Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 72 оқылым

Олжабаева  Хуршида

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Педагогтіңаты-жөні Олжабаева  Хуршида
Күні:
Сынып: 7 «В» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтыңтақырыбы XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынасы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
Сабақтыңмақсаты Қазақхандығының ішкі саяси жағдайын талдайды

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру

кезеңі

Бекіністердің суреттері арқылы  оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлінеді Мадақтау Оқулық
Жаңа сабақ Ресей империясы мен Қазақ хандығы арасындағы қатынас сонау XVIғ өзінде-ақ қаланды. Алайда бұл қатынас шектеулі сипатта болды және негізінен дипломатиялық қатынастар мен сауда байланыстары ғана болды. 1558 жылы орыстың Строганов көпестері патша Иван Грозныйдан Еділ тұрғындарынан, кейіннен сібірлік жатжұрттықтардан «бағалы аң терілерін» алып сауда жасауға грамота алды. Өздеріне сыйға берілген ұлан-ғайыр аумақта олар бекіністік қатынастар салуға, ауқатты адамдарды күтіп ұстауға, қазына мен металл балқытуға, тұз қайнату мен ауыл шаруашылығын дамытуға міндеттелді. XVIғ Орта жүз қазақтары мен Строганов көпестері сауда-саттық жасаған еді.

Қазақ хандығының Ресеймен байланысының белсене түсуі XVIII ғасырдың алғашқы отыз жылдығымен тұстас келеді. Оған екі жақ та мүдделі болды. Қазақ билеушілері көбіне солтүстік көршілерімен сауда-саттық байланысын нығайтуға тырысты.

1-тапсырма

Сұраққа жауап беріңіз

Бекіністер Салынған жылы
Омбы 1716
Семей 1718
Өскемен 1720
Қорытынды:Бекіністер Ертіс өзені бойындағы патшалықтың жағдайын күшейтуге қолайлы еді. Ондағы негізгі мақсаты Қазақ хандығы мен Жоңғар қонтайшысына тиесілі жерді өзіне қосып алу болды.

2-тапсырма

Ресей империясының Қазақстанды өз ықпалына алу себептері қандай болды?

Жауабы:

1.         Қазақстан Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан және басқа да Азиялық мемлекеттерге әскери іс-әрекеттерін алға қарай жылжытуға қолайлы болды.

2.         Ресей империясының фабрика-зауыт өнімдерін өткізу үшін Қазақ хандығы үлкен нарық саналды.

3.         Қазақ хандығы болашақта Ресейге түрлі шикізат, пайдалы қазбалар , мал шаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын аймақ болар еді.

4.         Ресей Қазақ хандығын өзге де көшпелілер сияқты алым-салық төлеудің қайнар көзі деп білді.

Сабағымызды қорытындылай келе

Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген алғашқы саяси-экономикалық шаралары онша табысты болмағанымен, Петербург билеушілері қазақ жерінің Азияға «кілт пен қақпа» екенін ескеріп, қандай жолмен болсын өз ықпалын нығайтуды империяның шығыстағы саясатының күретамыры ретінде қарастыра бастады.

 

Бекіністер жайлы жазады

Ресей империясының Қазақстанды өз ықпалына алу себептерін жазады

 

Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Мұғалімнің бағалауы

 
Қорытынды Кері байланыс:«Бағдаршам» стратегиясы

1.Бүгінгі сабақтағы басты оқиға?

2.Не қызықты болды?

3.Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер, қандай жаңалық алдыңыздар?

  Оқушылар бағалайу

критерийлерімен  өз деңгейлерін  бағалайды

 
Оқу тапсырмасы XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынасын оқу.      
Авторы
Олжабаева Хуршида

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 14 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 28 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 13 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 109 оқылым