Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Я дыбысы мен әрпі

Bilimger Media
3 мин оқу 346 оқылым

Сыныбы: 0 «А»

Өткізген мектепалды даярлық топ мұғалімі: Амангелдиева Ғ.Ұ

Қараой ауылы 2019-2020 оқу жылы

Білім беру саласы:            «Қатынас»

ҰОҚ:                                   Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы:                        Я дыбысы мен әрпі.

Бөлім –                                1. Тыңдалым және айтылым.

Бөлімше –              1.1 Сөздердің дыбыстық формаларын   ажырату.

Оқу мақсаты:        0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу,сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.

ҰОҚ мақсаты:    Сөзді буынға бөледі, сөздегі буын санын және   орналасу ретін анықтайды.

Қолданылытын әдіс-тәсілдер:     сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойындар,   құрастыру

Ресурстар:     қима қағаздар, кубиктер, доп, суреттер, ойыншықтар, асықтар.

ҰОҚ кезеңі Педагог әрекеті Бала әрекеті
Мотивациялық-

Қозғаушылық

2 мин

Психологиялық  ақуал.

Шаттық шеңбері.

Балалар бүгінгі сабағымызды жақсы өлең жолдарымен бастайық

Аспанға қарап ай көрдім!

Жерге қарап гүл көрдім!

Жан –жағыма бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Балалар өлең жолдарын іс –әрекет арқылы көрсетеді.
 

Ұйымдастыру

шылық- ізденістік

5 мин

-Балалар, бүгінгі сабақта сендер 3 топқа бөлінесіндер.

-Сабаққа белсенді қатысқан топқа алма беріледі.Сабақ соңында көп алма жинаған топ жеңіске жетеді.

Cөздік жұмыс.

Алма- яблоко- apple

1- топ: Таңғы ас

2- топ: Түскі ас

3- топ: Кешкі ас

Бағалау.

Негізгі бөлім

20 мин

Алдыңғы оқу.

«Ыстық доп» ойыны.

Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптады еске түсіру.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-һ дыбысы қандай дыбыс?

- һ дыбысы бар қандай сөздер бар?

Жаңа сабақ.

-         Балалар, бізге сендер сияқты Аян мен Саят деген балалар хат жазыпты. Олар сендерден мына жұмбақтың жауабын шешуге көмек сұрапты. Көмектесеміз бе?

Жұмбақ:

Аяқта бар,

Баста жоқ.

Таяқта бар,

Таста жоқ.

-Я әрпін таныстыру.

-         Я = Й+А

Қосарлы дауысты дыбыс.

Баспа түрімен

Тақтаға жазбаша түрімен.

Оқулықта берілген я әрпін бастыру.

Топтық тапсырмалар:

1-топ:

1-тапсырма:

Жерден өніп шығатын тағамдарды жасыл түспен қорша.

Малдан алынатын тағамдарды қызыл түспен қорша. Сөздерді буынға бөліп көрсет.

2-топ:

2- тапсырма:

Дыбыстық талдау жаса.

Сия, ұя,таяқ

3-топ:

3-тапсырма:

Пісірмей жейтін тағамдар қайсысы? Белгіле.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

1-топ. Таңғы ас тобы

«Адасқан әріптер»  ойыны

 Мақсаты: әріптерден сөз құрау және баланың қолының ұсақ маторикасын дамытуға арналған тапсырмалар.

Шарты: Қағазға жапсырылған ойыншықтар, асықтар мен әріптерді жіпті  пайдалана отырып сөз құрау.

2- топ: Түскі ас тобы

«Әріптерден сөз құрау»

Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату және  әріптерден сөз құрау.

3-топ:  Ойлан, тап!

Шарты: пайдалы және зиянды тағамдарды ажырату.

-Дыбысты естиміз, айтамыз

- Екіге дауысты,дауыссыз.

- Дауыссыз дыбыс.

- жиһаз, айдаһар, гауһар, қаһар, қаһарман,шаһар, жиһан т.б

-         Я әрпі

Оқулықтағы я әрпін жазу.

-ал-ма, қи-яр, сә-біз

-          құрт, май , нан

-         қарбыз, орамжапырақ, қызанақ

Балалар өлеңді қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді.

-         Қияр, пияз,бояу.

-         Алма, өрік, анар, арша

Пайдалы тағамдар - сүт өнімдері, жеміс-жидектер, дәнді дақылдар,көкөністер.

Зиянды тағамдар - қуырылған картоп, газдалған сусындар, сағыз,тәттілер, балмұздақ.

Қорытынды бөлім

3 мин

-Балалар, бүгін біз қандай әріппен таныстық?

- я қандай әріп?

-сөздің қай жерінде кездеседі?

Бағалау.

Жинаған алмаларыңды себетке санап саламыз, қай топта көп алма сол топ жеңіске жетті.

- я әрпі

-         Қосарлы дауысты дыбыс.

-         Ортасында , басында.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым