Мазмұнға өту

Үштілдік – заман талабы

Ақниет Ишанова 2 мин оқу 474 оқылым

«Тіл тағдыр – ел тағдыры» деген сөздерді жиі естимін. Шынын да тілсіз адам өмір сүруі қиын нәрсе. Халқымыз ертеден тіл абыройын биік көтеріп, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы деп айтқан. Тіл – іс жүзінде тек қарым-қатынас құралы ғана емес, белгілі бір ұлттың сана-сезімі, тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті дер едім.

Әлемдегі жоғары  дамыған елдердің санатына енуді көздеген қазақ халқының басты мақсат сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты  ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.

Бүгінде әлем өзгеруде, әлеммен бірге бізде өзгерудеміз, дамудамыз, жалпы алғанда заман талабына сай қалыптасудамыз. Осы мәселе төңірегінде сөз болғанда біздің басшылыққа алатынымыз тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш түғырлығы мәдени жобасы». Рас, осы жоба шыққанда халық арасында түсінбеушілік болды. Бірақ, бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуда. Бұлар, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Тұңғыш президентіміз сонымен қатар « Мектепдердегі ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез-келген мектептің балалары ең жоғары деңгейде шет тілін оқып  үйренуге  жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек» - деп ерекше атап көрсетті.

Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі. ХХІ ғасырдың, халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.

Бүгінде білім алам деген адамға барлық жағдай жасалуда. Жаңа технология, шетелде білім алу, үш тілді еркін меңгеру сияқты мүмкіндер Қазақстанда жылдан жылға даму үстінде. Сондықтан да біздер жас ұрпақ үш тілді еркін меңгеріп еліміздің өркениетінің дамуына өз үлесімізді қосайық. Үштілді оқыту – жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күңгі ең басты қажеттілік.

 Фатима ҚОЗЫБАҚОВА

тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,

Ақниет ИШАНОВА

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 филология және әлем тілдері

факультетінің 1 курс студенті

Алматы қаласы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ақниет Ишанова

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Білімді болуға ұмтыл

Білу дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім – тоғышарлыққа ем. Білім – адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуімен,…

Ақниет Ишанова 78 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Цифрлық Қазақстан

2017 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Бағдарламанның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық…

Ақниет Ишанова 415 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Үштілдік – заман талабы

Үштілдік – заман талабы «Тіл тағдыр – ел тағдыры» деген сөздерді жиі естимін. Шынын да тілсіз адам өмір сүруі қиын нәрсе. Халқымыз ертеден тіл абыройын биік көтеріп, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы деп айтқан.…

Ақниет Ишанова 409 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин