ӘОЖ 633.17:632.4
Тары (Panicum miliaceum L.) дақылының микромицеттері: түрлік құрамы, фитосанитариялық қауіптері және күрес шаралары бойынша жүйелі шолу және метаанализ
Аңдатпа
Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Ақтөбе өңірінде өсетін тары (Panicum miliaceum L.) дақылының микромицеттері туғызатын аурулардың түрлік құрамы мен оларға қарсы күрес шаралары туралы жарияланған ғылыми деректерді PRISMA 2020 талаптарына сәйкес жүйелеп талдау және олардың өңір жағдайында қолданылу мүмкіндігін бағалау. Зерттеу әдебиетке негізделген жүйелі шолу және метаанализ түрінде жүргізілді. Далалық және зертханалық эксперименттер орындалған жоқ.
Ғылыми деректер Scopus, PubMed, CyberLeninka, eLibrary дерекқорларынан және қосымша ақпарат көздерінен жинақталды. PRISMA 2020 талаптарына сәйкес 43 ғылыми дереккөз іріктелді. Жеке көрсеткіштер үшін Уилсон әдісі бойынша 95% сенімділік аралықтары есептеліп, сандық деректерді біріктіруде DerSimonian–Laird кездейсоқ әсерлер моделі және logit шкаласы қолданылды.
Нәтижесінде тары тұқымында Fusarium, Alternaria, Aspergillus, Cladosporium, Curvularia және Penicillium туыстарының өкілдері, ал жапырақтарында Bipolaris туысына жататын түрлер тіркелгені анықталды. Метаанализ нәтижелері бойынша зеараленонның біріктірілген үлесі 60,4% (95% СА: 45,3–73,8), фумонизиндікі 19,7% (3,4–62,7), дезоксиниваленолдікі 27,1% (9,0–58,3) болды. Қаракүйеге иммунды үлгілердің біріктірілген үлесі 4,9% (1,7–13,0), ал төзімді немесе иммунды үлгілердің үлесі 43,1% (38,1–48,2) құрады.
Ақтөбе өңірінде тары микромицеттерін тікелей зерттеген ғылыми жұмыстар анықталмады. Осыған байланысты өңір үшін фитосанитариялық мониторинг жүргізу, тұқым сапасын бақылау және жергілікті жағдайға бейімделген сорттарды сынау ұсынылады. Алынған нәтижелер өңірдегі тары дақылының фитосанитариялық жағдайын зерттеуге арналған ғылыми бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: тары, Panicum miliaceum L., микромицеттер, фитопатогендік саңырауқұлақтар, түрлік құрам, микотоксиндер, фитосанитариялық қауіп, күрес шаралары, жүйелі шолу, PRISMA 2020, метаанализ, Ақтөбе өңірі.
УДК 633.17:632.4
Аннотация
Цель исследования – систематизировать и проанализировать опубликованные научные данные о видовом составе микромицетов, вызывающих заболевания проса (Panicum miliaceum L.), и мерах борьбы с ними в соответствии с требованиями PRISMA 2020, а также оценить возможность применения полученных данных в условиях Актюбинской области. Исследование выполнено в форме систематического обзора литературы и метаанализа. Полевые и лабораторные эксперименты не проводились.
Научные публикации были отобраны из баз данных Scopus, PubMed, CyberLeninka, eLibrary и дополнительных источников. Согласно критериям PRISMA 2020, в обзор включено 43 научных источника. Для отдельных показателей рассчитаны 95% доверительные интервалы по методу Уилсона, а для объединения количественных данных применена модель случайных эффектов DerSimonian–Laird с использованием logit-шкалы.
Установлено, что на семенах проса встречаются представители родов Fusarium, Alternaria, Aspergillus, Cladosporium, Curvularia и Penicillium, а на листьях – виды рода Bipolaris. По результатам метаанализа объединённая доля зеараленона составила 60,4% (95% ДИ: 45,3–73,8), фумонизина – 19,7% (3,4–62,7), дезоксиниваленола – 27,1% (9,0–58,3). Объединённая доля образцов, иммунных к головне, составила 4,9% (1,7–13,0), а устойчивых или иммунных – 43,1% (38,1–48,2).
Непосредственных научных исследований микромицетов проса на территории Актюбинской области не выявлено. В связи с этим предложены рекомендации по организации фитосанитарного мониторинга, контролю качества семян и испытанию сортов, адаптированных к местным условиям. Полученные результаты позволяют определить перспективные направления дальнейших исследований фитосанитарного состояния проса в регионе.
Ключевые слова: просо, Panicum miliaceum L., микромицеты, фитопатогенные грибы, видовой состав, микотоксины, фитосанитарный риск, меры борьбы, систематический обзор, PRISMA 2020, метаанализ, Актюбинская область.
UDC 633.17:632.4
Abstract
The aim of this study was to systematically review and analyse published scientific data on the species composition of micromycetes causing diseases in proso millet (Panicum miliaceum L.) and the control measures applied against them, in accordance with PRISMA 2020 guidelines, and to assess the applicability of the available evidence to the Aktobe region of Kazakhstan. The study was conducted as a literature-based systematic review and meta-analysis. No field or laboratory experiments were performed.
Scientific publications were retrieved from Scopus, PubMed, CyberLeninka, eLibrary and additional sources. A total of 43 scientific sources were included according to the PRISMA 2020 criteria. Wilson 95% confidence intervals were calculated for individual proportions, while the DerSimonian–Laird random-effects model with logit transformation was used to synthesise quantitative data.
The review identified representatives of the genera Fusarium, Alternaria, Aspergillus, Cladosporium, Curvularia and Penicillium on millet seeds, as well as Bipolaris species on leaves. The pooled proportion of zearalenone was 60.4% (95% CI: 45.3–73.8), fumonisin 19.7% (3.4–62.7), and deoxynivalenol 27.1% (9.0–58.3). The pooled proportion of accessions immune to smut was 4.9% (1.7–13.0), while the proportion of resistant or immune accessions was 43.1% (38.1–48.2).
No studies directly investigating millet micromycetes in the Aktobe region were identified. Therefore, recommendations were developed for phytosanitary monitoring, seed quality control and testing of varieties adapted to local environmental conditions. The findings provide a basis for identifying priority areas for future research into the phytosanitary status of millet in the region.
Keywords: proso millet, Panicum miliaceum L., micromycetes, phytopathogenic fungi, species composition, mycotoxins, phytosanitary risk, control measures, systematic review, PRISMA 2020, meta-analysis, Aktobe region.
Кіріспе
Тары (Panicum miliaceum L.) – құрғақшылыққа салыстырмалы түрде төзімділігімен, қысқа вегетациялық кезеңімен және жоғары тағамдық құндылығымен ерекшеленетін маңызды астықтық дақылдардың бірі. Бұл дақыл әлемнің әртүрлі климаттық аймақтарында азық-түлік, жемшөп және жарма өндірісінде пайдаланылады. Тарының құрғақшылық жағдайында өсіруге бейімділігі оны климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығы үшін перспективалы дақылдардың қатарына қосады [1, 2].
Қазақстанда тары дәстүрлі түрде өсірілетін дақылдардың бірі болып саналады. Ұлттық статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылы тарының егіс алаңы 53,2 мың гектарды құраса, 2022 жылы 38,8 мың гектарға дейін төмендеген. 2023 жылы бұл көрсеткіш 50,5 мың гектарға дейін артқан [3]. Дегенмен дақылдың өнімділігіне әсер ететін фитопатологиялық факторларды зерттеу әлі де өзекті мәселе болып табылады.
Тарының фитосанитариялық жағдайына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – микромицет саңырауқұлақтары. Олар тұқымның сапасын төмендетіп, өскіндердің дамуына кедергі келтіруі, жапырақтар мен генеративті мүшелерді зақымдауы және дәннің микологиялық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.
Қазақстандық зерттеулерде тарының ең қауіпті ауруларының бірі ретінде қаракүйе қарастырылады. Дүйсебаева және әріптестері тарының қаракүйеге төзімділігін жасанды инфекциялық орта жағдайында бағалап, ауруға иммунды генотиптерді анықтаған [4]. Сонымен қатар басқа елдерде жүргізілген зерттеулер тары тұқымында Fusarium, Alternaria, Aspergillus және басқа да саңырауқұлақтардың кездесетінін көрсетеді [5, 6].
Тарының микологиялық қауіпсіздігі мәселесі микотоксиндердің түзілуімен де байланысты. Кореяда жүргізілген зерттеулерде тары дәнінен зеараленон, фумонизин және дезоксиниваленол сияқты микотоксиндер анықталған [8, 66].
Ақтөбе өңірі үшін бұл мәселенің маңыздылығы ерекше. Өңірде тары өсіруге қатысты агрономиялық зерттеулер болғанымен, дақылдың микромицеттерін түрлік деңгейде анықтауға және олардың таралу ерекшеліктерін бағалауға бағытталған тікелей ғылыми деректер жеткіліксіз.
Осыған байланысты әртүрлі елдерде жарияланған ғылыми нәтижелерді жүйелі түрде талдау, олардың дәлелдік деңгейін бағалау және Ақтөбе өңірі үшін зерттелмеген бағыттарды анықтау қажеттілігі туындайды.
Зерттеудің мақсаты – тары (Panicum miliaceum L.) дақылын зақымдайтын микромицет саңырауқұлақтарының түрлік құрамы, микологиялық қауіптері және күрес шаралары бойынша жарияланған ғылыми деректерді жүйелеу, метаанализ жүргізу және алынған нәтижелердің Ақтөбе өңірі үшін маңызын бағалау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тарыда кездесетін негізгі микромицет саңырауқұлақтарының түрлік құрамын анықтау.
2. Әртүрлі географиялық аймақтардағы фитопатогендердің таралу ерекшеліктерін салыстыру.
3. Микотоксиндермен ластану және қаракүйеге төзімділік бойынша сандық деректерді біріктіру.
4. Тары ауруларымен күресу шараларының ғылыми негізделу деңгейін бағалау.
5. Ақтөбе өңірі үшін фитосанитариялық мониторинг пен өсімдікті қорғау бағытындағы ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу әдебиетке негізделген жүйелі шолу және метаанализ түрінде жүргізілді. Жұмыс барысында далалық және зертханалық эксперименттер орындалған жоқ. Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде PRISMA 2020 халықаралық ұсынымдары пайдаланылды [6].
Ақпарат көздері және әдебиеттерді іздеу стратегиясы
Ғылыми жарияланымдарды іздеу Web of Science, Scopus, ScienceDirect, SpringerLink, PubMed, Google Scholar, CyberLeninka және eLibrary электрондық дерекқорларында жүргізілді. Қосымша ақпарат ғылыми мақалалардың әдебиеттер тізімдерін талдау және веб-іздеу арқылы толықтырылды.
Іздеу барысында келесі негізгі кілт сөздер пайдаланылды: «Panicum miliaceum», «proso millet», «micromycetes», «fungal pathogens», «seed-borne fungi», «Fusarium», «Alternaria», «mycotoxins», «head smut», «disease resistance» және олардың қазақша, орысша баламалары.
Әдебиеттерді іздеу 2026 жылғы 13 тамыз бен 15 қазан аралығында жүргізілді.
Іріктеу нәтижесінде бастапқыда 71 жазба анықталды. Оның 8-і қайталанатын жазбалар ретінде алынып тасталды. Қалған 63 жарияланымның атауы мен аңдатпасы қарастырылып, 9 жазба талаптарға сәйкес келмегендіктен шығарылды. Толық мәтіні ізделген 54 жазбаның 4-еуі қолжетімсіз болды. Қалған 50 жарияланым толық мәтін бойынша бағаланып, 6-уы енгізу критерийлеріне сәйкес келмегендіктен алынып тасталды. Нәтижесінде жүйелі шолуға 44 зерттеу енгізілді.
Зерттеулерді іріктеу критерийлері
Талдауға тарының (Panicum miliaceum L.) микромицеттерін, фитопатогендік саңырауқұлақтарын, тұқым микобиотасын, ауруларға төзімділігін және микотоксиндермен ластануын зерттеген ғылыми жұмыстар енгізілді.
Сонымен қатар басқа дақылдардағы саңырауқұлақ инфекциялары, климаттық факторлар және зерттеу әдістемелері бойынша жарияланымдар салыстырмалы немесе әдістемелік негіз ретінде қарастырылды. Басқа дақылдарға қатысты деректер тарыға тікелей дәлел ретінде қолданылған жоқ.
1.3 Деректерді өңдеу және статистикалық талдау
Зерттеулерден саңырауқұлақтардың таксономиялық құрамы, зерттеу нысаны, географиялық орналасуы, іріктеме көлемі, анықталған инфекция үлесі және қолданылған қорғау шаралары туралы ақпарат алынды.
Жеке зерттеулердегі үлестер үшін Уилсон әдісі бойынша 95 % сенімділік аралықтары есептелді. Екі топ арасындағы салыстыруда Фишердің дәл критерийі қолданылды.
Бірнеше зерттеуде кездесетін сандық көрсеткіштерді біріктіру үшін кездейсоқ әсерлердің DerSimonian–Laird моделі қолданылып, деректер логит шкаласында өңделді. Зерттеулер арасындағы гетерогенділік I² көрсеткіші арқылы бағаланды.
Метаанализ бес көрсеткіш бойынша жүргізілді:
- зеараленонмен ластану;
- фумонизинмен ластану;
- дезоксиниваленолмен ластану;
- қаракүйеге иммундылық;
- қаракүйеге төзімді немесе иммунды үлгілердің үлесі.
Салыстырылатын зерттеулер санының аздығына байланысты метаанализ нәтижелері алдын ала және иллюстрациялық сипатта қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
Іріктелген ғылыми зерттеулердің жалпы сипаттамасы
PRISMA 2020 талаптары бойынша іріктелген 44 зерттеу мазмұнына қарай бірнеше топқа бөлінді. Оның ішінде 15 зерттеу тарыға тікелей қатысты, 2 зерттеу тарының биологиясы мен жалпы ерекшеліктерін сипаттайтын фондық еңбектер болды. 15 жарияланым басқа дақылдардағы фитопатогендерге, 7 жұмыс әдістемелік, климаттық және номенклатуралық мәселелерге, ал 5 зерттеу Ақтөбе және Батыс Қазақстан өңірлерінің микологиясына қатысты болды.
Тарыға тікелей қатысты жұмыстардың басым бөлігі үш бағытта жүргізілген:
- қаракүйеге төзімді генотиптерді анықтау;
- тұқым және жапырақ микобиотасын зерттеу;
- микотоксиндермен ластану деңгейін бағалау.
Зерттеулердің географиялық таралуы бойынша негізгі деректер Қазақстан, Корея, Венгрия және Қытай мемлекеттерінен алынған. Бұл елдердегі зерттеу әдістері мен іріктеме көлемдерінің айырмашылығы нәтижелерді тікелей салыстыруды шектейді.
Тары дақылының микромицеттерінің түрлік құрамы
Әдеби деректерді талдау нәтижесінде тарының тұқымында бірнеше негізгі саңырауқұлақ туыстарының кездесетіні анықталды.
Fusarium туысы тары тұқымының микобиотасында маңызды орын алады. Венгрияда жүргізілген зерттеуде 1985 жылғы тұқым үлгілерінің 52 %-ында, ал 2007 жылғы үлгілердің 41 %-ында Fusarium туысының өкілдері анықталған [6]. Кореяда жүргізілген зерттеулерде де Fusarium түрлері тары тұқымынан бөлініп алынған [5, 11].
Alternaria туысының өкілдері тары тұқымдарында жиі кездесетін саңырауқұлақтар қатарына жатады. Венгрия зерттеуінде олардың кездесу үлесі 1985 жылғы үлгілерде 23 %, ал 2007 жылғы үлгілерде 17 % болған [6]. Кореялық зерттеуде Alternaria alternata түрі зерттелген бес тұқым үлгісінің барлығында тіркелген [5].
Aspergillus туысы негізінен тұқымның микологиялық жағдайымен және сақтау кезіндегі ластану қаупімен байланысты қарастырылады. Венгрия зерттеуінде оның кездесу үлесі 1985 жылы 10 %, 2007 жылы 6 % құраған [6].
Сонымен қатар тары тұқымынан Cladosporium cladosporioides, Curvularia lunata және Penicillium туысының өкілдері анықталған [5].
Жапырақ микобиотасы бойынша ерекше назар аударатын патоген – Bipolaris panici-miliacei. Lee зерттеуінде аталған саңырауқұлақ тарының жапырақ дағын туғызатыны және тұқым арқылы берілу қабілеті бар екені көрсетілген [5]. Жас тары көшеттерінде оның жоғары вируленттілігі байқалған.
Осылайша, әдеби деректер тарының микобиотасы бір ғана патогенмен шектелмейтінін, оның құрамында тұқым арқылы таралатын және өсімдіктің әртүрлі мүшелерін зақымдайтын бірнеше саңырауқұлақ тобы бар екенін көрсетеді.
2.3 Географиялық аймақтар бойынша микромицеттердің таралу ерекшеліктері
Әртүрлі елдерде алынған нәтижелер тары микобиотасының құрамы мен кездесу жиілігі зерттеу жағдайларына тәуелді екенін көрсетеді.
Кореяда жүргізілген зерттеулерде тұқым және жапырақ микобиотасы сипатталып, Bipolaris panici-miliacei патогенінің биологиялық ерекшеліктері анықталған. Сонымен қатар микотоксиндермен ластану мәселесі зерттелген.
Венгрияда тарының арамшөп биотипінің тұқым микобиотасы зерттеліп, 1985 және 2007 жылдардағы үлгілердің нәтижелері салыстырылған. Fusarium, Alternaria және Aspergillus туыстарының кездесу көрсеткіштері тіркелген [6].
Қазақстандағы зерттеулер негізінен қаракүйеге төзімді генотиптерді іздеуге бағытталған. Дүйсебаева және әріптестері жасанды инфекциялық фонда 150 шетелдік үлгіні бағалап, олардың 12-сін толық иммунды деп анықтаған [4]. Дюсибаева және әріптестері 89 үлгіні зерттеп, олардың 36-сын төзімді деп бөлген [15].
Ақтөбе өңіріне қатысты микологиялық әдебиеттерді талдау барысында тарының микромицеттерін тікелей зерттеген ғылыми жұмыс анықталған жоқ. Өңірдегі микологиялық зерттеулер негізінен ағаш өсімдіктері мен макромицеттерге арналған. Сондықтан басқа мемлекеттер мен Қазақстанның өзге өңірлерінде алынған нәтижелерді Ақтөбе облысының фитосанитариялық жағдайына тікелей көшіруге болмайды.
Микотоксиндермен ластану деңгейі және метаанализ нәтижелері
Микотоксиндер – саңырауқұлақтар түзетін улы метаболиттер. Олардың дәнде жиналуы өнімнің тағамдық және жемдік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.
Тарыдағы микотоксиндер бойынша сандық зерттеулер Кореядан алынған. Choi және әріптестері 24 тары үлгісін зерттеу барысында зеараленонды 62,5 %, фумонизинді 37,5 %, дезоксиниваленолды 45,8 % және T-2/HT-2 токсиндерін 8,3 % үлгіде анықтаған [12].
Зерттеулер арасындағы салыстырмалы сандық деректерді біріктіру нәтижесінде төмендегідей жиынтық бағалар алынды.
Кесте 1 – Микотоксиндердің таралуы және тары үлгілерінің қаракүйеге төзімділігі бойынша метаанализ нәтижелері
| Біріктірілген үлес, % | 95% сенімділік аралығы | |
|---|---|---|
| Зерттеулер саны | ||
| Зеараленон | 60,4 | 45,3–73,8 |
| 2 | ||
| Фумонизин | 19,7 | 3,4–62,7 |
| 2 | ||
| Дезоксиниваленол | 27,1 | 9,0–58,3 |
| 3 | ||
| Қаракүйеге иммунды үлгілер | 4,9 | 1,7–13,0 |
| 2 | ||
| Қаракүйеге төзімді немесе иммунды үлгілер | 43,1 | 38,1–48,2 |
| 2 |
Ескерту: 95% сенімділік аралығы метаанализде есептелген көрсеткіштердің белгісіздік шегін көрсетеді.
Ескерту: метаанализдің біріктірілген бағалары DerSimonian–Laird кездейсоқ әсерлер моделімен есептелген. Зерттеулер саны аз болғандықтан, нәтижелер иллюстрациялық сипатта қарастырылады.
Зеараленон бойынша біріктірілген үлес 60,4 % құрады. Бұл көрсеткіш зерттеулерде қарастырылған тары үлгілерінің едәуір бөлігінде осы токсиннің анықталғанын көрсетеді. Фумонизин бойынша біріктірілген үлес 19,7 %, ал дезоксиниваленол бойынша 27,1 % болды.
Қаракүйеге иммунды үлгілердің біріктірілген үлесі 4,9 % құрады. Бұл көрсеткіш бойынша зерттеулер арасындағы гетерогенділік жоғары болды (I² = 81 %). Ал қаракүйеге төзімді немесе иммунды үлгілердің біріктірілген үлесі 43,1 % болды.
Мұнда маңызды әдістемелік шектеу бар: әр зерттеудегі үлгілердің құрамы, инфекциялық фон, зерттеу жағдайлары және төзімділікті бағалау шкалалары бірдей емес. Сондықтан алынған жиынтық көрсеткіштерді нақты өңірдегі аурудың таралу деңгейі немесе өндірістік егістіктегі ластану жиілігі ретінде түсіндіруге болмайды.
Атап айтқанда, Кореядан алынған микотоксин көрсеткіштерін Ақтөбе облысына тікелей қолдану ғылыми тұрғыдан негізделмейді. Бұл үшін өңірлік дән үлгілерін зертханалық әдістермен тексеру қажет.
2.5 Тары ауруларымен күресу шараларының тиімділігі
Әдебиеттерді талдау нәтижесінде тарыны микромицеттерден қорғаудың бірнеше негізгі бағыты анықталды.
Селекциялық әдіс. Тарының қаракүйеге төзімді сорттары мен генотиптерін анықтау – сандық дәлелдермен салыстырмалы түрде жақсы негізделген әдіс. Қазақстандық зерттеулерде жасанды инфекциялық фонда төзімді және иммунды үлгілер анықталған [4, 19]. Сонымен қатар Вилюнов зерттеуінде көп сызықты Квартет сортының компоненттік құрылымы мен төзімділік ерекшеліктері қарастырылған [20].
Тұқымды өңдеу және химиялық қорғау. Тарыда тұқымды дәрілеу мен фунгицидтердің тиімділігі туралы салыстыруға жарамды сандық зерттеулер жеткіліксіз. Басқа дақылдарда немесе зертханалық жағдайда алынған нәтижелерді тарыға тікелей қолдануға болмайды.
Биологиялық қорғау. Биологиялық әдістер фитопатогендік саңырауқұлақтардың дамуын шектеудің перспективалы бағыты болып саналады. Дегенмен қарастырылған деректерде биологиялық препараттардың тарыдағы тиімділігін далалық жағдайда бағалаған жеткілікті зерттеулер анықталмады.
Агротехникалық шаралар. Ауыспалы егіс, өсімдік қалдықтарын жою, егістік санитариясы және сапалы тұқым пайдалану аурулардың таралу қаупін төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары ретінде қарастырылады. Алайда олардың тарыдағы тиімділігі бойынша сандық деректер шектеулі.
Жалпы алғанда, тарыда ең жақсы дәлелденген күрес бағыты – ауруларға төзімді сорттарды іріктеу. Қалған қорғау әдістерінің тиімділігін анықтау үшін арнайы тәжірибелер жүргізу қажет.
Ақтөбе өңірі үшін фитосанитариялық мониторингтің маңызы
Жүргізілген жүйелі шолу Ақтөбе өңірінде тарының микромицеттерін түрлік деңгейде анықтаған тікелей ғылыми зерттеулердің жоқ екенін көрсетті.
Бұл жағдай өңірдегі фитосанитариялық қауіптің жоқтығын білдірмейді. Керісінше, нақты жағдайды бағалау үшін бастапқы зерттеулердің қажеттігін көрсетеді.
Ақтөбе өңірінде болашақ зерттеулерді келесі бағыттар бойынша ұйымдастыру ұсынылады:
1. Тары тұқымдары мен өсімдіктің вегетативті мүшелерінен микромицеттерді бөліп алу.
2. Бөлінген саңырауқұлақтарды морфологиялық және молекулалық әдістермен түрлік деңгейде сәйкестендіру.
3. Тұқымның фитосанитариялық сапасын және тұқым арқылы берілетін инфекцияны бағалау.
4. Дән үлгілеріндегі микотоксиндерді LC-MS/MS әдісімен анықтау.
5. Қаракүйеге төзімді және иммунды сорттарды жергілікті жағдайларда сынау.
6. Тұқымды дәрілеу мен биологиялық препараттардың тиімділігін салыстырмалы тәжірибе арқылы бағалау.
7. Ауа райы, топырақ ылғалдылығы және аурулардың даму динамикасы арасындағы байланысты көпжылдық бақылау арқылы зерттеу.
Осы шаралар өңірдегі тары дақылының нақты фитосанитариялық жағдайын бағалауға және өсімдікті қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Қорытынды
Жүргізілген жүйелі шолу мен метаанализ нәтижелері тары (Panicum miliaceum L.) дақылының микобиотасы бірнеше фитопатогендік және тұқыммен байланысты саңырауқұлақтар тобынан тұратынын көрсетті. Тұқымнан Fusarium, Alternaria, Aspergillus, Cladosporium, Curvularia және Penicillium туыстарының өкілдері, ал жапырақтардан Bipolaris туысының түрлері анықталған.
Сандық синтез нәтижесінде зеараленонның біріктірілген үлесі 60,4 %, фумонизиннің 19,7 %, дезоксиниваленолдың 27,1 % екені есептелді. Қаракүйеге иммунды үлгілердің біріктірілген үлесі 4,9 %, ал төзімді немесе иммунды үлгілердің үлесі 43,1 % болды. Дегенмен зерттеулер санының аздығы, іріктемелердің айырмашылығы және әдістемелік гетерогенділік бұл нәтижелерді алдын ала бағалау ретінде қарастыруды талап етеді.
Тарыны қорғау шаралары арасында қаракүйеге төзімді сорттарды іріктеу ең жақсы негізделген бағыт болып анықталды. Тұқымды химиялық өңдеу, фунгицидтерді қолдану және биологиялық қорғау әдістерінің тарыдағы тиімділігі бойынша сандық дәлелдер жеткіліксіз.
Ақтөбе өңірінде тарының микромицеттерін тікелей зерттеген ғылыми жұмыстардың анықталмауы өңірлік мониторингті ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді. Болашақ зерттеулер тұқым микобиотасын анықтауға, микотоксиндерді өлшеуге, жергілікті сорттардың төзімділігін бағалауға және қорғау шараларының тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеруге бағытталуы тиіс.
Осылайша, жүйелі шолу мен метаанализ тарының фитосанитариялық жағдайы туралы халықаралық ғылыми деректерді жинақтауға, зерттелмеген мәселелерді анықтауға және Ақтөбе өңірінде болашақ зерттеулердің басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Lu, H., Zhang, J., Liu, K.-b., et al. (2009). Earliest domestication of common millet (Panicum miliaceum) in East Asia extended to 10,000 years ago. Proceedings of the National Academy of Sciences, 106(18), 7367–7372. https://doi.org/10.1073/pnas.0900158106
Habiyaremye, C., Matanguihan, J. B., D'Alpoim Guedes, J., et al. (2017). Proso millet (Panicum miliaceum L.) and its potential for cultivation in the Pacific Northwest, U.S.: A review. Frontiers in Plant Science, 7, 1961. https://doi.org/10.3389/fpls.2016.01961
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы. (2024). Қазақстан Республикасындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы. 2019–2023 жылдарға арналған статистикалық жинақ.
Дүйсебаева, Э. Н., Рысбекова, А. Б., Сейітхожаев, А. И., Есенбекова, Г. Т. (2018). Жасанды инфекциялық орта жағдайында тары коллекциялық үлгілерін қаракүйе ауруына (Sphacelotheca panici-miliacei) төзімділігін бағалау. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы, (2)(97), 50–60.
Lee, D.-H. (1997). Morphological characters and seed transmission of Bipolaris panici-miliacei causing leaf spot of common millet. Korean Journal of Plant Pathology, 13(1), 18–21.
Kiprop, K., Okwangan, S., Agyemang, E. D., et al. (2026). Seedborne fungal pathogens associated with Panicum miliaceum and Echinochloa crus-galli in Hungary. Georgikon for Agriculture, 30(1), 15–25. https://doi.org/10.56617/gfa.7374
Lee, M. J., Wee, C.-D., Ham, H., et al. (2020). Survey on Fusarium mycotoxin contamination in oat, sorghum, adlay, and proso millet during the harvest season in Korea. Journal of Food Hygiene and Safety, 35(1), 13–22. https://doi.org/10.13103/JFHS.2020.35.1.13
Lee, T., Baek, S. G., Kim, S., et al. (2022). Trends in mycotoxin contamination of cereals and cereal products in Korea. Research in Plant Disease, 28(4), 179–194. https://doi.org/10.5423/RPD.2022.28.4.179
Дюсибаева, Э. Н., Рысбекова, А. Б., Жакенова, А. Е., Жирнова, И. А., Ху Ин-Ганг. (2021). Скрининг генофонда проса (Panicum miliaceum L.) на резистентность к головне для селекции на иммунитет. Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина, (1)(108), 32–40.
Вилюнов, С. Д. (2021). Выявление перехода гомогенных компонентов мультилинейного сорта проса Квартет в гетерогенное состояние с повышением комплексной устойчивости к головне. Зернобобовые и крупяные культуры, (3)(39), 62–73. https://doi.org/10.24412/2309-348X-2021-3-62-73
Choi, J.-H., Nah, J.-Y., Lee, M.-J., et al. (2021). Fusarium diversity and mycotoxin occurrence in proso millet in Korea. LWT – Food Science and Technology, 141, 110964. https://doi.org/10.1016/j.lwt.2021.110964
Page, M. J., McKenzie, J. E., Bossuyt, P. M., et al. (2021). The PRISMA 2020 statement: An updated guideline for reporting systematic reviews. BMJ, 372, n71. https://doi.org/10.1136/bmj.n71
DerSimonian, R., & Laird, N. (1986). Meta-analysis in clinical trials. Controlled Clinical Trials, 7(3), 177–188. https://doi.org/10.1016/0197-2456(86)90046-2
Wilson, E. B. (1927). Probable inference, the law of succession, and statistical inference. Journal of the American Statistical Association, 22(158), 209–212. https://doi.org/10.1080/01621459.1927.10502953
Bebber, D. P., Ramotowski, M. A. T., & Gurr, S. J. (2013). Crop pests and pathogens move polewards in a warming world. Nature Climate Change, 3, 985–988. https://doi.org/10.1038/nclimate1990
Ұқсас материалдар
- #микотоксиндер
- #тары микромицеттері
- #түрлік құрамы
- #фитосанитариялық қауіп
- #күрес шаралары
- #жүйелі шолу
Мақала құжаттары
Мақала жарияланған журнал шығарылымы және жарияланғаны туралы анықтама (PDF)
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/tary-panicum-miliaceum-l-daqylynyng-mikromitsetteri-turlik-quramy
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Ғылыми жетекшісі: Атаева Гульшат Мукановна, Б.г.к, доцент, ЕҰУ
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.