Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері

Санатқызы Маржан
2 мин оқу 77 оқылым

Волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелері.

Волонтер-ерікті, еркін адам. Волонтерлер, менің білуімше, халыққа көмектесуші, жауапкершіліктері мол адамдар. Көбіне бұл қатарда студенттер мен еліміздің белсенді жастары болады. Олардың басты қызметі: кез келген істі, жұмысты жұмыла көтеру, қол ұшын созу.

Волонтер - адамның қалауы бойынша өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласуы. Еріктілер - өзінің атқарған ісі үшін ешкімнен төлемақы күтпейді, себебі бұл іс - еріктілердің жүрек қалауымен атқарған істері. Еріктілер қоғам үшін атқаратын қызметтерін азаматтық борышы деп санайды. Өзгенің жағдайын жасау, көңілін табу, жәрдем ету - ақысыз, жан рахаты үшін атқарылады деп санайды. Жалпы, елімізде волонтерлік қызметке қатысты халықтың арасында айқын түсінік қалыптаспаған. Волонтерлік термин ретінде көп адамға таныс болғанымен, оның мән-мағынасы, қоғамға пайдасы жайлы толық түсінік жоқ. Менің ойымша, еліміздегі, яғни, Қазақстандағы волонтерлік істі әлі дамыту қажет.
      Қалай дамыта аламыз? Мысалы, біріншіден, Волонтерлік - әркімнің міндеті деп қабылдайық. Шынына келсек, әр азамат волонтер болуы керек. Көмек¬ке мұқтаж адамдар өте көп. Мәселе материал¬дық көмекте емес. Жылы сөз айтып, қолдағаныңның өзі волонтерлік. Бұл да үлкен сауап. «Бәрі жақсы болады» дегенді естігісі келетіндер қаншама. Жауапкершілік те әр адамның міндеті. Бұл тек волонтерлердің ісі деп қарайтын мәселе емес. Әр азамат тұрып жатқан жеріміздің бізге тек уақытша берілгенін есінен шығармағаны жөн. Қоғам¬ның, балаларымыздың алдындағы жауапкершілікті сезінуіміз керек. Жердегі қоқысты көтерген¬нің өзінен елімізге кішкентай болсын пайдасын тигізер деген ойдамын. Сондықтан волонтерлер деп жауап¬кер¬шілік пен міндетті шектемеген жөн. Бұл барлығымыз бірге, жұмылып кірісетін жұмыс. Екіншіден, волонтерлік іс хоббиге айналса, осы салада үлкен өзгерістердің болары анық. Сарапшылар зейнетке шыққаннан кейін айналысатын шаруасы болмайтын адамдардың тез қартайып кетуі жиі кездесетінін айтады. Осы кезекте зейнет жасына жеткеннен кейін уақытын қалай өткізуді білмейтін азамат, азаматшалардың да әлеуетін осындай жолмен игі істерге жұмылдыруға болады. Мысалы, ағылшын тілінің мұғалімі ретінде зейнетке шыққан азаматтар бос уақытын жастарға өз білгенімен, білімімен бөлісе алады. Сол сияқты өзге де қоғамға пайдалы мамандық иелерінің әлеуетін мүмкіндігінше пайдалануымыз қажет. Үшіншіден, кемі екі жыл волонтерлік қызметпен айналысқан адамдар үшін жоғары оқу орнына түсер кезде, жұмысқа қабылданар сәтте жеңілдіктер қарастыру немесе жеке кәсіппен шұғылданатын тұлғалар үшін волонтерлікпен айналысқаны, әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін сыйлық беру сынды мәселелерді іске қосуға болады. Осындай қадамдар арқылы да елімізде волонтерлік қызметке қызығушылықты арттыра аламыз.
      Қорытындылай келе, қиыны мен қызығы мол бұл сала, маған үйреншікті болып көрінгенімен, өзгелерге қиын болары сөзсіз. Әсіресе, көмекке мұқтаж жандарға, өзгеге материалдық жағынан көмек беруі қиын болары сөзсіз. Сол үшін мен «Ерікті болу – ерлікпен тең» деп айтар едім.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Санатқызы Маржан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым