Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Үш жүз» газеті

Құдайбергенов Дидар
2 мин оқу 111 оқылым

Берілген басылымның басты 3 ерекшелігін мысалмен нақтылып жазу.

«Үш жүз» газеті

Үш жүз 1917 жылы қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алаш партиясымен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты опонентіне айналды. Үш жүз өзінің әлеуметтік тегі жөнінен ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Оның бағдарламалық мақсат-мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.
Кейінірек, елде саяси хал-ахуал шиеленісіп, өкімет үшін күрес шырқау шегіне жетіп, таптық жіктеу процесі күшейген жағдайда Үш жүз іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті және Қазан революциясы жеңіске жеткен соң Алашқа қарсы ашық күреске шықты.
Жұмысшы қозғалысының дамуында жергілікті ұйымдар мен социал-демократтар тобы маңызды рөл атқарды. Қазақстанда тұңғыш маркстік үйірме Атбасарда 1896 жылы ұйымдастырылды. ХХ ғ. басында маркстік үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда пайда болды. 1905 ж. бұрын құрылған маркстік үйірме негізінде Петропавл және Оралда РСДЖП ұйымдары, Қазалы мен Түркістанда социал-демократтар тобы, ал кейінірек - Ақмола, Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар және басқа қалаларда рәсімделді. 1906 ж. РСДЖП ұйымы Семейде құрылды. Солардың ішінде ең ірісі Петропавл ұйымының құрамында 147 адам, Оралда - 150 адам болды. Бірінші орыс революциясы жылдарында Қазақстанда социал—демократтар саны шамамен 500-ге жетті. Өлкедегі социал—демократтар топтары мен ұйымдары теміржол желілері бойындағы қалаларда, теміржол шеберханалары мен деполары орналасқан станцияларда пайда болды.
Міне осылай, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қоғамына жақын емес, таптық жіктелудің күшеюімен алғашқы қазақ партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура-и-Ислами, Муслимин-и-иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура-и-Ислами, Муслимин-и-иттифок негізгі басым бағыты діни ұстанымдарға, соның нәтижесінде мұсылмандық, діни мүддені көтеруге кетіп қалған партиялар. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас-тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Дидар
Журналистика факультетінің
1-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Құдайбергенов Дидар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Үж жүз» газеті

Мәтінде 1917–1918 жылдары Петропавлда шыққан «Үш жүз» газетінің бағыты, редакторы К. Төгісов және басылымның тоқтауына қатысты деректер баяндалады.

Құдайбергенов Дидар 1 мин 128 оқылым
Жалпы рубрика

Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» мақаласы турасында

Мәтінде Міржақып Дулатұлының «Серке» газетінде жарияланған «Біздің мақсатымыз» мақаласының тарихи мәні мен отарлық саясатқа қарсы ойлары сараланады.

Құдайбергенов Дидар 2 мин 178 оқылым
Жалпы рубрика

Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» мақаласына талдау

Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласында отарлық саясат, қазақ халқының құқығы мен азаттық идеясы сөз болады. Материалда еңбектің тарихи мәні талданады.

Құдайбергенов Дидар 2 мин 38 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым