Мазмұнға өту

Жаңа технологиялардың бірі - сын турғысынан ойлау стратегиясын пайдалану

Айман Карасатова 4 мин оқу 30 оқылым

Сабақта
жаңа технологияның бірі – сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалану

«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in»
енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық,
өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
«Технология» гректің «teche»-өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе,оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді.Олардың мақсаты бір,яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым оқытушы үшін кейде қиын болып жатады. Қазіргі оқытудың басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.
Оқыту барысында алдымызға қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, білім алушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
Мақсатқа жету білім алушының өзі арқылы жүзеге асады. Оқытушы – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» СТО бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою,
мәселені зерттеу, жауап іздеу, білім алушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.
Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда білім алушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
– ой толғаныс.
Сабақтарда жаңа технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта білім алушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Орыс топтарында өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – білім алушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.
Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістері мен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Мысалы: қалыптасқан әдістер:
а) сұрақ-жауап;
б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;
в) аударма
г) сөйлем және сөзді толықтыру;
д) мәтін бойынша әңгімелесу;
е) тест сауалдарымен жұмыс;
ж) мақал- мәтелдер жарысы;
з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.
Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі:
Күтілетін нәтижелер: – пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады; – шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады; – өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі; – өзіне деген сенімділігі қалыптасады; – жалпы алғанда білім алушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.
Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызығылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін
тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айман Карасатова

Автордың басқа материалдары

География

География сабағында ақпараттық-коммуникациялақ технологияларды қолдану

География сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану География сабақтарында АКТ-ны қолданудың басты ерекшелігі-сабақтағы ақпарат ағындарын қайта бөлу. Бұл ретте білім алушы білім беру процесінің…

Айман Карасатова 51 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

География сабағында ақпараттық-коммуникациялақ технологияларды қолдану

География сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану География сабақтарында АКТ-ны қолданудың басты ерекшелігі-сабақтағы ақпарат ағындарын қайта бөлу. Бұл ретте білім алушы білім беру процесінің…

Айман Карасатова 68 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин