Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 75 оқылым

Бала ағзасында қоршаған ортаға бейімделу үшін өзгеше физиологиялық немесе өтпелі деп аталатын жағдайлар өмірінің алғашқы күндерінде орын алады.

  1. Физиологиялық қызару - теріге қалыптан тыс қан толуы. Бұл жағдайдың себебі: жатырдағымен салыстырғанда сыртқы қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі (жатырда 37-38С, ал бөлмеде 25С). Физиологиялық қызару 2 - 3 күнге созылады, емделуді қажет етпейді.
  2. Токсикалық эритема - нәрестеде 2-5-ші күндері пайда болады және аллергиялық реакция болып келеді. Баланың терісі бірлі жарым немесе көптеген қызарған дақтармен, бөртпелермен, көпіршіктермен қапталады. Олар алақанға, табанға және шырышты қабаттарға шықпайды. 2-3 күнде басылады.
  3. Физиологиялық сарғаю - жаңа туылған балаларда 2-3-ші күндері тері мен шырышты қабаттарының сарғаюы пайда болады: бұл нәресте қанында және тіндерінде билирубиннің жиналып, көбеюіне байланысты, ол жетілмеген фетальды эритроциттердің ыдырауында пайда болады. Сарғаю 7-10 күнге созылады, шала туылған және жарақаттанған нәрестелерде 2-3 аптаға созылады.Айқын сарғаю кезінде анасы баланы жиі емізіп, глюкоза дәрісі мен сусындарды ішкізу керек.
  4. Дене салмағының физиологиялық кемуі - туылғаннан  кейін 3-4-ші күндері баланың салмағы бастапқыдан 150 - 300 г дай кеміп кетеді, 7-10 - шы күндері қайта бастапқықалпына келеді. Бұл жағдайдың себебі: бірінші күндері ана сүтінің аз болуы, баланың бөліп шығарған және қабылдаған сұйықтық мөлшерінің сәйкес келмеуі, Баланы сұрауымен енгізіп, жылу тәртібін сақтау керек.
  5. Транзиторлық қызба - 3- 4 - ші күндері жаңа туылған баланың дене қызуы 39-40 көтерілуі мүмкін. Себебі: сұйықтықтың бала денесіне аз түсуі, уыз сүтте ақ уыздардың көп болуы, дене қызуын реттеу қабілетінің жетілмеуі, қызып кетуі. Көмек: баланы бос, жеңіл жөргектеу, жиі сусын ішкізу, жиі емізу,дене температурасы бір қалыпты болуы тиіс.
  6. Жыныс мүшелеріндегі өзгерістер - анасынан ұрыққа эстроген гормондарының өтуінен пайда болатын өзгерістер:мастопатия - баланың сүт бездері ісініп, қысқан кезде уыз шығады, үстіндегі тері қабаты өзгермеді, қатты ісінгенде жарақаттанудың және қабынудың алдын алу үшін жылы залалды таңғыш қойған жөн. Қыз балалардың қынабынан қан көріну және ұл балалардың ұмасының ұмасының ісінуі.
  7. Несеп қышқыл инфаркті - несеп қышқылынан болған бүйрек инфаркты, бүйректің концентрациялаушы функциясының нашар дамуының салдары, 3 - 4 күнге созылады. Көмек: жиірек сусын ішкізу.
Авторы
Жанай Салтанат Батыржанқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 15 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 73 оқылым