынас орнату жаттығулары ұсынылған.

Джакубаева Улжанат Авелкановна 5 мин 343 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым