Мазмұнға өту

Заман мен заң

Aiken Turganbek 3 мин оқу 35 оқылым

Aiken Turganbek

Қалыптасқан мемлекеттің негізгі күші ол – заң. Тақта-тақта тарихы бар замана турасында не бір заң жүйелері мен ескірмейтін ережелер болған. Олар әлі күнге дейін өзінің күшін жоймай, белгілі бір қоғам айналасында пайдаланылып келеді. Оған мысал Жапонияның 1603 жылдан бастап жүзуді пән ретінде мектеп оқулықтарынан алып тастауы. Әлі күнге дейін 420-жылдық заң жобасы негізін жоғалтпаған. Әлем тарихының тақтасында бұданда ертерек кезеңдерде қоғам айналасындағы заңдар болғаны баршамызға белгілі. Мысал мақалаға тұздық болсын.
Ата заңымыздың отыз жылдық тарихы айналасында не бір өзгерістер мен реформалардың болғаны жасырын емес. Бірақ мен заң деген дүниенің халық арасындағы негізгі баламасына тоқталғым келеді. Кешегі өткен асыл бабаларымыздың заң жобалары ше? «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» , Әз Тәукенің «Жеті жарғысы». Бұлардың барлығы да тұнып тұрған, тұнығы лайланбаған ата заңдарымыз еді. Сол шақтарда қара қылды қақ жарған бабаларымыз халықтың әлеуетіне қарап, тұрмыстық жағдайына назар салып, ортақ дін мен ділдің ұштасуына күш салғаны кемеңгерліктің келбетінен дер едім.
Қазіргі таңда біздің ата заңымыз ше? Әрине «келісіп пішілген тоң келте болмас» деген сөздің айналасында, оны да ешкім ерігіп шығарған жоқ. Бірақ сол заңымызды заңгерлерді дайындайтын жоғарғы оқу орынындағылар мен кәсіби заңгерлеріміз білмесе, қарапайым халық білмейді . Демек заңымыздың сырдың суындай, қырдың самалындай көпке ортақ құндылықтар аясында жасақталмағанын аңғарып қаламыз. Бүгінде тауық ұрлаған мен түйені түбімен жұтқанның баратын жері бір. Бұған нені кінәлаймыз? Әр саланы меңдеген жемқорлықты ма? Әлі кемеріне жетіп толыспаған заңымызды ма? Кеше ғана сан ғасырлық езгіден арылған халқымызға діні мен тілін, дәстүрі мен ғұрпын, салты мен санасын негіздеп тұратын тұрлаулы ереже мен тұрақты заңның керегі жасырын емес. Біздің қоғамға сыртқы көзқараспен қарасақ екіге бөлініп кеткен. Бірі орыс тілді, бірі қазақ тілді қоғам. Орыс тілділердің өз құқығын сот арқылы қорғап, заң арқылы қауіпсіздігін сақтайтын сауаттылық деңгейі жоғары. Ал қазақ тілді ортада ол өте төмен. Тіпті аударманың өзі дұрыс жасалмағанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін жанары төмен жасыған, салы суға, еңсесі қара тартқан қазақты көрсең кімге өкпе артасың? Осы орайда Абылай ханның «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік» дегені шарасыз еске түседі.
Ғапыл дүниеде адам мен оның өмірінен қымбат құндылық жоқ. Бұл біздің заңда жазылған дүние. Бірақ, біз қазір заңды орындамайтын емес, адам өмірін бағаламайтын қоғамда өмір сүреміз. Оны мойындау қажет. Заң мен заман үндестігі алғашқы бапта күшін жойған сыңды. Адам өмірі, іс-әрекеті, құндылығы мен қасиеті әсте заңға бағынады, бірақ, дүние дейтін есепсіз, ар мен ұятты ұмыттыратын, иман мен жанды садаға қылатын құштарлықтан аттап өте алмадық-ау. Абай атамыз айтқандай: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек». Босанбас буын, сәрә біздегі жазылған бірақ, әлсіз заң болса керек. Заң ба күшіне ене алмаған, заңнан бейхабар адамдар ма, заңға бағынбайтын қоғам ба кінәлі. Заңның орындалуын талап еткенімізбен, кінәні заманға жапқанымызбен, біз адамдар сол заңды орындауға дайынбыз ба? Біз заманның бөлшегі, заңды жасайтын да, орындауға міндетті де
және сол заңды бұзатын да өзіміз. Кінәні кімнен, үндестікті неден іздейміз? Егер түйткілдің жауабы осы болса. Әлде, әке-көке мен еркелікті, дүниенің қызығын, майлы асты, ақша мен ашкөздікті, ар мен ұяттан жоғары қоюдың деңгейінен аса алмадық па? Абай атамыз кезінде, «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?»- деген екен. Бірақ, бұл кезінде дегеніммен, әліде талайдың жеп, талайдың желініп, біреудің бағы емес, қалтасының қамы еселеніп, енді бірдің есесін өзгеге жіберер дерті.
Қорытындылай келе, 30 жылда орда бұздық па, жалпағынан заңды бұздық па, ол өзімізге аян. Біз әліде сол тәуелсіздік жылдарынан бері заңды орындаумен емес тек өзгертумен әуреміз.  Әліде талай заңның жазылып, жазылған заңның өзгертілері анық. Үндестігін де табар. Егер, әр адам малын жанының садақасынан емес, жанын арының садақасын биік қойса. Егер, өз құқығымызды білетіндей сауатты, өз есебімізді өзгеден талап ете алатындай талапшыл болсақ.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Aiken Turganbek

Автордың басқа материалдары

Жаңалықтар

Жасыл экономика және оның Қазақстандағы дамуы

Айкен Турганбек Жасыл экономика бүгінде әлемдік деңгейде маңызды бағытқа айналып отыр. Ол қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтып, экономикалық дамуды табиғи ресурстарды сақтай отырып іске асыруды көздейді.…

Aiken Turganbek 64 оқылым 3 мин
Жаңалықтар

Қазақстандағы инфляция деңгейі

Инфляция – экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылатын нарықтық экономиканың өзіне тән құбылысы. Ол кез келген елдің экономикасына әсер ететін құбылыс, әрі көптеген факторлармен байланысты. Соңғы жылдары…

Aiken Turganbek 74 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Өнер алды қызыл тіл

«Ғалымның аты, жақсының хаты өлмейді», деп ата- бабаларымыз текке айтып кетпеген. Осындай сөз қалдырған дана халық, дана нақыл сөздердің, шешендік ойлы сөздердің ешқашан қадірі кетпейтін қазына екенін айтып кеткен. Сан…

Aiken Turganbek 28 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин