Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жарасымды қарым-қатынас

Зейнгереева Айгул Хайыржановна
3 мин оқу 328 оқылым

Тақырыбы:Жарасымды қарым- қатынас
Мақсаты:Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға, коммуникативті дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс.
- Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.
- Бірлесе ынтымақтасу мен әрекет ету іскерлігін дамыту.
Қолданылатын әдістер: арт терапия
Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Тренинг бағдарламасы:
1. Жаттығу «Бір-бірімізбен»
2. Жаттығу «Күн жаттығуы»
3. Жаттығу «Өз ойымнан бір бейне»
4. Жаттығу«Суретті бірлесе салайық»
5. Жаттығу «Көңілді шарлар»
6. «Достық үйі»
7. «Пирамида»

Жүру барысы:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күнмізге сәттілік!
2. «Бір-бірімізбен». Шеңберде тұрып, 1,2 –ге бөліну, ішкі және сыртқы шеңбермен айналу. Қазір біз тез қимылдауды қажет тұтатын қызықты ойын ойнаймыз. Қане тез жұп таңдап алып қолынан ұстаймыз. Енді, айтылған дене мүшелерімен тез амандасамыз. «Бір-бірімізбен» деген кезде жұптарыңызды тез алмастыру керексіңдер.
-Алақан мен алақан!
-өкше мен, өкше!
Бір-бірімізбен /орын ауыстырамыз/
- Иық пен иық
- Арқа мен арқа
Бір-бірімізбен /орын ауыстырамыз/
Шынтақ пен шынтақ
Тізе мен тізе
Бір-бірімізбен /орын ауыстырамыз/
Оң қол мен оң қол
Саусақтар мен саусақтар

3. Сұрақтар қойып бір-бірімізбен сұхбаттасамыз, қол шапалақтағанда орын ауыстырамыз.
1. Хоббиің не немесе айналысатын сүйікті ісің?
2. Сыныптастар бірігіп фильмге барар едіңіз?
3. Қандай музыка ұнайды?
4. Бірлескен командалық жұмыстан кейін қалай күш жинар едіңіз?
5. Қандайкомандалықойындарұнайды? (футбол, баскетбол)
1. «Күн сәулесі» жаттығуы
Алдарыңызда берілген қағаз бетіндегі шеңберге өз есімімізді жазамыз, егер есіміңді басқа есіммен ауыстырып жазғыңыз келесе, ол есімді де қасына жазуыңызға болады. Енді, осы шеңберге сәуле тараған сызықшаларын салып бір-біріңізге бересіз, сыныптасыңның қандай қасиеті сізге ұнайды соны жазады. Осы парақ барлық сыныптағы оқушыларға беріліп иесіне келгенше жағымды қасиеттерін жазып шығамыз.
Ал, енді кім оқып мені сыныптастарым осылай бағалапты деп айтып шығады?

«Өз ойымнан бір бейне» жаттығуы
Бұл жаттығуда берілетін тапсырма: алғаш ойыңызға келген бір суретті бейнелеп салыңыз. Енді осыны көршіңізбен бөлісіңіз. Қарап болсаңыз сызып тастаңыз. Енді қайтып иесіне беріңіз. Сызылған сызатты білдірмейтіндей етіп қайта бейнелеп көріңіз.
- Сызып жатқанда қандай күйде болдыңыз?
- Түскен сызат кеттіме?
Ашу үстінде немесе ренжіген сәттерде ойланбастан көңілге қаяу келетін, жүрекке сызат түсіретін сөздер айтып қалатын уақыттар болады. Ол сөз өшпей жадымызда қалады. Сол себепті бір-бірімізді ренжітпей сабырлық, әдептілік сақтайық.

8. «Суретті бірлесе салайық»
Екі түсті екі жұп таңдайды, саусақпен ақылдаспай әрқайсы өз ойларынан сурет құрастырады.

9. Жаттығу «Көңілді шарлар»
Қолдарынан ұстап шеңбер құрады, ортаға шар жіберіледі осы шарды түсірмей қолмен қағу, екінші шар жіберіледі оны баспен қағу ұсынылады.
Әр берілген тапсырманы бірлікпен, ынтымақтастықпен орындау ұйымшылдықтарын көрсету.

10. «Достық үйі» сурет құрастыру жаттығуы
Қобдишадан әр оқушы қима-қағаздар суырып алады. Онда берілген тапсырмалар:
1. Суретте ортада тұрған, әдемі «Достық» үй бейнеленген.
2. Парақтың жоғарғы жағында таулар бейнеленген
3. Аспан ашық, күн жарқырап сәуле шашылғаны бейнеленген.
4. Үйдің оң жағында балалар ойнайтын алаң бар, алаңда түрлі жаттығу құралдары тұр.
5. Терезе алдында бөлме гүлдері тұр.
6. Таулардың оң жағында ағаштардың суреттері салынған.
7. Таудан бұлақтар ағуда.
8. Есіктері оюлармен әшекейленген.
9. Парақтың төменгі жағында жасыл желек бейнеленген.
10. Үй алдында жайқалған гүлдер бейнеленген.
11. Демалып отыруға арналған отырғыштар тұр.
12. Есік алдында балалар ойнап жүр.
13. Құстар қалқып ұшып жүр.
14. Оң жақтың шеткі бөлігінде шағын спорттық кешен тұр.
15. Спорттық кешеннің екі есігі бар
16. Үйдің алдында жайқала өскен ағаштар
17. Таудың басында қар жатыр.
18. Сыныбыңызбен қандай іс пен шұғылданудасыңдар, өздерің тауып салыңдар
19. Қосымша өз ойларыңнан не жетіспеді соны салыңыз
Қорытынды. «Достық пирамидасы.»
Рефлексия Бүгінгі сабақтан өздеріңе өмірлік сабақ алдыңыздар ма?
Өмірге қажетті білім алсаңыздар бір –екі сөйлемен өз ойларыңызды айттыздар.
Енді бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілеп, сабағымызды мақтау айтумен аяқтайық. Бәріміз қолдарымызбен достық, сыйластық, сүйіспеншілік пирамидасын құрайық. Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Әрдайым жылы шырайлы қарым-қатынаста болайық. Арамыз ешқашан суымасын. Әрқашан біз біргеміз, қандай сыныппыз?...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Зейнгереева Айгул Хайыржановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым