Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ — МАЗМҰНЫ

Байхазан Алмагул
3 мин оқу 60 оқылым

Жаңартылған білім — қазіргі заман талабы. Осы жаңартылған білім арқылы біз көптеген жетістікке жете аламыз. Бұл біздің болашаққа жоғары білімді ел болу үшін, жасаған қадамдарымыздың бірі. ХХI ғасыр — ақпараттар мен технологиялар заманы. Бұл заманда көп, терең білім алған адамдар сұранысқа ие. Бұрынғы заманда хат таныса сауатты деп танылды, қазір «сауаттылық» тек хат тану емес, жан-жақты терең білімнің иесі болу. “Болашақ жастардың қолында”- демекші, мемлекетіміз мықты болу үшін, мектеп қабырғасында оқып жүрген жас ұрпақты жаңа өмірге бейімдеп шығару бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының басты талабы болып отыр. Менің ойымша жаңартылған білімнің зиянынан, пайдасы көп.Қазір қоғам бұл білім мазмұнына толық үйренгенше, әртүрлі пікірлерге бөлінуде. Жаңалық басында қиындық туғызса да, болашақта жеміс әкелетіні анық. “Білім-инемен құдық қазғандай”, — білім алу үшін үнемі тың ізденістер керек, жаңа сүрлеу қажет. Қазіргі заманға сай білім алуға, барлық жағдай жасалған.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа жолдауында білім берудің жаңа сапасына айырықша мән берген. «Білім берудің жаңартылған мазмұнға көшуі- мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар,стандарттар және кадрлар. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты»- деп, алдымызға жаңа міндеттер жүктейді.

Жаңартылған білім мазмұнының ең басты ерекшелігі -бірінші сыныптан бастап балалардың үш тілде оқулары. «Біреулеріне бір-ақ тілде оқу қиындау болса, енді үш тілді де жетік меңгерулері керек. Олардың кішкентай ғана бастарына осынша көп мәлімет алып, қалай әсер ететіні беймәлім»- деген пікірлерге менің уәжім бар. Бала кішкентай кезінде, жұмсақ ақ мақта сияқты. Олар барлық нәрсені жылдам қабылдап, сіңіруге дайын тұрады. Соның ішінде олардың тіл үйренуге бейімділігі өте басым келеді екен. Міне сондықтан да осы кезеңді сәтті ұйымдастыру жаңартылған білім жүйесінде қарастырылған.

Жаңартылған білімде балаларға баға қойылмайды. Олар тек қана әрбір тесттен кейін қорытынды бағаларын алады. Меніңше, бұл өте дұрыс, себебі, бала әр күн сайын мектепте қандай баға аламын деген қорқыныш сезімімен келеді. Ал қазір оларды батылдық пайда болды. Апай күнделікті бағыт қана беріп, сол арқылы олар күнде дайындалып, сабақтарын нық сеніммен айта алады. Алдағы өмірде мұның әсері жақсы болмақ. Яғни балалар өздерінің қажеттіліктері үшін оқиды, дұрыс оқымаса, қорытынды бағалар төмендеп кетеді. Бұдан біз балалардың білімге деген жауапкершілігінің артатынын байқаймыз.

“Білім басы бейнет, соңы зейнет” -дегендей басы әрқашанда қиындау болғанымен жаңалыққа адамның жаны құмар емес пе? Бұл бетбұрыс білім саласына жаңа серпін әкелді деп айта аламыз. Елбасымыз Қазақстанның халқы, жастары білімді болсын деп, көптеген жоспарлар мен әртүрлі мақсаттар қойды. Осы жаңартылған біліммен болашақта қандай мамандық иесі болатыныңды, өз еліңе қандай қызметте пайда мен жетістік әкелетініңді пайымдай алатын дәрежеге жету, өзіңе сыни тұрғыдан қарауды үйрену балаға күнделікті сабақ барысында берілуде. Осы пән бойынша оқу бағдарламаларының басты айырмашылықтарының бірі деуге болады.

Бұл менің кәсіби маман емес, оқушы ретіндегі көзқарасым. Жаңартылған білім мазмұны-жетістіктің кілті. Осы кілт арқылы біз жарқын болашақтың есігін ашпақпыз. Келешекте білім мазмұндары терең елдердің қатарында тұрып, ең сауатты ел атануымыз- басты мақсатымыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байхазан Алмагул

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 75 оқылым