Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Заманауи педагог қандай болуы керек?

Жунисова Фариза Тилеубековна
2 мин оқу 35 оқылым

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-  деген ақын Абайдың өлең жолдары әрқашан менің жадымда тұратын ұстанымымның бірі деп айтуға болады. Ұстаздық мамандығы қайыспас қажырлылықты, мықты күш-жігерді, темірдей төзімділікті қажет ететін мамандықтардың бірі. Кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Ұстаздық алдымен шәкірттерге деген сүйіспеншіліктен басталып, оқыту шеберлігімен шыңдала түседі. Мұғалімнің терең білімі мен біліктілігі ғана нағыз шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуге  мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай ұстазға да көптеген талаптар қойылуда. Заманауи ұстаз жаңартылған білім беруді  және ақпараттық технологияларды меңгерген, тәрбие мен оқытуды қатар алып жүретін шығармашыл, шебер болуы қажет. Былтырдан бері пандемияға байланысты ұстаздарға қашықтықтан оқытуды меңгеру талабы енгізілді. Сондықтан заманауи ұстаз әрқашан өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс деп ойлаймын. Ұстаз әрдайым білім саласында қандай өзгеріс болса да, білім беруге дайын болуы қажет.

Педагог мәртебесі туралы Заңның қабылдануы ұстаздардың шығармашылығын арттыра түсуге мол мүмкіндік беретініне сенімдімін. Шәкірттерім аудандық, қалалық, республикалық олимпиада жеңімпаздары, мектебіміздің мақтаныштары деп айтуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының білім алуы мен тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға ең алдымен ата-ананың, одан кейін алғашқы ұстазының мейірімділігі, жанашырлығы, демеуі өте қажет. Баланың ары қарай болашаққа нық қадам жасауына отбасының, ұстаздың шабыттандыруы негіз болады. Қазіргі уақытта қоғамда қатігездік пен немқұрайлылық белең алуда, бұл адамдарды қылмыс жасауға итермелейді. Адамдардың бір-біріне деген сый-құрметі, түсіністікпен қарым-қатынас жасауы азайып барады. Бұл отбасындағы, білім ордаларындағы ізгілік пен адамгершілік тәрбиесінің ақсауынан пайда болады. Ізгі және жомарт, адамгершілігі зор ұрпақты тәрбиелеу - ата-ана мен ұстаздың міндеті. Ата-ана да, ұстаз да баланың санасына мейірімділікті ес білген кезінен құя беруі керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ізгі және жомарт адамдардың іс-әрекетін үлгі ретінде көрсетіп, баланың қызығушылығын арттыруы қажет. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші, балаларды адамзатқа жақсылық жасауға, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеуіміз керек. Алдағы уақытта да өз шеберлігімді шыңдай түсіп, еліміздің болашағына қызмет ететін шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырмақпын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жунисова Фариза Тилеубековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 77 оқылым