Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұялы телефондардың толқындарының адамның денсаулығына әсері

Bilimger Media
3 мин оқу 37 оқылым

Жасаған:

С.Ж.Асфендияров

атындағы ҚазҰМУ-нің

1 курс студенті

Қуатбек Олжас

Ғылыми жетекшісі:
Абдрасилова Венера

Оналбаевна,

“Биофизика” пәнінің оқытушысы

Ұялы телефондардың толқындарының адамның денсаулығына әсері

Аннотация:

Бұл мақалада заманауи адамға электромагниттік толқындардың күнделікті әсері,ұялы телефондардан шығатын толқындардың адамның ұлпасына тигізетін әсері туралы айтылады.Соңғы 100 жылда ұялы телефондардың дамуы мен шығаратын толқындардың өзгерісі қарастырылады.

Кіріспе және мақсаты: Электромагниттік сәулелену

белгілі бір материалдан өтетін радиожиілік диапазондағы

қоршаған ортада энергияның бір бөлігін жоғалтатын толқындар

.Соңғы уақытта электромагниттік сәулелерді шығаратын құрылғылар: ұялы телефондар, оларды байланыстыратын базалық сатнциялар көбейіп кеткен. Қатерлі ісікті зерттейтін Халықаралық агенттілігі(ICAR) бұл сәулелерді канцерогендер қатарына жатқызды.Сондықтан ұялы телефондардың адам ағзасына зиянды әсері туралы көптеген күмәндар туындады.Әр жыл сайын ұялы телефондардың қолданушы саны мен шығатын сәулелері өсуде.Бүгінгі мақалада бұл құрылғылардан шығатын электромагниттік сәулелердің денсаулыққа қалай әсер тигізетінін талдайтын боламыз.

Материалдар және әдістер:

Статистикаға сүйенсек 2017 жылда дүниежүзінде 7,7 млрд адам өмір сүрсе,сол кезде 7,53 млрд ұялы телефон шығарылды, қатынас 1,02.Бұдан түсінетіміздей әр адам ұялы телефонға иелене алады.Көптеген зерттеулерге жануарларды алады.2018 жылы АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық токсикологиялық бағдарламасында ұялы телефондардың электромагниттік сәулесінің

жануарларға әсерін тексеріп,есеп берді.Сонымен қатар, CERANAT француз компаниясы адамдарға ұялы телефонды ұзақ уақытқа беріп глиома және басқа қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығын зертттеді.Әрбір онжылдықта Еуропа елдерінде телефондарды қолдану саны қатты өсті.

2-ші графикте Польшадағы электр өрісінің кернеулігінің өзгерісін көре аламыз.Бұл тәжіриберлерге телефондарды 10 жылдан артық ұстаған қолданушылар қатысқан. Француздық  “INTERPHONE” зерттеу тобы зерттеуінде 1-4 жыл және >1640 cағаттан көп телефон қолданған адамдардағы денсаулықтың өзгерісін бақылады.

Нәтижелер:

1-ші тәжірибеде АҚШ-тың Токсикология есебінде тәжірибе нәтижесінде егеуқұйрықтар мен тышқандарда глиома мен шваннома ауруларының дамып кеткені болып шықты. 90 еркек мен 90 ұрғашы әрқайсысынан алып,күніне 0, 1,5, 3 и 6 Вт/кг жиілігінде 18 сағат 1 апта бойы электромагниттік сәулелер шашыратты. 2-ші тәжірибе нәтижесінде бірнеше адамға телефонды ұзақ уақыт пайдалануға берілді.Соңында әр жыл сайынтелефон қолданысымен  глиома немесе менингиома ауруларының даму ықтималдығы 1,2% өсетіні анықталды.Зерттеулер нәтижесінде мегаполисте тұратын әрбір адам қаланың сәулеленуінен,көптеген телефондармен жақын орналасқандықтан,қаладан тыс,байланысы аз жерлерде тұратны адаммен салыстырғанда 8 еселік күшпен қатерлі ісікпен ауырады.

. “INTERPHONE” зерттеу тобы зерттеуі нәтижесінде  көп телефон қолданған адамда глиома немесе менингоманың пайда болу жиілігі 3,77%-4,8%-ға өсетіні анықталды.

Қорытынды:

Қорытындылай келе,мен бұл зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып,қазіргі таңда сағаттап дамып жатқан ұялы телефондар өнімі бүккіл адамзатқа зиян келтіріп жатыр.Шетелдік зерттеулерде Халықаралық қатерлі ісікпен кұресетін агенттілікке(ICAR) телефондардағы иондаушы емес электромагниттік сәулелерді канцерогендердің 2B санатынан 2A санатына ауыстыру қажеттілігі айтылып жатыр. Сонымен қоса ICAR-дың пайымдауынша бұл сәулелердің зияндылығы жасөспірімдерде қатты байқалады,себебі олардың миы әлі қалыптаспаған.Адамдар күнде бір-бірімен қарым-қатынас жасаған соң,телефонды жиі бас аймағына жақындатуға мәжбүр,ал оның өзі мидың өзіне сәуле қабылдауына алып келеді,әсіресе самай,шүйде аймақтарында.Менің ойымша,біз қазір максималды түрде адам денсаулығына нұқсан келтірмейтін толқын жиіліктеріне көшуіміз қажет немесе ұялы байланыстың жаңа технологиясын ойлап табуымыз қажет.Мәселен,14 млн адам тұратын Токионы алсақ,әр адамда 1 телефон бар деп алсақ,мегаполис тұрғыны денесіне көп мөлшерде электромагниттік сәулелер жұтатыны анық болады. Сол себепті өмірімізді жеңілдеткен ұялы телефондар бізді күнде улап отыратынын түсіну керек.

Әдебиеттер

  • https://www.spandidos-publications.com/10.3892/ijo.2015.2908#
  • https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/31515981/

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым