Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

XXI ғасыр жастарының музыкалық стилі

Автор

Аружан Асқарқызы
3 мин оқу 43 оқылым

Рахымжан Амантай жас ақын, медиа менеджер, маркетолог. Өзінің туған ағасы, Қазақстанға аты әйгілі Рамазан Амантай мен өнер саласына енді ғана аяқ басып келе жатқан әнші «Bars Qaba» ның жеке менеджері. Бүгінгі таңда Рахымжан Серік Ибрагимов, Нұрбай Атамұран, Алихан Байсұлтан, Еркеш Хасен сияқты әншілердің туындыларының авторы. «Бізде ше?» , «Сәлем, тағы да мен», «Келесі кездескенше» сияқты бірнеше  әндердің сөзін жазған. Музыка саласында жұмыс жасап жүргендіктен, әрі жастардың музыкалық стилінен хабардар болу үшін  Рахымжанға сұрақтар қойып едік. Сол сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

-Қазіргі таңда жарыққа шыққан әндеріңіздің қанша пайызын жас буын тыңдайды деп ойлайсыз?

-Жалпы, менің жарыққа шыққан әндерім айтарлықтай көп емес. Шамамен отыздай әнім жарыққа шықса, тыңдармандардың 70 тей пайызы жастар деп айта аламын. Ал оның ішінде мені тек қана қазақ тілін түсіне білетін, сөздің төркінін ұғына білетін жастар ғана тыңдайды.

-Ән хит болуы үшін әннің сөзі маңыздыма, әлде әннің ритімі яғни әннің ноталары маңыздыма?Мысалы кейбір әндер сөзі арқылы, ал кейбіреуі ноталары  арқылы хит болып жатады.

-Әнде екеуі де маңызды. Алайда, кейбір әндердіңритімі әнді алып кетеді де, бірақ сөзінің мән-мағынасы жоқ болып шығады. Әсіресе, жарыққа жаңадан шығып жатқан әндердің барлығына топырақ шашпаймын, бірақ көбісінің сөздері дұрыс емес. «Сәйкес келеді екен» деп, мән мағынасыз, орынсыз сөздерді жаза беретін болған. Әннің сөзі де, өзі де сауатты болуы керек. Орысша сөздер мен қазақша сөздерді бір әнге қосып қояды. Не қазақша емес, не орысша емес, ештеңе түсінбейсің. «Галстук, ностальгия» деген сияқты қазақшаға аударуға сәкес келмейтін сөздерді қосса дұрыс. Қазақ тілінің орысша сөздермен араласып өз құнын жоғалтуына жол бермеуіміз керек.

-2015-2019 жылдар аралағында жастар үшін Қайрат Нұртасты, Төреғали Төрәліні тыңдау ұят болатын. Тыңдасаң бітті сені 50-60 жастағы шал-кемпір деп санайтын. Ал қазір Қайратты барлығы жақсы көреді. Бұған не себеп болды деп ойлайсыз? Жастардың ойлау деңгейінің өсуі ме, әлде қазақ тілінің жаңғыруы ма?

-Қазақ тілінің жаңғыруы ең негізгі себептердің деп ойлаймын. Қазіргі уақытта мені қатты қуантатын жаңа дүниелердің бірі қазақ тілдегі «Ozen» атты, дәлірек айтқанда тек қана қазақ музыкаларын тыңдауға болатын платформалардың көбейе түсуі. Осы платформалар арқылы қазақ әндері жандана түсуде. Ал, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрәлі оты өшпейтін әншілердің бірі де бірегейі болғандықтан бүгінде оларды тыңдау керісінше заманауи дәстүрлердің біріне айналды. Бұрыңғыдан қарағанда қазіргі жастар қазақша әндерді көбірек тыңдайтын болған. Бұл дегеніміз  күннен күнге жастардың рухы өрлеп, патриоттық сезімдерінің ояна түсунің дәлілі. Қазақша әндерді тыңдау экономикамызғада, тілімізгеде әсер еткендіктен, қазақша әндерді әлемдік деңдейдегі мықты әндерге айналдыру біздің борышымыз.

-Болашақта барлығына әйгілі  Принц, Джах Кхалиб, Джони  сияқты әншілермен бірге ән шығару ойда барма? Өзіңіз жалпы қай әншілерді сүйіп тыңдайсыз?

-Ол кісілердің жеке шығармашылығын сынамаймын, бірақ тек қана қазақ тілінде ән жазатын болса ғана бұл идея орындалып қалар. Алайда, Димаш Құдайберген, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанаділов сияқты аңыз адамдардың әндеріне сөз жазып берсем  арманым болмас еді. Өз басым Ғазизхан Шекербековтың әндерін сүйсініп тыңдаймын. Мен үшін музыка терапия секілді. Музыка ол эмоция. Адамды жылататын да, қайғыртатын да, қиялға ерік беруге көмектесетін де музыка.

-Рахымжан,  алдағы жоспарларыңыз қандай?Оқырмандарыңызда жаңа әндерге сөздеріңізді күтіп жүрген сияқты?!

-Жаңа ән демекші, жақында Серік Ибрагимов ағамыздың менің сөзіме жазылған “Сүйе беремін” әні жарыққа шығады. Бұл әннің сөзін өзім жазсам, әнін қырғыз музыканты Улан Осмон уулу жазды. Әннің сүйемелдеуі де, өзі де керемет! Мазмұны мен стилі жағынан 90 жылдардағы ретро стиль. Менің репертуарымдағы ерекше өлеңдердің бірі. Бұдан басқа ,  клип түсірумен, маркетингпен айналысып жүрмін. Осы істерімді жақсылап қолға алсам деймін. 2-3 ай көлемінде басқа да жақсы-жақсы әндер шығып қалар. Менен хит күтіңіздер!

-Бізбен сұхбаттасқаныңыз үшін көп рахмет! Сізге тек қана сәттіліп тілейміз, алар асуларыңыз биік болсын!

Сұхбаттасқан  Аружан Асқарқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аружан Асқарқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин