Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұстаздың үлкен жүрегі

Автор

Байдуллаева Жаркынай Таскараевна
1 мин оқу 51 оқылым

«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» деп қазақтың бір туар ұлы, батыр  Бауыржан Момышұлы айтып өткендей,  ұстаз — қарапайым маман иесі болғанымен, олар әрқашан аты үлкен әріппен жазылуға тиісті ұлы тұлға. Ұстаз. Осы бір киелі  сөз әр адамның жүргінде мәңгі ұмытылмайды.                    Алғаш мектеп есігін аттаған кезде мені жылы жүзді, бойында балаға деген мейірім шуақ шашып тұрған қасиет тұнған Аймағанбетова Зағипа  ұстазымыз қарсы алған болатын.  Мейіріммен қарсы алған алғашқы ұстазымыз жүректегі қобалжуды жылы сөзбен сейілтіп, білімге деген құштарлығымызды оятты. Ұстазымыз әріп үйретіп,жазу жаздырып, тәртіпке баулыды. Қателік жасағанда жай ғана түсіндіріп, кешіре білді. Жүрегі кең мұғаліміміз бізді ақылды, сабырлы, жинақы болуға тәрбиеледі. Арасында күлкі сыйлап, сабаққа деген ынтамызды арттырып алатын. Ұстазымыз бізге үнемі «жақсы оқыңдар, тәртіпті болыңдар» деп бағыт-бағдар беріп отыратын. «Жақсы маман болу үшін мектептен бастап жақсы оқу керек» дейтін. Соны құлағымызға құйып өскен мен мектеп бітіргенде сол кісідей  ұстаз болуды армандадым.

Алғаш қолыма қалам беріп, өмірдің қыр-сырын үйреткен  ұстазым өмірден озып кетсе де, менің жүрегімде мәңгі қалары сөзсіз. Ұстаздың қадір-қасиетін де алғашқы ұстазымызға қарап түсіндім. Болашаққа дегенім сенімім мен үмітімді оятқан да  осы алғашқы ұстазым болатын. Мен ол кісіден ұстаздың үлкен жүрегін көрдім, сол жүректің жылуын сезіндім, сол кездері үлкен жүрекке менің еркелігім, қателігімнің бәрі сиып кеткенін түсіндім. Ұстаз мамандықтың ғана емес, адамдықтың иесі болу керектігін ісімен, мейірім-махаббатымен ұғындырған ұстаздар ғана балаға  бақыт сыйлай алады.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп керемет айтылған . Анамыздай  қамқор болған ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз.   Ұстаздың берген тәрбиесі әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ тәрізді,ол адамның тұлға болып қалыптасуына жол сілтейтін  құдіретті күш иесі екенін білдік.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байдуллаева Жаркынай Таскараевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин