Мазмұнға өту

Жабайы аңдар

Қорабаева Айгүл 2 мин оқу 671 оқылым

Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы

№ 3 «Ертөстік» бөбекжай-бақша

Тәрбиеші : Қорабаева Айгүл

ІІ-санатты тәрбиеші

Білім беру саласы : Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Жаратылыстану

Тақырыбы : Жабайы аңдар

Мақсаты :

1. Білімділік: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың   тіршілік ететін  ортасы турылы түсініктерін бекіту;

 2.Дамытушылық :Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана

отырып,  балалардың ой – өрісін дамыту;

3.Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,аңдардың  түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Суреттер , дамытушы ойыншықтар .

Әдіс тәсілі :  Көрсету ,үйрету ,түсіндіру .

Қостілді компанент:  Аю- медведь, қоян-заяц , қасқыр-волк, түлкі-лиса.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай ?

-Олай болса жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.

-Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр  , шешуін табамызба  ?

Балалар енді біз кубикпен ойнаймыз.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер кубиктегі суреттер арқылы жұмбақтың жауабын табасыңдар .

Ең айлакер аң...

Ең қорқақ аң...

Балды жақсы көретін...

Қораға шабатын аң...

Үстінде тікенегі бар...

талдан талға секіріп жаңғақ жинайтын аң

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы : «Жабайы аңдар» деп аталады

Слайд арқылы суреттерін көрсету.

Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы аңдар» деп атаймыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. Өз азығын өзі тауып жейді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.

Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан – ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.

Ал аюға келетін болсақ, аюудың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю – суда мекендейді. Суға сүңгіп, балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс – жидектерді теріп жейді.

Қоян – ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.

Қостілді компанент:

Аю- медведь, қоян-заяц , қасқыр-волк , түлкі-лиса

«Балаларын ата »

Қасқырдың баласы-Бөлтірік

Аюдың баласы –қонжық

Қоянның баласы –қонжық

Түлкінің баласы –мыршай

Арыстанның баласы -Абдан

Балалар енді барлығымыз ойын ойнап жіберейік.

Дид-қ ойын

Тақырыбы :Өз орындарын тап

Мақсаты : Суреттердегі аңдарды өз орындарына апарып орналастыру .

Дид-қ ойын

Тақырыбы :Аңдар немен қоректенеді

Мақсаты : әр аңның сүіп жейтін тағамын табу

Сергіту сәті

Ыстық доп ойыны

Мақсаты : Сұрақтарға шапшаң жауап беруге үйрету

Жақсы

Иә

түлкі

қоян

аю

қасқыр

кірпі

тиын

Қостілді компанентті қайталады айтты

Сұраққа жауап берді

Ойынға белсене араласты

Ойынға белсене араласты

Сергіту сәтін орындады

Рефлекстік - түзету

  1. «Жабайы аңдар» деп неге айтамыз?
  1. Жабайы аңдарды ата?
  1. Олар немен қоректенеді?
  1. Жабайы аңдардың балаларын атаңдар ?

Сұрақтарға жауап берді

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Аңдарды бір бірінен ажырата біледі

Игеру керек:Жабайы аңдар туралы толық мағұлматты игерді

Үйрену керек:Көру ,есту, түсіну арқылы өз бетімен  іс-әрекет жасауды үйренді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Қорабаева Айгүл

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин