Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Зайсан  көлдің балықтары» (дәстурден тыс сурет салу)

Автор

Баян
3 мин оқу 102 оқылым

Оқу қызметінің түрі: Жаңа сабақ

Өзге оқу қызметімен байланыс:«Таным» білім беру саласы, «Жаратылыстану», «Таным» білім беру саласы, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу қызметі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Зайсан  көлдің балықтары» (дәстурден тыс сурет салу)

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды көлде тіршілік ететін балық  түрлерімен (сазан, шортан, лещь,бекіре,алабұға) таныстыру. Балаларды дәстүрден тыс бастырма сурет салу әдісі арқылы балықтардың бейнесін салуды үйрету.

Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың логикалық ойларын дамыту,су асты әлеміне қызығушылығын арттыру.Жаңа сөздер арқылы тілдерін дамыту.

Тәрбиелік:Табиғатты қорғауға,балықтарға жанашырлықпен қарауға,ұқыптылыққа, икемділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Кіріспе, әңгіме, сұрақ-жауап, баспа әдісін қолданып сурет салу, түсіндіру, көрсету, үйрету, жеке баламен жұмыс, қортындылау, мадақтау.

Көрнекіліктер: комьпютер, теледидар, слайд, аквариум, балықтар, картопқа ойылған балықтардың бейнесі

Қажетті құрал-жабдықтар:қатты қағаз, гуашь, қылқалам, су құйылған құты, картоп, мақта таяқшасы, шанышқы, қағаз майлықтар, сулы майлықтар.

Сөздік жұмыс: шортан, бекіре, сазан, аквариум

Билингвальды компонент: балық-рыба, алтын балық-золотая рыбка.

Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Әрекеттердің кезеңдері
Мотивациялық - қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Шаттық шеңбері

Бақыт деген-осы шаттық шеңбері, Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері. Бақыт деген-көрмей қалса сағынып, Мені іздейтін адал жүрек сендегі

Жақсы балалар, осындай жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық. -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Аузы бар тілі жоқ, Терісі бар жүні жоқ. Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды. Ол не? -Балалар, кәне барлығымыз экранға қарайықшы, не көріп тұрмыз? -Балықтар қайда өмір сүреді? -Балалар балықтардың түрлері өте көп екен. Олар теңіз астындағы балдырлармен, су асты шөптерімен, теңіздің ұсақ жәндіктерімен қоректенеді екен. -Балалар біздің Зайсан көлінде сазан, бекіре, шортан балықтары бар екен. (Балаларға экраннан балықтарды көрсете отырып таныстыру) Балалар сендер жаратылыс оқу қызметінде балықтың дене құрылысымен таныссыңдар. Балықтың дене мүшелерін атап беріңдерші. -Балалар, балықтардың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар? -Желбезек, жүзбе қанаттар, қабыршақ. Алтын балық келеді. Алтын балық: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Алтын балықпын.

Менің су патшалығыма сегізаяқ келіп, менің достарымды қорқытып қуып жіберді.Мен жалғыз қалдым. Достарыммен бірге жүргенде ғана сиқырлы күшімді пайдалана аламын. Маған достарымды табуға көмектесіңдерші. -Сәлеметсіз бе, Алтын балық! Төрлете ғой. Біз сенің достарыңды тауып береміз. -Балалар Алтын балыққа көмектесейік пе?    Жеке   жұмыс.Шаршаған кезде аквариумға қарап отырса шаршағаны басылады екен,жүйкесі тыныштанады. -Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз күндегіден ерекше болмақ. Себебі, біз тұрмыста қолданылатын шанышқы, мақта таяқшасы және көкөністің бір түрі- картоппен бастырма әдісі арқылы жұмыс жасайтын боламыз. Сендер сурет салудың қандай әдістерін білесіңдер? Жұмыс барысы: (Үлгіден балаларға көрсету) Бояумен жұмыс жасау ұқыптылықты талап ететін ұмытпайық. -Балалар, ең алдымен көк түспен шанышқының көмегімен толқын сызықтар сызып,көлді жасаймыз.Картоптан ойылған балықтың бейнесін қызыл, көк, жасыл түстермен бастырма әдісі арқылы көлдің ішіне бейнелейміз. Мақта таяқшасымен балықтың көзін саламыз.Сұқ саусақты қоңыр түсті майлы бояуға малып нүктелеу әдісімен тастардың бейнесін саламыз. Қылқаламды пайдаланып жасыл түсті бояумен балдырларды бейнелейміз.

Сергіту сәті

-Осы баспа әдісі арқылы қазғаз бетіне де, матаға да түсіруге болады. /жұмыс жасау техникасын үйрету, жеке жұмыс жасау/ -Балалар, жұмысты таза, ұқыпты, тиянақты жасау керек. /Аралап жүріп балалар жұмысын бақылау/ -Саусақпен, нүктелер арқылы, сия тамшысын үрлеу немес түтікше арқылы, жіппен, тіс щеткасымен сурет салу. -Балалар жаттығуды қимылмен орындайды. -Балалар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданып жұмыс жасайды.

Дидактикалық ойын: «Суретші қай жерден қателесті?» Мақсаты: Балалардың суда тіршілік ететін жануарларды ажырата білуге үйрету. Шарты: экрандағы суретке қарап суретшінің қатесін тауып айтып беру.

Балалар шаттық шеңбер жасайды

Балалар жауап береді

Балық

Балалар мұқият тыңдайды

Балалар сергіту сәтін жасайды

 

Рефлексивтік-түзету

-Балалар бүгінгі оқу қызметінде аквариумда тіршілік ететін қандай балықтармен таныстық? -Балықтар қайда өмір сүреді? -Біз алтын балыққа қалай көмектестік? -Сурет салу барысында қандай құралдарды пайдаландық? -Шанышқының көмегімен ненің суретін салдық? -Картоппен нені бейнеледік? -Саусақпен ненің суретін салдық? -Мақта таяқшасын қалай қолдандық? -Қылқаламмен ненің суретін салдық? Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды мадақтап, Алтын балық сыйлықтарын таратып бер Балаларды мақтау мадақтау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Баян

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Адасқан күшіктер

Балдәурен тобына арналған кіріктірілген сабақ жоспары. Балалар 1-ден 10-ға дейін санап, геометриялық пішіндер, тәулік бөліктері мен кеңістікті бағдарлау ұғымдарын пысықтайды.

Баян 36 оқылым 5 мин
Балабақша

Қуыршақты шомылдырып, ұйықтатамыз

Балалар қуыршақ Айгүлді шомылдырып, киімдерін ретімен шешіп, қайта киіндіреді. Қызмет барысында жуыну ережелері мен тазалық дағдылары үйретіледі.

Баян 39 оқылым 2 мин
Қазақ тілі

Тіл тағдыры

Материалда қазақ тілі мұғалімінің міндеттері, оқушыны мемлекеттік тілде сөйлету, тілге сүйіспеншілігін арттыру және тілдік дағдыларын дамыту мәселелері қозғалады.

Баян 239 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин