Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Xll Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі "Ұлы Жібек жолымен"

Автор

Махаббат
2 мин оқу 32 оқылым

Кітап – адамзат мәдениеті мен білімінің ажырамас бөлігі. Кітап басу ісі өркениеттің дамуымен тығыз байланысты және ұлттық құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады. 2024 жылғы 20 қарашада өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық кітап көрмесі бұл саладағы жаңашылдықтарды көрсетуге және ұлттық рухани мұраны дәріптеуге бағытталған. Бұл мақалада көрмеге қатысқан жетекші баспалардың қызметі мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы рөлі ғылыми тұрғыдан талданады.

Кітап көрмелері оқырмандар мен баспагерлер арасындағы байланысты нығайтып, әдеби және мәдени жаңалықтарды таныстыру алаңы болып табылады. "Ұлы Жібек жолы" көрмесі Қазақстандағы баспа ісі мен мәдениеттің дамуына ерекше әсер етіп, ұлттық әдебиетті әлемдік деңгейге көтеру жолында маңызды қадам болды.

Көрме барысында Marfu Press, Astanakitap, және т.б отандық баспалардың өнімдері ұсынылды.Одан бөлек кітап дүкендері деп көрмеге белсенді ат салысты.Мысалы; Kitapal, Jana bala т.б. Баспалардың қызметі ұлттық әдебиет пен мәдениетті жаңғырту, балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлу, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдану арқылы жаңа оқырман аудиториясын қалыптастыру сияқты бірнеше бағытты қамтиды.

Marfu Press баспасы: Рухани мұраны жаңғырту.Marfu Press ұлттық әдебиет пен мәдениетті жаңғырту жолында елеулі еңбек етіп келеді. Бұл баспа "Жаңғырық" сериясы арқылы тарихи құнды шығармаларды заманауи дизайнмен қайта басып шығару арқылы оқырмандардың назарын аударды. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» және Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптарының қайта басылуы руханиятқа деген құрметті көрсетеді.Сонымен қатар, баспа балалар әдебиетіне ерекше назар аударып, сапалы иллюстрациялармен жабдықталған кітаптар шығаруда. Бұл шығармашылық үрдіс жасанды интеллект технологияларынан бас тартып, авторлық қолтаңбаны сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Astanakitap баспасы: Білім мен инновацияны үйлестіру. Astanakitap баспасы оқу-әдістемелік әдебиеттерді жоғары сапада дайындап, білім беру саласында жаңа жобаларды іске асыруымен ерекшеленеді. Баспа "Smart кітапхана" жобасы аясында жаратылыстану бағытындағы оқулықтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеп, ұлттық құндылықтарды қамтуға ерекше көңіл бөлді.Баспа сапалы аударма әдебиеттерін шығару бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта оқырмандар арасында танымал болған фантастикалық жанрдағы шығармалар мен заманауи әдебиеттерді ұсынды.

Jana Bala.kz дүкен: Балаларға арналған ойыншық кітаптар.Jana Bala.kz ұйымы балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Заманауи технологиялармен жабдықталған ойыншық кітаптар арқылы балалар ұлттық аспаптар мен ертегілер әлемімен танысып, қазақтың бай мәдениетін меңгере алады.Ойыншық кітаптардың ерекше форматы оларды қазақ әдебиетінің жаңа кезеңіне айналдырды. Бұл жоба тек тәрбиелік құрал ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тиімді әдіс ретінде бағаланады.

"Ұлы Жібек жолы" халықаралық кітап көрмесі баспа ісі мен ұлттық мәдениеттің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болды. Көрмеге қатысқан баспалар мен жобалар ұлттық әдебиеттің әлемдік деңгейге көтерілуіне және заманауи оқырманның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бастамаларымен ерекшеленді.Мұндай игі бастамалар Қазақстанның білім беру, мәдениет және әдебиет саласындағы жетістіктерін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Махаббат Тұрдалы 

Әл-Фараби атындағы.                   Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультетінің "Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының" 3-курс студенті.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Махаббат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мәтіндегі қате медиа этиканы бұзады

Мәтінде қателердің медиа этикаға, қоғамдық сенімге және жеке тұлға беделіне ықпалы қарастырылады. Фактчек пен редакциялық бақылау арқылы олардың алдын алу жолдары түсіндіріледі.

Махаббат 59 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Назгүл Қожабекқызы "Медиа этика" пәні аясында

Назгүл Қожабектің медиа этика туралы еңбегінде журналистік нормалар, ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы және кәсіби жауапкершілік сөз болады.

Махаббат 39 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Ұлы Жібек жолы халықаралық кітап көрмесіндегі баспалар: Ұлттық мәдениет пен білімнің дамуындағы рөлі

2024 жылғы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап көрмесіне қатысқан баспалар мен кітап дүкендерінің қызметі, ұлттық мәдениет пен білімді дамытудағы рөлі қарастырылады.

Махаббат 52 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин