Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлы Жібек жолы халықаралық кітап көрмесіндегі баспалар: Ұлттық мәдениет пен білімнің дамуындағы рөлі

Автор

Махаббат
2 мин оқу 52 оқылым

Кітап – адамзат мәдениеті мен білімінің ажырамас бөлігі. Кітап басу ісі өркениеттің дамуымен тығыз байланысты және болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызды міндет атқарады. 2024 жылғы 20 қарашада өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап көрмесі бұл саладағы жаңашылдықтарды көрсетуге, дәріптеуге бағытталған. Бұл мақалада көрмеге қатысқан жетекші баспалардың қызметі мен ерекшеліктерін одан әрмен жаңғыртудағы рөлі ғылыми тұрғыдан бағаланды.

Кітап көрмелері оқырмандар мен баспалар арасындағы байланысты нығайтып, әдеби және мәдени жаңалықтарды таныстыру алаңы болды. «Ұлы Жібек жолы» көрмесі Қазақстандағы баспа ісі мен кітап нарығының дамуына ерекше әсер етіп, әдебиетті әлемдік деңгейге көтеру жолында маңызды қадамдар жасады.

Көрме барысында Marfu Press, Astanakitap және т.б отандық баспалардың өнімдері ұсынылды. Одан бөлек кітап дүкендеріде көрмеге белсенді ат салысты. Мысалы: Kitapal, Jana bala т.б. Шетелдік баспалардағы заманауи технологияларды қолдану арқылы жаңа оқырман аудиториясын қалыптастыру сияқты бірнеше бағытты қамтиды.

Marfu Press баспа саласында жүйелі түрде еңбек етіп келеді. Бұл баспа «Жаңғырық» сериясы арқылы тарихи бағалы шығармаларды заманауи дизайнмен қайта басып шығарып осы арқылы оқырмандардың назарын аударады. Мысалы: Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» және Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптарының қайта басылуы руханиятқа деген құрметті көрсетеді.

Сонымен қатар, баспа балалар әдебиетіне ерекше назар аударып, сапалы иллюстрациялармен жабдықталған кітаптар шығаруда. Бұл шығармашылық үрдіс жасанды интеллект технологияларынан бас тартып, авторлық қолтаңбаны сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Astanakitap баспасы оқу-әдістемелік әдебиеттерді жоғары сапада дайындап, білім беру саласында жаңа жобаларды іске асыруымен ерекшеленеді. Баспа "Smart кітапхана" жобасы аясында жаратылыстану бағытындағы оқулықтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеп, жаңашыл кітаптармен қамтуға көңіл бөлді. Баспа сапалы аударма әдебиеттерін шығару бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл баспа оқырмандар арасында танымал болған фантастикалық жанрдағы шығармалар мен заманауи әдебиеттерді ұсынды.

Jana Bala.kz дүкен: Балаларға арналған ойыншық кітаптар шығаруда. Заманауи технологиялармен жабдықталған ойыншық кітаптар арқылы балалар ұлттық аспаптар мен ертегілер әлемімен танысып, қазақтың бай мәдениетін меңгере алады. Ерекше форматтағы кітаптар қазақ әдебиетінің жаңа кезеңіне айналды. Бұл жоба тек тәрбиелік құрал ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тиімді әдіс ретінде бағаланады.

«Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап көрмесі баспа ісінің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болды. Көрмеге қатысқан баспалар мен жобалар әдебиеттің әлемдік деңгейге көтерілуіне және заманауи оқырманның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бастамаларымен ерекшеленді.

Marfu Press, Astanakitap Almatykitap, Дәуір, Атамұра және Kitapal, Jana Bala.kz баспалар мен дүкендер желісі болашақ ұрпаққа кітап мұрасын жеткізудің жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай бастамалар Қазақстанның білім беру, мәдениет және әдебиет саласындағы жетістіктерін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Махаббат Тұрдалы 

Журналистика факультеті "Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының" 3-курс студенті (дұрыс нұсқасы)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Махаббат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мәтіндегі қате медиа этиканы бұзады

Мәтінде қателердің медиа этикаға, қоғамдық сенімге және жеке тұлға беделіне ықпалы қарастырылады. Фактчек пен редакциялық бақылау арқылы олардың алдын алу жолдары түсіндіріледі.

Махаббат 59 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Назгүл Қожабекқызы "Медиа этика" пәні аясында

Назгүл Қожабектің медиа этика туралы еңбегінде журналистік нормалар, ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы және кәсіби жауапкершілік сөз болады.

Махаббат 39 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Xll Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі "Ұлы Жібек жолымен"

Мақалада «Ұлы Жібек жолы» халықаралық кітап көрмесі мен оған қатысқан отандық баспалардың ұлттық әдебиетті, мәдени мұраны және балалар кітаптарын дамытудағы рөлі талданады.

Махаббат 32 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин