Мазмұнға өту

Ұстаздық ғұмыр - мәңгілік

Bilimger Media 3 мин оқу 505 оқылым

Мурадили Назира

Қарлығаш көңіл қалықтап,

Қиялап ұшар шарықтап.

Ұстаздық ғұмыр - мәңгілік,

Жүрекке қонар қалықтап.

Осы бір өлең жолдарына көңіл бөлсем, мұның астарында терең сыр бар екенін енді ғана ұққандаймын...

Бұл «Ұстаздық ғұмыр - мәңгілік деп...» деп өзінің 40 жыл  ұстаздық жолын қорытындылаған шығармашылық кеште анамның айтқан сөзі.Ұстаз болуды арман етіп, алдыма мақсат еткен себебім де менің өз отбасым ұстаздықтың ұлы жолын әлі осы уақытқа дейін жалғастырып келеді. Бұл әрине үлкен қасиетті мамандық деп танылып атадан балаға беріліп келе жатқан дәстүр жалғасындай.

Егер өз білетіндерімді саралап айтсам: менің өз ата-анам мұғалім. Анам қазақ тілі мен әдебиетінен, әкем тарих және заң пәндерінің оқытушылары болды. Бірақ әкем кейін құқық қорғау органдарында қызметте болып, соңғы жылдары заң институтында қызмет жасады. Ал анам білім саласында көп жыл еңбек етті. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан мұғалімдерінің ҮІ съезінің делегаты, президиум мүшесі болған. Сонымен қатар ата-әжем де білім саласында еңбек еткен жандар. Әжем Есназарова Бақыт  Білім беру саласының үздігі, Қазақстан мұғалімдерінің І съезінің делегаты, СССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасының иегері. Әжем үнемі менің ізімді жалғастырып келесіңдер деп қуанып отыратын. Ол кісінің әкесі Ы.Алтынсарин мектебінің ең алғашқы директоры болған. Сондықтан қызын 14 жасынан ұстаздыққа баулыған. Атам мен әжем екеуі де елге сыйлы болып, олардың шәкірттері халықтың белгілі азаматтары болған, шәкірттерімен  үнемі мақтанып отыратын.

Қазір қарап отырсам, ұстаздық жолды төртінші ұрпақ жалғастырып келеді екен. Бір ғажабы ата-әжем мен еңбек етіп жүрген колледжде (ол кезде  пед. техникум) оқып, оқытушылық қызметін бастаған. Осылай жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығы осы мамандықтың қадір-қасиетін ұғынуға, қадірлеуге, құрметпен жалғастыруға бағыт алғандай...

Бұл ретте Я.А.Коменскийдің айтқан «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»деп айтқан сөзі осы мамандықтың қадірін барынша айқындай түскендей.

Нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі болу үшін қанша күш керек десеңізші?!

Өзгеге нұр құю үшін өз жан дүниемді нұрландыруым керек, демек рухани жан дүниемді байытуым керек. Оған оқу, іздену арқылы жетуге болады деп ойлаймын. Меніңше өнер білімге құштар, жаны асқақ ұлттық болмыс-бітімі ерекше, үлттық ар-намысын ардақтайтын, бойында жақсылық пен ізгіліктің нәрі мол жан ғана ұстаз бола алады деп ойлаймын.

Бұл ретте М.Әуезовтің айтқан сөзі еріксіз ойға оралады. «Мұғалімдердің іс-әрекеті неғұрлым кең өрісті боп келсе, оның рухани бейнесінде ерік-жігер салалары да соғұрлым жоғары, зор мәнді болатыны хақ».

Қазақтың арыстары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин бәрі де кереметтей пікірлер айтты, жол көрсетті, бағыт берді, жазды, ұлықтады. М. Жұмабаев «Алты алаштың баласының басы қосылса, мұғалімнің орны төрде болуы керек» деп айтуы осы мамандықтың қоғамдағы орнының қандай екенін паш еткендей.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім ғасыры. Білім ғасырының тәрбиешісі - ұстаздар. Ендеше өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттердің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деп тануға болады.

Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрлыс өзгеріп жатса да, қажеттілігін жоймайтын маңызды мәселе -  жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның қиыны. Себебі, әр адам қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Сол бір әлемнің өмірдегі өзіндік орнын табуына ықпал ететін жандар - ұстаздар. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етуші ғана емес, өнеге беріп бағыттаушы. Қоғамдағы әр адамның орнын айқындаушы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.

Қазіргі мына дамыған заманда, ХХІ ақпараттар ғасырында бұл киелі мамандықтың жүгі барынша ауырлай түсті. Білім беру жүйесіндегі сан қилы өзгерістер мұғалімдерге қойылатын талаптар қай ұстазды болса да ширатып, үздіксіз ізденіске жетелегендей.

Жаңа формациядағы ұстаз өз мүмкіндігін объективті бағалайтын,  әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясында жүріп жатқан жаңа интеграциялық процестерге бейімделуді қажет ететін сияқты.  Бұл ұстаздардың үнемі үздіксіз шығармашылықпен еңбек етуіне жол ашты.

Дегенмен,  мен күнде  сабаққа бара жатқанда өз анам айтқан мына бір өлең жолдарын іштей қайталап, өз ұстанымым етіп алғандаймын...

Жақсы берсең сабақты,

Боларсың әркез ардақты.

Ізденіп жүр жалықпай,

Болу үшін жан-жақты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин