Мазмұнға өту

XXI ғасырда диплом қаншалықты маңызды?

Диана 3 мин оқу 35 оқылым

XXI ғасырда диплом қаншалықты маңызды?

Диплом - қандай да бір адамның мамандыққа байланысты жоғары немесе орта дәрежедегі оқу орындарын бітіргенін және жоғары ғылыми дәреже алғанын растайтын құжат.
Дипломның болуы қазір қаншалықты маңызды? Мен үшін диплом деген не?
Менің түсінігім бойынша, диплом - сен жақсы көретін мамандықтың жемісі. Өз мамандығыңды жақсы көріп, оқуға түскенге не жетсін?! Тәмамдаған мамандығың бойынша шын ниетпен жұмыс жасасаң, нұр үстіне нұр емес пе? Бірақ, адам бір ғана салада шектеліп қалмауы қажет. Адам күнделікті ізденіп, дамып, заман талабына сай қабілеттерді меңгергенде ғана өмірде көптеген жетістіктерге жете алады. Осы тұста, «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Бір дипломым - бүкіл өміріме азық» деген ұстаным ескірді. Әрбір адам еңбек нарығына қажет қабілеттерді меңгеріп, заманға бейімделе алса, әрдайым сұранысқа ие болады», деген пікіріне толық келісемін. XXI ғасырда бір ғана дипломның көмегімен өмір сүру өте қиын. Қазіргі таңда көптеген жастар оқуға өз қалаулары бойынша түспейді. Жастардың басым көпшілігі «грант болса болды, әйтеуір, 4 жыл оқып диплом алып шықсам болды» деген ұстаныммен өмір сүреді. Бұл мүлде дұрыс емес. Осындай ұстаныммен өмір сүретін жастарымыздың кесірінен еліміз қарқынды дамымайды. Әрбір түлек оқуға тапсыратын кезде «Мен бұл мамандықты жақсы көремін бе? Осы мамандықпен болашағымды байланыстыра аламын ба? Алтындай уақытымды текке өткізіп алмаймын ба?» деген сұрақтарды өзіне қойып, шынайы жауап беруі қажет. Біздің қоғамымызда жұмыссыздар саны көп және олардың тең жартысы - қолында дипломы бар жастар. Әртүрлі жоғары оқу орындарын қызыл дипломға бітірген студенттеріміз қаншама! Олардың 90%-ы өз мамандықтары бойынша жұмыс жасамайды. Неге? Біріншіден, оларда өз мамандықтарыңа деген махаббат жоқ. Өз мамандықтарың жақсы көрмесе, қалай жұмыс жасасың ?!  Екіншіден, елімізде мамандық бойынша жұмыс табу, жұмысқа тұру қиын дүниеге айналды. Үшіншіден, мамандықтарға төленетін жалақы мөлшері өте төмен. Мысалы, өрт сөндіруші мамандығына еліміздің көп аймағында 150-200 мың теңге ғана төленеді. Өрт сөндіруші мамандығы жауапты, ауыр, тәуекелді қажет ететін мамандық, ал оған төленетін жалақы мөлшері, мүлде сай емес. Қарап отырсақ, мына заманда, 150-200 мыңға өмір сүру қиын емес пе... Осындай жалақы мөлшерін көргеннен кейін, өз өмірін тәуекелге тігіп кімнің дипломмен жұмыс жасағысы келсін?!
XXI ғасырда дипломның өзіндік алар орны бар. Қанша жерден жай қағаз деп қарасақта, сенің біліміңді растайтын жалғыз құжат ол - диплом. Бірақ, ой-өрісі әлі толық қалыптаспаған жастарға «мектепті бітіргеннен кейін міндетті түрде жоғары оқу орнына түсіп, диплом алуың қажет», «мен айтқан осы мамандықты ғана оқисың» деу қаншалықты дұрыс? Білесіздер ме, мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушылардың көпшілігі таңдаған мамандықтарына толық сенімді емес. Олар өздерінің алдағы уақытта қандай мамандық иесі болатындарын білмейді. Өз қызығушылығын таппағандары да бар. Мұның барлығы - қалыпты нәрсе. Осы тұста, пайдалы бір ақпаратпен бөліскім келіп отыр. Америка елінде бала тәрбиесі «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйренуі керек» деген ұстанымға негізделген. Ата-аналар өз армандарың балаларына артпайды. Балаларың жеке тұлға көріп, олардың талап-тілектерің, шынайы армандарың бірінші орынға қояды. Бұл елде жастар 30-дан аса, тіпті, 70-ке келгенде жоғары білім алу үшін университетке оқуға түсіп жатады. Ал оған дейін өздерінің сүйікті істерімен шұғылданып, жаңа қабілеттерді меңгеріп, саяхаттап, өмірден ләззат алып жүреді. Оларда «мектепті бітірдім, енді міндетті түрде оқуға түсуім керек, оқуға түспей қалсам жұрттан ұят» деген сияқты түсінік жоқ. Америка халқы жұрттың қалауынша емес, өз қалаулары бойынша ғұмыр кешеді. Осындай ұстаным бізге де қажет. Біз, бар болғаны 16-17 жастамыз. Болашағымыз - әлі алда. Егер өзімізге лайықты мамандықты таппасақ, жоғары оқу орнына түсуге міндетті емеспіз. Өмірде өзімізге лайықты мамандықты тапқаннан кейін, өз қалауымызбен жоғары оқу орнына түсіп, диплом алып шығу ең дұрысы. Өмірді кейін өкінбестей етіп сүруіміз қажет. Ішкі жан-дүниең қалаған іспен шұғылдан. Төленетін жалақыны ойлап, басыңды қатырма! Өз ісіне шынайы ғашық адам қашанда жақсы қаражат табады. Өз өміріңе өзің ғана жауаптысың!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Диана

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Үш бәйтерегімізге 130 жыл

Қазір біз тәуелсіз елде өсіп -өніп , кең-байтақ жеріміздің топырағын емін еркін басып , келешекке үмітпен қарап жүрген бақытты ұрпақпыз. Осылай өмір сүруіміз үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төккен. Солардың ішінде,…

Диана 64 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Түстердің психологиясы: олар біздің подсознание туралы айтады

Түстердің психологиясы: олар біздің подсознание туралы айтады Түстер - біздің санамызды түсінуге арналған таңғажайып зерттеу пәні. Ғасырлар бойы адамдар: біздің түстеріміз нені білдіреді? Бұл мақалада біз тустеріміздің…

Диана 100 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Қазіргі қоғамдағы феминизм: жетістіктер мен қиындықтар

Қазіргі қоғамдағы феминизм: жетістіктер мен қиындықтар Феминизм – гендерлік теңдік пен әйелдер құқығы үшін күресетін қозғалыс. Оның 19 ғасырдағы феминизмнің бірінші толқынынан басталып, қазіргі заманға дейін дамып келе…

Диана 67 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин