Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Заманауи әлемдегі педагог

Жунусова Айжанат Маркеновна
4 мин оқу 543 оқылым

Жунусова Айжанат Маркеновна

Гүлденген әлемнің ішіндегі ең бір ғажайып орта арасында жұмыс істеудемін.  Ол балалардың кішкентай сыңғырлаған күміс күлкісіне,былдырлап бұрмалап сөйлеген балдай тәтті сөздеріне, құлаққа жағымды естіліп жүрген дауыстарына толы балабақша десем жаңылмас едім.Осы өмірдегі бақытым-жүрек қалауымен ұстаз болуым.Ұстаз жайғана мамандық емес өмірге із тартушы, білім бағытын болашақ жас ұрпаққа жеткізетін, адам бағдарын жасаушы тұлға.Мына өмірдің мәні де, сәні де,қызығы да,шұжығы да сәбилерден басталады.Бала мына өмірдің гүлі,отбасы дәнекері, ана ғұмырының жалғасы,ең бастысы біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да сәбилерімізді болашақ жас ұрпағымызды заман талабына сай,көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу-басты міндет.Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек.Балаға деген мейірімділік шыдамдылық, кешіре білу,баламен  тәрбиеші тең жағдайда сырласу,бала қиялына сену, оның ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау,оған деген шынайы сезім, жақсы ниет қалыптастыру және үнемі қолдау көрсету-бұл менің ізгі ұстанымым.Әрине, мұның бәрін педагог қолдану,осы іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ата-ана көмегі өте зор.Педагог К.Д.Ушинскийдің «егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан-жақты білуі керек деген» терең мағыналы сөзін жадымда сақтай отырып ата-аналармен жақсы қарым-қатынаспен тығыз байланыста болсақ, бала тәрбиелеу, білім шыңын шыңдату үшін ең алғашқы да, өмір бойы көмекші тірегі де ол ата-ана ынтымақтастығы.Бүгінгі таңда бізге, ең қажетті нәрсе заман талабына сай лайықты жас ұрпақты тәрбиелеп өсіру.Заманымыз күннен күнге дамып өркендеу үстінде.Бірақ ең алдымен тәрбиеленушілерге адамгершілік пен өз елін сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып,болашағына зор сеніммен қарай  білетін ең жақсы қасиеттерімізді үйретіп, бала жүрегіне ыстық сезім ұялату.

Ұлағатты ұлы А.Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»-деп, білім мен біліктілік туралы үлкен ой айтқан.Осы ойды қозғай отырып өз іс тәжірбиемде бала тілін дамыту басты кезеңге алдым.Баланың  тілі дамып сөйлеу мәнері жақсы болса онда ойлау қабілетіде тез дамып жетіледі. Сондықтан балалармен алгоритм арқылы,ойын арқылы оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалана оқытамын.Компьютер арқылы мен ертегі қойылымын көрсете отырып ,ұйымдастырылған іс –әрекетке лайықты іс-қимыл әрекетін, көру жүйесін, логикалық ойлауын дамытамын.Қуыршақ театрын ұйымдастыра отырып,ертегі кейіпкерлері рөлдеріне еніп баларды сөйлету. бала ойын тез, әрі жылдамдамытады.

Тәрбиеші ретінде әрбір ұйымдастырылған іс –әрекетімде қандай озық технологияны игерсем де, қандай да бір әдіс - тәсілдерді қолдансам да ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтап жеке тұлға ретінде мен үшін қолдануға таптырмайтын қарапайым әдіс - тәсіл деп білемін. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен.Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ.Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық білімді талап етеді.                     Психологиялық,педагогикалықәдістемелікбілімді, педагогикалық шеберлікті, ұстаз бойына осы қасиеттісіңіріп отыра балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді көздейді.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршасада осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі күнде барлық ұстаздың басты ұстанымы немесе қағидасы ол " Өмір бойы білім алу"егемен елдің көшін бастаған кемеңгер елбасымызбен толық келісемін.Ұстаздың қазіргі заманталабына сай үйретер қыры мен сыры мол, жаңа өндіріске еніп даму үстінде,әр бір білім ордасындажаңа технологиялармен жұмыс қарқынды жұмыс жүргізілуде деп ойлаймын,заманнан тыс қалмай, әрбір педагог қарапайым әдіс-тәсілдерді де ұмытпағаны жөн.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, –деген Абай атамыздыңұлы сөздерін ойымнан шығарған емеспін, егер әр шәкірттеріміз өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, ұстаздың төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!Шәкірттерінің білімді болуы, ұстаздың қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі – шәкіртке де, ата-анаға да, жалпы жұртшылыққа да өнеге. Қазіргі жас буын – еліміздің келер кейінгі келбеті.Заманауи әлемдегі педагог ең алдымен жан-жақты болу,мына өмірдің қыры мен сырын білу, тәрбиелеп жатқан балаларымызға жақсы өнегемен тәлім, тәрбие беру.Ұстаз сөзім,заманауи талапқа сай бойымдағы бар қайрат жігерімді салып,көз алдымда тәрбиеленіп жүрген бүлдіршіндерімді жігерліде, қайратты,білімді де білікті етіп шығару  үшін өмір бойы ізденіп талай тер төгуге әзірмін. Өз ісіме жауапкершілікпен қарап заманауи әлемдегі педагог ретінде білімнің туын төмен түсірмеуім тиіс деген сенімдемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жунусова Айжанат Маркеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым