Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның».

dinara
3 мин оқу 32 оқылым

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деп бекер айтылмаса керек.
Менде осындай керемет мереке қарсаңында өзімнің тәлім тәрбие алған ұстаздарымды есіме алып дәріптеп өткім келді!
Мен Садыбаева Оралай Абдиашимовна Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы Мырзашөл ауданына қарасты Сұлтан Сегізбаев атындағы №4 жалпы орта мектебінде 11 жыл бойы сапалы білім мен саналы тәрбие алып шықтым. Қолыма алғаш қалам ұстатқан марқұм сынып жетекшім Тоғызбаева Жамила апай еді. Апайым өте ақ көңіл, жаны жайсаң ұстаз еді. 5 сыныптан 11сынып аралығындағы сынып жетекшілерім Құралай апай, Жанар апай және Азимбаева Гүлзина деген апайлар болды. Мен мектеп кезінде қазақ тілін өте жақсы көретін едім . Қазақ тілінен Балғынбаеа Ботакөз деген апайым сабақ беретін еді. Өте сұлу ақылына көркі сай, өте салмақты ұстаз болатын. Мен сол апайға қарап тамсана отырып мұғалім болуды армандайтынмын!
Біздер мектеп кезінде неміс тілін оқитынбыз. Неміс тілінен апайымыз өте қатал болатын! Апайымыз неміс тілінен сөздік жаттамасаңдар кешке мектепке қамап кетемін десе шынымен сол сөзге сеніп , 5-6 сынып кездерімде қорыққанымнан неміс тілінен бір общий тетрадь сөздікті жаттап алған болатынмын. Қазір ойласам сол кезде апайым бізді оқыса, жаттап алса жаман болмайды деген ниетпен айтады екен ғой!
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен- тарихтағы ең ұлы істің бірі» -деп К.Д.Ушинский айтып өткендей мен мектеп кезімдегі ұстаздарымды есіме алатын болсам, директорымыз Садыбаев Әбдіжаппар ағай, Жақсылықов Өктемхан ағай, тәрбие ісі жөніндеге апайымыз Абильдаева Гүлжан апай, оқу ісі жөніндегі орынбасар Алима апай, математика пәнінен Есқараевна Бейсенгүл апай және де Кушенова Бақтыгүл апай, физика пәнінен Биматова Сұлухан апай, Умарова Ұлар апай, Қонаров Берді ағай, О.Ермаков ағай, Умарова Ұлар апай,Бухарбаева Рахат апай, Жанар апай, педагог-психолог Әбдіразақ ағай, Жақсыгүл апай , өзбек тілінен Райхан апай және де музыка сабағынан Жанат апай сабақ беретін еді. Мен музыка сабағын да өте жақсы көретінмін!
2004 жылы мектепті үздік бағамен бітіріп , Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" университетіне гегография және тарих факультетінің "География" мамандығына оқуға түстім. Студенттік шақтарымның әрбір күні қызықты өтті. Кураторымыз Сырбаева Алмагүл апай болатын. Апайым өте мейрімді, ақ көңіл апай еді. Студенттік шақтарымдағы ұстаздарым Исмайилова Гүлайым апай, Шірінгүл апай, Зоржанова Гүлзина апай және де Кашкаров ағай, тағы да басқа апай- ағайлар білім берді.
2008 жылы универстетті бітіріп шықтым. 2011жылы Түркістан облысы, Жетісай аданының білім бөліміне қарасты №114 жалпы орта мектебіне (қазіргі Хиуаз Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі) іс жүргізуші қызметіне сол мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған марқұм Ильясов Арысбек ағай жұмысқа тұрғызамын деп апарған еді. Сол кезде шынымды айтсам мен үйге келіп көмпьютер жазуды білмеймін, мен бұл жұмысты істемеймін, жұмысқа бармаймын деген едім . Сол кезде Арысбек ағай қызым үйреніп кетесің, барлығы да жайлап үйренген деп айтқан болатын. Мені жұмысқа алған Давлатов Жүсіп ағай болатын. Жүсіп ағай өте салмақты, білімді, ізденімпаз, сабырлы болатын. Мен көмпьютер жазуды жақсы меңгермегендіктен бұйрықтар жазған кезде кейбір әріптерді қате жазып барсам, қателерімді ручкамен туралап, қайтадан жаздыратын еді. Сол кезде ағай менің қатемді туралап қайта жаздыруының себебі, мені өзі үйренсін деген екен. Сондықтан да мен әрдайым Давлатов Жүсіп ағайдың білімділігін, салмақтылығын және де ақылдылығын құрметтеп, әрдайым ағайды мақтан тұтып, қуанышпен айтып жүремін!
Сол кезде маған компьютерді жазуды үйреткен Ботабаева Нүргүл апайға алғыс білдіремін. Нүргүл апай маған ерінбей үйреткен еді. 2013 жылы география пәні мұғалімі қызметіне ауыстым . Геогрфия пәні мұғалімі Ильясова Орын апай мен тарих және география пәні мұғалімі Ажибеков Еркін ағай маған география пәнінен сабақ беруді үйреткен болатын. 2018 жылы қосымша білім беру педагогы лауазымына ауыстым.
«Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей,шешесіндей сүйетін болса,ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де,мшәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз»- деп Л.Н.Толстой айтып өткендей менде өмір жолымды осы ұстаздарым секілді өз ісімді сүйіп, келешек ұрпаққа яғни шәкірттеріме саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолына арнаймын.

Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х. Доспанова атындағы №28жалпы
білім беретін мектеп»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
қосымша білім беру педагогы
Садыбаева Оралай Абдиашимовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

dinara

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Ұлжалғас

    Садыбаева Оралай апай өзіңіз тәлім алған ұлғатты жандардан асып түсетін ұстаз екеніңізді кәміл айта аламын. 👍👍👍

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

«Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтарды кіріктіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары баяндалады. Тарихи фильмдерді сабақта қолдану тәсілдері ұсынылған.

dinara 2 мин 178 оқылым
Жалпы рубрика

«Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда bilimland платформасын қолдану үмкіндіктері.

Материалда BilimLand платформасының бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы мүмкіндіктері, цифрлық сабақтары, интерактивті тапсырмалары және мұғалімге арналған құралдары сипатталған.

dinara 4 мин 45 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым