Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңашылдық – заман талабы

Жолдасбаева Әсел Бахитқызы
3 мин оқу 340 оқылым

Жолдасбаева Әсел Бахитқызы
Ақтөбе қаласы, Сазды орта мектебі
Директордың орынбасары


«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп, талай ғасыр бұрын Платон бекер айтпаса керек. Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәріненде маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар. Дәр қазіргі жағдайда біз қайда барамыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтір тұр деген сұрақтарға жауап беру қиындап барады..Ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы оның білімді де, іскер, талантты да, мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттері бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтардың қолында. Ал мұндай ұрпақ тәрбиеші мен ата-ананың ортақ тәрбиесінің нәтижесі арқылы ғана қалыптасады.

Отбасыдағы әке мен шешенің жүріс-тұрысы, мәдени деңгейі бала үшін ең тамаша көрнекі әрі тиімді тәрбие тәсілі екенін ата-аналар әрдайым есете ұстаса жөн болар еді. Балаға «ананы істе», «мынаны істе», «олай жасама» дегеннен гөрі, өзін үлгілі жағынан көрсете біліп, баланы еңбекке баулу арқылы жемісті тәрбиеге қол жеткізуге болады.
Ұл әкесіне, қыз шешесіне қарап бой түзейді. өйткені бала ересектерге қарап еліктейді, көп нәрсені – жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, бәрін қайталайды.Осы ретте бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне келер болсақ, көптеген балалар мен жасөспірімдер өз ата-аналарының жауапсыздығы мен немқұрайлылығының құрбаны болуда. Нәтижесінде ашылмаған жас бүршік гүлденбей солып қалады. Осыдан – ақ жанұядағы бала тәрбиесінің бейнесін көруге болады. Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды.

Бала өскен сайын әурешілігі де көбейе түседі. Яғни, баланы әлі бала ждеп қарамай ертерек тәрбие беруді қолға алған жөн. «Тәрбие – отбасынан басталады» демекші баланың отбасынан көрген – білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Ата-ана баласына көбірек көңіл бөлмесе, таңртеңнен кешке дейін теледидардың алдында отырған өскіншек керектіні де, керексізді де өзінің бойына талғамсыз сіңіре береді. Нәтижесінде бала психикалық ауытқушылыққа ұрынуы да мүмкін. Балалар ата-аналарынан гөрі өз заманына ұқсайды деген сөз бар. Ата-аналар балаларының қай заманда өсіп жатқанын ескермейді, бала тәрбиесі назардан тыс қалып жатады. Бүгінгі күнде күнкөріс қамы бірінші кезекке шықты, балаға әр күні ең болмағанда 2-3 сағат көңіл бөлу жөн.

Бала тәрбиесіндегі тағы бір үлкен жайт- үйде күтуші ұстау. Күтушінің барлығы мұғалім емес. Сол себепті жаңадан өсіп келе жатқан бала күтушінің бойындағы қылықтарды, әдеттерді өзінің бойына жинақтайды. Егер басқа ұлт өкілі болса, жағдай тіпті қиын. Сосын мектепке баруға 1-2 жыл қалғанда ата-ана баласын балабақшаға алып келеді. «Қазақ мектебіне берейік деп едік, қазақша үйренсін» дейді. Ол туғанынан басқа тілде сөйлесе, ұлттық тәрбие бойына сіңірілмесе, бізге оны ары қарай түзеу қиынға түседі. Сол үшін де баланың игі тәрбиесі ана құрсағынан басталады.

Анасы баласымен сөйлесіп, қазақтың әдемі әуендерін тыңдап, қазақша жақсы шығармалар оқуы керек. Сәби өмірге келгесін, бесік жырын тыңдауы керек. Сонда ұлттық тәрбие баланың бойына ананың сүтімен дариды.Ұрпағымыздың бойында ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халқының салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін азаматты қалыптастырамыз. Қорытындылай келе, қазақтың ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзімен айтсақ «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» - деген. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар, мұғалімдер қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Соңғы жаңарту: 9 ақпан 2026, 10:45

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жолдасбаева Әсел Бахитқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым