Мазмұнға өту

Жаңартылған білім мазмұнындағы география пәнінің ерекшеліктері

Ертуганова Макпал Абылаевна 3 мин оқу 33 оқылым

Ертуганова Макпал Абылаевна ЖШС "Интердент" Жоғары медициналық колледж

Жаңартылған білім мазмұнындағы география пәнінің ерекшеліктері

«Ұстаздың білімі   ойлана қарасаң биіктей береді, үңіліп қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», - деп Сократ айтқан сөз соның дәлелі іспетті. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критерии алды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл бағалау жүйесі баланы жан-жақты ізденіске ынталандырады, болашаққа жетелейді, өздігінен білім алуға үйретеді.

Жаңартылған білім бағдарламасы – бұл уақыт талап етіп отырған қажеттілік. Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазіргі заманғы білім жүйесінің міндеті – интеллектуалды, өмір бойы оқуға дайын, жылдам өзгеретін қоғамға бейім ұрпақты тәрбиелеу.

География пәніндегі жаңартылған білім бағдарламасы пәннің негізгі ерекшеліктеріне байланысты берілген. Егер бұрын география жаңа жерлерді, елдерді, оларды зерттеуге қатысты мәліметтерді оқытса, қазір адамдардың қоршаған ортаны тиімді пайдалануы, экожүйенің тұтастығы, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту, пайдалы қазбаларды сақтау жолдарын табу, табиғатта болып жатырған процестерді, әлемдегі саяси, демографиялық, экономикалық өзгерістерді  зерттеуге бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральды түрде  берілуі. Спиралды құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Бұл  білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын қарапайым бақылауға, тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне бағытталған.

Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін,  дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім мазмұнындағы критериалды бағалау жүйесі  қалыптастырушы және жиынтық бағалау мен ерекшеленеді. География сабағындағы қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және  осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық  бағалау мақсатты баға қою немесе оқытудың алға  жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.  Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейі мен және бағалау  критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады.

География сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына көмектесетінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.  Берілетін тапсырма Блум таксономиясы бойынша сол ойлау деңгейінен асып кетпеуі шарт. Оқу мақсаты қолдану деңгейінде  болса,  одан жоғарғы талдау, жинақтау, бағалау бойынша тапсырмалар берілмейді.  Бағалау критерийі де  оқу мақсатымен тығыз байланысты. Бағалау критерийі дегеніміз — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері  өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме. Одан кейін тапсырма құрастырамыз. Бағалау критерийінен дескрипторлар  беріледі, яғни критерийді қадам бойынша ашамыз. Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы  орындағанын бағалайтын тұжырым. Тапсырманы әр оқушы дескрипторларға қарай отырып, өз деңгейінде орындайтын болады. Тапсырманы орындаған соң оқушылароның сапасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағымды жақтарына тоқталады және оны жақсарту туралы ұсыныстар жасайды.  Кері байланыс жауап берген оқушыларға пайдалы болып, оларды ынталандыруы және қанаттандыруы керек. Мұнда бұл оқушылардан кері байланысты қалай қабылдағандығы туралы сұраған орынды: кері байланысқа қайта кері байланыс жасату. Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік арқылы қалыптастырушы бағалауды  сабақта қолданса, табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқушының да пәнге деген қызығушылығы артады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үдерісінде үздіксізжүргізіледі, бұл бағалау оқушы қатесін түзетуге мүмкіншілік беріледі.   Джон Хэтти зерттеулеріне  сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек екені  ескерілсе, оқыту нәтижелі болады.

География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұмысты талапетеді, оқушылардың деректерді жинауы, оларды сараптау, салыстыру, маңыздылығын бағалау, басқа пәндермен байланыстыру оқушы үшін ерекше қызық. Оқушылар  оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер, ғаламтор ақпараттарын пайдалану арқылы бір-бірімен білім алмасып  бір-бірінің оқуының ілгерлеуіне ықпал етеді. Педагог –жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жайғана шеберлік емес, ол жаңадан

жаңаны табатын өнер» дегендей, сабақты өткізуде белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы

оқушы уәжін арттыруды; мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс орнатуды; оқу жетістігін критериалды жүйеа рқылы бағалауды да ескеруі қажет.         Нәтижесінде білімалушылар өзара ынтымақтастықта жұппен, топпен жұмыс істеуге; өз ойларын еркін жеткізуге; өзін-өзі және серіктестерін бағалауды жүзеге асыруға; бір-бірінтыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға дағдыланады.

Геграфия пәнінің оқытушысы:

Ертуганова Макпал Абылаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ертуганова Макпал Абылаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин