Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңашыл ұстаз - заман талабы.

Жанар
2 мин оқу 440 оқылым

Жаңашыл ұстаз - заман талабы.

Қазір заман ағымына байланысты жоғары білім алудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олардың бәрін бірдей тиімсіз деп жоққа шығаруға болмайды. Соның бірі ретінде осы қашықтықтан білім берудің жүйесін айтуға болады. Бұл өзі ақпараттық технологияның дамуымен бірге пайда болып отырған дүние. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. Айта кету керек, қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары. Ақпараттық, сандық технологиясы дамыған елдерде бұндай білім берудің формасы әлдеқашан бірізділікке түскен. Әрине, қашықтықтан оқытудың жақсы жақтары- қашықтықтан білім алу көбіне білімін жетілдіргісі келетіндер мен жұмысы тығыз адамдарға өте тиімді дер едім. Өйткені, мұнда білімді атқарып жүрген жұмысыңнан қол үзбестен қатар ала аласың немесе толықтыра аласың. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қоғамда мықты, білігі жоғары, жаңашыл ұстаздардың болуы – өмір талабы. Жас ұрпақты оқытуда, оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылулықпен бере білу де аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі.
Қазіргі таңда білім саласында үнемі өзгерістер болып жатыр. Сол өзгерістерді енгізіп, көштен қалмай бірге жүруге тура келеді. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үдерісіне енгізудің маңызы ерекше. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Осы мақсатта Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының №23 орта мектептің мұғалімдері стандартқа сәйкес сабақтар өтіп, интернет платформаларын пайдаланып, оқушылардан WhatsApp, Telegram желілері арқылы кері байланыс орнатып отыр. Сондай – ақ, “Балапан” және “Ел Арна” телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытында көрсетіп жатқан интернет платформасының сабақтары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Атап айтқан цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақтарды, бұрын талқыланған тақырыптарды қайта қарауға, сондай-ақ қашықтық сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Сапасы жақсы, бәрі түсінікті дайындалған.
Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов атамыз былай деген екен: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы….». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаздың бейімділігінде.
Ал жаңашыл ұстаз қандай болмақ деген сұраққа жауап іздеп көрсеңіз, оны былай көрсете аламыз:
Мұғалім – рухани демеуші, мұғалім – программист, мұғалім – зерттеуші, мұғалім – эксперт, мұғалім – режиссер, мұғалім – тіл партнеры. Міне, осындай икемдігі бар ұстаз – жаңа заманның айнасы. Осыған орай Жаңаөзен қаласы, №23 орта мектеп те төтенше жағдай кезеңінде қашықтан білім беруге көшіп, үздіксіз білім беруді қамтамасыз етуде жүйелі, жоспарлы мектептің білікті ұстаздары да жағдайға бейімделп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. Ұстаздарға қиын да қызықты жұмыстарына сәттілік!

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№23 орта мектептің бейіндік әдіскері
Куанышбекова Жанар Дауитбековна

Соңғы жаңарту: 13 сәуір 2026, 00:25

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Методика проведения подвижной игры для младшего дошкольного возраста.

Материалда кіші жастағы балаларға арналған қимылды ойындарды таңдау және өткізу жолдары, балаларды алдын ала дайындау мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру тәсілдері сипатталады.

Жанар 4 мин 49 оқылым
Қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» мен «Маса» жинақтарындағы ағартушылық ойлар, халықты білімге, еңбекке және адамгершілікке шақыруы сөз болады.

Жанар 6 мин 91 оқылым
Жалпы рубрика

«Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

Сынып сағатында қыз баланың әдептілігі, инабаттылығы мен ұлттық тәрбиесі сөз болады. Материалда мақсат, көрнекілік және қыздарға арналған кеңестер қамтылған.

Жанар 3 мин 85 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым