Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жақсы көңіл-күй сыйлайын

Автор

Шадиярова Айымжан Сансызбайқызы
2 мин оқу 97 оқылым

Тренинг. Жаксы көңіл күй сыйлайын.

Балабақшаның педогог қызметкерлеріне арналған психалогиялық тренинг.
Балабақшамызда педагогтер мен жұмысшы қызметкерлерге арналған «Жақсы көңіл-күй сыйлайын» атты психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: Балабақшадағы педогог, қызметкерлердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру. Өздеріне құрметпен қарау.Ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату арқылы адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, көңілді, мейірімді ұйымшыл болуға баулу.
Барысы: Қадірлі әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырымын.
Қазіргі заманда ұстаз, тәрбиешіден құрметті маман жоқ. Бұл қиында қызықты мамандық. Ал, қазіргі заман талабына лайықты,білімді, ғылыми жаңашылдықты, өнер мен саясатты білетін ұстаз, бұл- «шебер ұстаз» делінеді.
1. «Танысу жаттығуы» Ойынға қатысушы амандасу ретінде бір-бірінің көңіл-күйлерін сұрайды. Жаттығуғу қатысушылар өз есімдерімен таныстады. Есімдерінің қойылу тарихын әнгімелеп береді.

2. Жаттығуға қатысушыларға тест жүргізіледі. «Сіз мейірімді адамсыз ба»?
Мақсаты: Әркім-ақ өзін «кеңпейілді», «мейірімді адаммын»- деп, есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді. Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емес пе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне мәселе осында. Қазір сіздің қаншалықты мейрімді екеніңізді байқап көрелік. Берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріңіз.

3. Психолог: Тест ұсынады. «Қандай ағашты таңдайсыз»?
Мақсаты: Әркім өзінің қандай екенін білу үшін
Барысы: Суреттегі ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік санына қараңыз. Егерде суреттегі ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы психалогикалық тест жауабымен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

4. 1) Ойлануға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Бір-бірімізді жақын тану үшін бір-бірімізді көзіміз арқылы сипаттау.
Барысы: Ойынға қатысушылар екі жұптан бөлінеді. Екі жұп бір-бірінің көз жанарына үңіліп қарау арқылы бір-бірін сипаттайды.
Мысалы: Айгүл сенің көзің күлімдеп тұр. Айнұр сенің көзің ойлы көз,- деген мағнада,
2) Ойлануға арналған жаттығудың екінші бөлімінде ойынға қатысушы екі жұп бір-біріне қарап отырып, бірінші жұп қарсы жұптың бес жасындағы кезін сипаттайды. Екінші жұп болса қарсы жұптың он жасында қандай болғанын сипаттайды. Әр адам ойлау арқылы қарсы жұп туралы жүйеле сипаттап айтады. Дұрыс айтылса, ия «дұрыс» деп, қате айтылса «дұрыс емес», мен мынадай болдым деп өзі айтып шығуы қажет.
5. Сергіту жаттығуы. «Орындарымен ауыстыру»
Ойынға қатысушылар шеңберге тұрады. Содан соң туған айларына қарай орындарын ауыстырады. Әрі қарай да солай жалғастырады
Ойын жәй ғана саз әуенімен орындалады. Екі-үш рет ойналады.
6. Психолог сөзі. «Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» демекші, жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға себебін тигізеді. Әрбір айтылған жылы сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан да қолдан келгенше бір-біріне жылы сөздер айтқан дұрыс. Олай болса бір-бірімізге тілек тілейік. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне сағаттың тілінің бағыты бойынша жүрекшені ұсына отырып, кезекпен достық тілектерін білдіреді.
Ойын тренингіне қатысқаныңыз үшін рахмет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шадиярова Айымжан Сансызбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин