Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жабайы жануарларды қорғаймыз!

Шекебайқызы Сағынгүл
3 мин оқу 452 оқылым

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№33 «Көркемай» бөбекжай – бақшасы

Ашық шара

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Жабайы жануарларды қорғаймыз»

Дайындаған: Шекебайқызы С.

«Құлыншақ» ересек тобы

Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды Қазақстан Республикасындағы «Қызыл кітапқа» енген жабайы жануарлармен таныстыруды жалғастыру. «Қызыл кітап» туралы түсіндіру,жануарлардың жойылып кету себебін,оны қорғау жолымен таныстыру.

Дамытушылығы: Өз елінің жануарларын қорғау үшін адамдар не істеу керектігі туралы білімдерін дамыту. Туған жер табиғатына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.Шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту.

Тәрбиелілігі: Жануарларға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Бір – біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жабайы жануарлар слайды, үнтаспа, суреттер.

Қос тілді компонент: жабайы жануарлар – дикие животное – wild animals.

Сөздік жұмыс: қорық,орманшы, сирек т.б.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң!

Ормандар мен далалар.

Қайырлы таң!

Достасқан бар балалар.

Қайырлы таң!

Біздің балабақшамыз!

Қайырлы таң!

Жора – жолдас, ұл мен қыз!

(осы кезде үнтаспадан жабайы жануарлардың дыбыстары естіледі)

- Балалар, тыңдаңдаршы әлдебір дыбыстар естілетін секілді. Бұл ненің даусы болды екен? (жабайы аңдардың)

- Оны неге жабайы жануарлардың даусы деп ойлайсыңдар? (себебі,мұндай дауысты жабайы жануарлар ғана шығарады)

- Жарайды, ендеше осы дауыстар шыққан жаққа қарайықшы.Балалар, қараңдаршы мұнда біреулер құйрықтарын тастап кетіпті ғой.

Қане, бәріміз бірігіп «Өз құйрықтарын тап» деген ойын ойнайықшы.

Балалар құйрықтарды өз иелеріне тауып береді.

- Енді, балалар, осы жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз? (жабайы жануарлар)

Иә,дұрыс айтасыңдар. Жабайы жануарлар. Неліктен олай атаймыз?

- Өйткені, олар далада, орманда өмір сүреді.

Олардың үй жануарларынан айырмашылығы қандай? Қандай ұқсастықтары бар?

- Олар 4 аяқты, иіс сезуі күшті дамыған. Олардың ұқсас жақтары дене мүшелері.

- Өз жемтіктерін өздері табады. Ал, үй жануарлары болса адамдар оларды үй ауласында ұстайды.

Осы жабайы жануарлардың біздің өлкемізде қайсысы бар?

Қасқыр, түлкі,қоян.

Жабайы жануарларға өздерінен басқа тағы кімдер қамқор болады?

Бүгін міне, сендермен осы жөнінде әңгімелесетін боламыз. Бүгінгі оқу қызметіміз «Жабайы жануарлар» туралы болмақ.

Балалар, осы жануарлармен бірге сандары азайып бітуге айналған жануарлар да бар. Мына экранға назар аударайықшы

(киік,архар, құлан, аю, қар барысы) «Бейнебаян»

Олардың азаюына негізгі себеп, адамдардың өздері. Олардың бағалы терісінен тон, бас киім түгу үшін аулап, дәмді еттерін жеу үшін атып азайтқан. Біздің елімізде осылай азайып кеткен жануарларды өсіріп, көбейту үшін, әрі оларды қорғау үшін арнайы қорықтар ұйымдастырылды.

Қорықтарда олар өсіп – көбейетін болады. Оларды арнайы қорық қызметкерлері бақылайды. Мұндай қорықтарды табиғаты әсем, жері шұрайлы, суы тұнық орындарға орналастырады. Дәл осындай қорықтар Қазақстанда 10. Осындай азайып қалған жануарларды көбейту үшін адамдар оларды есептеп, бақылап арнайы кітапқа жазып жүреді. Ондай кітапты «Қызыл кітап» деп атаймыз. «Қызыл кітапта» тек жануарлар ғана емес, азайып кеткен құстар, өсімдіктер де жазылады. Бүгін көріп отырған жануарларымыздың барлығы да осы кітапқа тіркелген. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарға, өсімдіктерге зиянын тигізген адамдарға атып алуға тиым салынған. Осындай жұмыстардың арқасында Атырау өңірінде киік жануары өсіп, көбейген. (слайд)

Ойын: «Жабайы жануарларға қалай көмектесеміз»

Ендеше балалар сендермен тағы да ойын ойнағым келеді. Алдарыңдағы жабайы жануарлардың карточкалары арасынан «Қызыл кітапқа» енген жабайы жануарларды бөліп алып алдарыңдағы өздеріңнің «Қызыл кітаптарыңа» салып қойыңдар. Осылайша біз өзіміздің «Қызыл кітабімізді» даярлаймыз.

Сергіту сәті: «Жануарлар қалай жүреді?»

( жануарларға арналған музыка әуені арқылы жабайы жануарлардың жүрісін салады)

Жарайсыңдар, балалар бойларыңды сергітіп алған боларсыңдар. Менің ойыным мұнымен біткен жоқ.

Ойын: «Артығын тап» (слайд арқылы)

Шарты: берілген жануарлардың арасынан тек қана жабайы жануарларды табу керек.

Қоян,қасқыр,тиін,жылқы

Жылқы,қой,ешкі,аю.

Аю,барыс,түлкі,сазан.

Қорытынды:

Балалар, сонымен біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Жабайы жануарларды қалай қамқорлаймыз?

(қойылған сұраққа балалар жауап береді)

Балаларды мадақтау.

Қоштасу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Шекебайқызы Сағынгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым