Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

“Жаңа әдебиет” журналының ерекшеліктері

Автор

Айгерім Абдрахманова
2 мин оқу 84 оқылым

“Жаңа әдебиет” журналының ерекшеліктері

АБДРАХМАНОВА Әйгерім,

Журналистика факультетінің

1-курс студенті

“Жаңа әдебиет” журналы - көркем әдебиет шығармалары мен сын материалдарын шығаратын басылым. Кезінде редакторлық тізгінді Сәкен Сейфуллиннің өзі бастаған еді. Ал Б. Майлин, М. Әуезов, І.Жансүгіров, С. Мұқанов сияқты халқымыздың ірі тұлғалары осы журналдың дамуына еңбектеніп өз үлестерін қосты. Сондықтан да бұл басылым әдебиетіміздің ең танымал ағаларымыздың басын қосты десе болады. Қазір бұл журнал “Жұлдыз” деп аталады. Оның ерекшеліктерін талдап және сипаттап көрейік.

Басында жазып кеткендей және бұрынғы атауы айтып тұрғандай - бұл журнал әуелі әдебиет шығармаларымен танымал болса керек. Шыққан бойынан бастап, сол замандағы классик жазушылардың еңбектерін жарияласа, кейін жаңа қаламгерлердің еңбектерін оқырмандарға тарту етті. Талай ғасырлар бойы үздіксіз әр түрлі жанрдағы, әр түрлі жазушылардың шығармаларын жарыққа шығарып отырды. Бұл “Жұлдыздың” өзіндік ерекшелігі және тарихы деп ойлаймын.

Журналдың “Білім” деген айдарын ерекше деп айта аламын. Себебі, онда білім аясындағы түрлі тақырыптар қозғалады және дәлелденеді. Мысалы, журналдың бір санында қазіргі технология жаңалықтары туралы жазылса, келесі нөмірінде қазақ зиялыларының сауат ашу әдістемелері жөнінде сөз қозғалады. Мәселен, Анар Салқынбайдың «Қазақ тіл білімі ғылымының қалыптасуы мен дамуы» атты ғылыми мақаласында өте қызықты дүниелер талқыланған. Мақаласына сенетін болсақ, Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат - ат түрік” деген танымал еңбегі өзіміздің қазақ тілі тарихына бастау береді. Айта кетсек, бұл шығармада түркі  тайпаларының тілі, диалектілері  салыстырып талданған. Сонымен қатар, журналдың жаңа “Жас толқын” атты айдары да бар. Бұл еліміздің әдебиет жанашырларына, тіл өнерін жанындай сүйетін жас ақын - жазушыларға жақсы мүмкіндік. Осы айдарды оқи тұра, әдебиет әлі де жаңа ұрпаққа қажет екенін біліп жүреміз.

Әр газет - журналдың өзіндік ерекшелігі мен тарихы бар. “Жұлдыз” басылымы да бұл сөздерден тыс емес. Қазақ басылымының оты ешқашан сөнбесін, жанашырлары мен оқырмандары көп болсын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айгерім Абдрахманова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Қазақстан” газеті және Ғұмар Қарашев

Мәтінде Ғұмар Қарашевтің «Қазақстан» газетін дамытуға қосқан үлесі, баспасөз туралы ойлары және халықты білімге шақырған қызметі баяндалады.

Айгерім Абдрахманова 156 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

“Қазақстан” гпзеті және Ғұмар Қарашев

Мәтінде Ғұмар Қарашевтің ағартушылық қызметі мен «Қазақстан» газетінің қазақ баспасөзіндегі орны баяндалады.

Айгерім Абдрахманова 28 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин