Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңа өмір -жаңа орта

Bilimger Media
2 мин оқу 418 оқылым

"Жаңа қадам-жаңа орта"

Бұл өмір күтпеген жерден тосын сыйға толы.Бақта жүріп, қалың орманға кезігуін мүмкін немесе керісінше. Бәрі де адамның қалауымен емес, Алланың қалауымен болатыны сөзсіз. Оған дәлел оз басымнан өткен жағдайды баяндайын.Сөз алмасып сөйлесіп жүрген жігітім бір күні ата-анасымен таныстыратынын айтты.Басында бұған әрине,келіспедім, артынша қалай онымен лесіп кетіп қалғанымды байқамаппын да.Мүмкін көзсіз ғашық болу деген осы шығар.Сөйтіп, жігіттің ауылына барып, ата-анасымен, әжесімен таныстым.Әлгінше болған жоқ, мені алып қалатындарын айтты.Мен бас шайқадым, жер тепкіледім.Бірақта үлкен кісі басу айтты.Осы уақыттың арасында ағайын-туыс, көрші-көлем құттықтау айтып,келіп жатты.Бас тартқым келді бәрінен, бірақ сенесіз бе бойымдағы бір күш тап сол жерге байлап қойғандай болды.Бір жағынан жастығымды қимадым, армандарым не болады енді деген сан-сауалдар ойымды торуылдады.Онымен бұйырғаны ақ орамалдың жамылғаны.Жаңа өмір.Бұрынғыдай еркелікке малшынып асыр салу жоқ.Әркімнің қас-қабағына қарайсың. Біреу келіп тілімен түйреп кетед(і), біреу келіп бүйрегімен шаншып кетеді. Жүрекке алуға болмайды,сондықтан елемеген кейіпте жүре бересің. "Сөз-жұқпайды" деген сөзді халық арасынан жиі естігенім бар еді.Сол сөзді жаныма медеу тұттым.Осы сөзбен өз-өзімді жұбатамын.Ұнатпай тұрсамда бір нәрсені ұнатқандай боламын, жақтырмай тұрсам да, күліп қарап тұрамын. Қонақ келсе бәріне бірдей қызмет етуге тырысамын. Маған ең қиынға соққаны таңмен таласып ерте тұру еді. Бүгінгі күнде әдетінше оған да үйрендім. Сабаққа да, үй тірлігіне де бәріне үлгеруге тырысып бағамын.Адамға не жетпейді? Адамға уақыт жетпейді. Тек еріншектікке салынбай үнемі уақытты тиімді пайдалану керек.Артқа емес,тек алға қарай қадам басқан жөн.Өмір бір орында тұрмайды.Кейде құтырған құйындай бір соғып кетеді ,кейде ып -ыстық леп желпіп өткендей болады.Менің ұққаным, адамзат баласы ең біріншіден сабырлы ,шыдамды ,кешірімшіл болса ғана төте жолдан өтуге болады екен.Ашу қашанда сенің қашанда қас жауың.Сондықтан ашушандыққа бой бермеу əлдеқайда жақсырақ.Құдайға шүкір, ата-енемнің түсінігі мол, бар сый -құрметке лайық жандар.Ол кісілердің маған деген ілтипаты бəрінен артығырақ."Сыйға -сый, сыраға бал" - демекші, мен калай сыйлаймын , ата -енемде тура солай құрметпен қарайды.Өмір - сынақ.Əр пенде əрқилы сынға ұшырайды.Күш -қайрат сол кезде пайда болады.Ол сыннан сүрінбеген адам нағыз кешегі текті ата -бабалардың ұрпағы, жалғасы екенін білдіреді. Неде болса, мықтылықпен қайрау керек ғой жүректі. "Мен мықтымын" күніне қайталайтын,өзімді жігерлендіретін рухани күш.Сізде қайталап көріңіз? Мүмкін, пайдасы тиіп қалад(ы).Өз еншіңізде...

Қайыр Сағыныш

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым