Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңашыл мектеп, жаңашыл мұғалім

Пірімбетова Салиха
2 мин оқу 991 оқылым

Пірімбетова Салиха

Баланың ынтасын арттыру үшін,
оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек.

Ж.Аймауытов.

Мен осы уақытқа дейін елімізде білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын  көп байқамаппын.Педагогикалық шеберлік орталығында мұғалімдердің  біліктілігін арттыру курсында оқып ,мектепке яғни білім беру саласындағы болатын өзгерістерді оқып танысқаннан кейін болашақта үлкен жетістіктерге жететінімізге көзім жеткендей болды. Себебі мектептегі тәжірибе кезеңінде мектепті дамыту жоспарын жасап жүзеге асыру барысында біршама жұмыстар атқардық. Шеберлік орталығында бізді оқытып, тәжірибе жинақтауымызға көп енбек сіңірген тренеріміздің   арқасындамектебімізде енгзілген өзгерістерді қиналмай жүзеге асырдық десем болады. Әрине бірден білім беруде өзгеріс енгізе салу оңай шаруа емес ,олүшін алда көп жұмыстар атқаруымыз керек. Мен мектебімде шығармашылық топ құрып оған шебер мұғалімдермен ,1-2 денгейлі бағдарламаны аяқтаған мұғалімдерді қостым. Мектеп мұғалімдері толықтай оқыта отырып ,сындарлы оқытуға білім беруге көшіруіміз қажет деп ойлаймын. Мұғалімдергесыныпта топтық жұмысты жүргізуді,сыни тұрғыдан ойлануды, диалогтік оқытуды, АКТ ны сабақта пайдалануды, толықтай меңгертуіміз қажет.Міне осындай әдістер арқылы берілген білім       ғана ,сыни ойлай алатын, проблеманы өздігінен шеше алатын, шығармашылық ойлауы қалыптасқаноқушыны қалыптастырары хақ.Оған менің мектептегі тәжірибие кезенінде көзім толық жетті.Өзім сабақ  беретін 4-ші сыныпқа топтық жұмыс жүргізе отырып ,БЛУМ таксономиясы арқылы сабақ өткенде,қойылған сұрақтарға жауап беруде сыныптың ең жақсы оқушыларының өзі қиналып қалды.Дегенмен оқушылардың топта жұмыс істеуге қызығушылығы артып, сыни ойлау қабілеті, шығармашылық қабілеті арта түскенін байқадым.Барлық мұғалімдер сындарлы білім беруге көше отырып,диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс жүргізу және сабақта оқытудың интер белсенді әдістерді пайдалансақ оқушы білім сапасы артып,мұғалім беделі артады деп ойлаймын.Әрине білім берудің басты мақсаты адам өмірде үздіксіз оқып үйренуі керек, сол үшінмектепте өздері оқып, өздері ізденіп, өмірде пайдалануға тәрбиелеуіміз қажет. Білім беру бағдарламасының жаңаруы әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауатты тұлға қалыптастыру жаңашыл мектептің басты міндеті  екенін түсіне отырып, алда талай шығармашылық  жұмыстардың тұрғанын  сезіне бастадым .Дегенмен, алдағы өмір талабы осылай екенін біліп ,сезіну мен үшін  алда асулардың  қиындығы мен қызы мол болады деп ойлар мазалайды ...

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Пірімбетова Салиха

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым