Мазмұнға өту

Үштілділік білім беру - қазіргі заман талабы

Шоқыбаева Айгүл Еркінбайқызы 3 мин оқу 1 558 оқылым

Шоқыбаева Айгүл Еркінбайқызы

Республикамызда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен шыққан «Үш тіл тұғырлығы» атты бағдарламаға  сәйкес әр бала үш тілді бірдей жетік меңгеруі тиіс.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.

Тіл — халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Жас ұрпақ үш тілді білу керек.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деген даналық сөзді. Сонымен қатар қазіргі уақытта көп тіл білу — байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.

Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” - деп етекше атап көрсеткен.

Білім министрі  2019 жылға дейін  елімізде үш тілді білім беруге көшуде ешкедергі болмауы керек деп санайды. 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретінін айтты. Бір айта кететіні, мектепте жоғары сыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ( химия, физика,

биология,информатика) ағылшын тілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдай жасайтынын тілге тиек етті.

Ал, еліміздегі орыс мектептеріндегі«Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде және де  қазақ мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәнінің орыс тілінде жүргізілетінінайтып өткен болатын. Бұл Қазақстанның барлық

мектептерінде де осылай жүретінін меңзеген болатын. Осылайша еліміздің білім алушы әр перзенті үш тілді еркін меңгеретін болады. «Бұндай ықпалдасу оқушы үшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тіліндеоқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», - деген болатын министр Ерлан Сағадиев.

Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздыңкілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі замандаағылшын тілі «21 ғасырдың»,халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.  Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбеюде.. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта,ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.  Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер  өз үлесімізді қосуға, оқушыларға  аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз.  Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.  Тіл – ғасырлық қазына, сондықтан ол бәрінен де жоғары тұруы тиіс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Шоқыбаева Айгүл Еркінбайқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 173 оқылым 4 мин
Биология

Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Биология пәнінің оқытушысы ЖШС «Кентау колледжі» Аннотация Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.…

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна 43 оқылым 6 мин
Биология

STEAM әдістемесін қолдана отырып биология сабағында жобалық жұмыс ұйымдастыру

Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ КММ Биология мұғалімі Аннотация Бұл мақалада биология пәні бойынша жобалық жұмысты STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тұғырында ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік…

Жылқыбай Айдана Сағадиқызы 225 оқылым 7 мин
Биология

Биологияның адам өміріне пайдасы

Биология ғылымы адам өмірінің барлық аспектілеріне тікелей ықпал етеді, өйткені ол тірі организмдердің құрылымын, функцияларын, эволюциясын және өзара байланысын зерттейді. Биологияның пайдасы медицинадан бастап,…

Bilimger Media 143 оқылым 2 мин