Мазмұнға өту

Жаңғыру жолындағы жас маманның рөлі

Жусупова Фарида Куанышовна 5 мин оқу 29 оқылым

«Жаңғыру жолындағы жас маманның рөлі»

Жусупова Фарида Куанышовна

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев барша қазақстандықтарға еліміздің үшінші жаңғыруын жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеді. Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне айналуы тиіс жарқын болашаққа біз «Қазақстан-2050 Стратегиясы» мен 100 нақты қадамнан тұратын ұлт жоспарының негізінде аяқ басуға тиіспіз. Осылайша, биылғы Жолдауда міндетті жүзеге асыруда бес басым бағыт айқындалды. Ұлттық жаңғыру дегеніміз –ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты-ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді»,-дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз.Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз қажет.Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу- Елбасының асыл арманы. Бұл мемлекет басшысының жастарға яғни, біздерге сеніп, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.

Рухани жаңғыру-бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі,ана-тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға арналған. Өйткені болашақ- жастардың қолында.Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы.Мәңгіліклік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың рөлі ерекше.Соның бір айқын дәлелі – мұғалім.

«Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап келе жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады.»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын.

Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру» бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады.

«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді.Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді.Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Шәкірттердің әрбір еңбегіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру ұстаз үшін үлкен бақыт.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібінін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Адам бойындағы сүйіспеншілік сезім Отанға, туған жерге, өзінің туған халқына деген қасиетті ұғымдармен сабақтасып жатады.Өзің өмір сүріп отырған қоғамның белді бір мүшесі ретінде осы бір маңызды ұстанымдарды жаныңа серік, көңіліңе медеу, болашағыңа бағдар жол ретінде бағалауға ұмтылу заңды құбылыс. Оған бастар бағыт, сілкініс туғызыр серпіліс, даңғыл жол қажет екендігі де талас тудырмайды. Ал, осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары- қазақстандық арманға бастайтын жол» деген түйінді тұжырымдамасы жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың асыл арманының жүзеге асуына сара жол ашатын мемелекеттік бағдарлама екені сөзсіз.

Оқу мен тәрбие егіз ұғым Оларды бір- бірінен бөліп қарауға болмайды.Ұлы ғұлама әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», дейді. Ал, «тәртіптің ең тамаша мектебі отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дейді дана халқымыз.

Иә, ұрпақ тәрбиесі ел ертеңінің болашағы, оған аса зор жауапкершілікпен қарау әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе », деп заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай,кез келген оқушының дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар рөлі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тілі болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы –ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық, құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалық мақала.

Қорыта келгенде, жаңғыру жолындағы жас маманның атқарар рөлі, бұл елбасымыздың жастарға, жас мамандарға, яғни біздерге нық сеніммен қарап отырғаны сөзсіз. Енді осы сенімді қолға алып, әрі қарай еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне зор үлес қосуымыз қажет. Осылайша барлығымыз ерінбей еңбек етсек, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына косыларымыз хақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жусупова Фарида Куанышовна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин