Мазмұнға өту

Жанды табиғат. Адам

Сарсенбаева Жанар Калдыбекқызы 4 мин оқу 573 оқылым

Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3-сынып
Жанды табиғат. Адам.
Тақырыбы: Ас қайда қорытылады?
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;
3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың
мақсаты: Барық оқушылар: Адамның ішкі ағзаларын атау;
Көптеген оқушылар: Адам ішкі ағзаларының орналасуын көрсету;
Кейбір оқушылар: Асқорыту қызметін анықтау. Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау.
Бағалау критерийі Асқорыту жүйесінің маңызын біледі;
Адамның ішкі ағзаларының орналасқан орнын көрсетеді;
Тіршілікке қажетті энергияны тамақтану арқылы алуға болатынын түсінеді;
Тілдік мақсат Тірек сөздердің (асқорыту, өңеш, кеңірдек, асқазан, ашішек, тоқішек) мағынасын түсіне отырып, астың қорытылуын айтып береді.
Құндылықтар Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, бейнелеу. Қазақ тілі, математика.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, видеокөрініс, слайд.
Бастапқы білім
3 мин «Тілші» әдісі
Адамға қандай қоректік заттар қажеттігін, адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін біледі, адамның өсу және даму қажеттіліктерін түсінеді.

Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық ортасын орнату. 3 тілде сәлемдесу, 3 тілде ортақ тақырыпты айтады. Оқушылар төмендегі өлең жолдарын айтады.
- Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз,
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз!
«Жұбыңды тап» әдісі. Дене мүшелерінің суретін 2-ге бөліп қоямын, суреттерден бүтін сурет шығарады.
Бағалау критериі:
1. Берілген суреттің екінші бөлігін табады.
2. Дене мүшелерін ретімен атайды.
Дескриптор
1. Дене мүшелерінің (көз, мұрын, қол, аяқ, құлақ, асқазан, бауыр т.б) суретін құрастырады.
2. Суретке сипаттама береді
Қ.Б. Оқушыларға қолдау көрсету.

Дене мүшелерінің суреттері

Сабақтың ортасы
25 минут

«Мюнстенберг» әдісі бойынша жаңа тақырыпты ашады.
Бағалау критериі: Ішкі ағза жайлы не білуіміз керек?
Дескриптор:
1. Кестеде жасырылған ішкі ағзаларды табады.
2. Ішкі ағзаларды атайды.
Ішкі ағзалардың атауымен 3 топқа бөлінеді.
1 топ «Кеңірдек»
2 топ «Асқазан»
3 топ «Ішек»
I mektep
Видеокөрініс. Ас қорыту жүйесінің құрылысы.
«Кері дизайн» әдісі
Ас қорыту көптеген мүшелер қатысатын күрделі үдеріс болып табылады. Ас қорыту жүйесінің
бөліктерін тамақтың қозғалу ретімен орналастыру
1. Ауыз қуысы
2. Жұтқыншақ
3. Өңеш
4. Асқазан
5. Ашішек
6. Тоқішек
7. Тікішек
Бағалау критериі:
1. Ас қорыту мүшелерін ретімен қояды.
2. Ас қорыту мүшелерінің атын атайды.
Дескриптор
1. Ас қорыту жүйесінің құрылысын анықтайды.
2. Ас қорыту мүшелерінің қызметін айтады

Сергіту сәті

Асқорыту қайдан басталады? Оқушылар екінші сыныпта тіс туралы өткен мәліметтерді еске түсіреді. Талқыланатын сұрақтар.
-Тістің қандай түрлері бар?
-Тістің пішіні мен са¬улығы неге байланысты болады?
-Қандай тамақты оңай жұтуға бо¬лады?
-Не үшін тамақты әбден шайнау қажет?
Асқорыту жүйесі. Оқушылар жұптасып, астың ағзада жылжу қозғалысы бойынша асқо¬рыту жүйесі мүшелерінің атын атап шығу ұйымдастырылады. Бұл тапсырмада асқорыту мүшелерінің атқаратын қызметтері айқындалады
Видокөрініс.
- Ас қорыту жүйесінің құрылымы.
- Ас қорыту – қоректің ағза пайдалана алатын компоненттерге ыдырату сіңілдіру үдерісі туралы дереккөзбен танысады, талқылауйды.

«Моделдеу» әдісі
Қима қағаздардан жасалған. Ас қорыту мүшелерін оқушы денесіне жабыстыру.
Бағалау критерилері:
1. Ас қорыту мүшелерін өз орнын біледі.
2. Ас қорыту қызметін атай алады.
Дескриптор:
1. Ас қорыту мүшелерін қияды.

I mektep
Ас қорыту көптеген мүшелер қатысатын күрделі үдеріс болып табылады. Біз ас қорытудың 2 түрі бар: механикалық, химиялық.
Бағалау критериі:
1. Дерек көздерін тыңдайды.
2. Механикалық және химиялық ас қорыту түрлерін ажыратады және айтады.
Дескриптор:
1. Механикалық ас қорытуды айтады.
2. Химиялық ас қорытуды айтады. Сөздер жасырылған кесте.

Ас қорыту жүйесінің аттары жазылған қима қазаздар.

Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
Өңеш
Асқазан
Ашішек
Тоқішек
Тікішек суреттері

Сабақтың соңы
5 минут Кері байланыс. Оқушылар кері байланысқа «тоңазытқыш» әдісімен тақташасына стикерлерді тиісті орынға жапсырады.

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтау бойынша саралау:
- Жоғары ынталы оқушыларды саралап оқыту мақсатында адамның Ас қорыту көптеген мүшелер қатысатын күрделі үдеріс жасап, сыныпқа көрсету.
Тапсырмалар бойынша саралау:
- Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.
- Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты әртүрлі тапсырмалар ұйымдастыру.
Қалыптастырушы бағалау құралдары:
-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);
- мұғалімнің жазбаша кері байланысы.
-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;
-Тоңазытқыш әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау
-Сергіту жаттығуын орындау
- әрекеттерді жиі ауыстыру
- қауіпсіздік ережелерін сақтау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сарсенбаева Жанар Калдыбекқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин