Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлылық - ұстаздан

Акмарал
3 мин оқу 41 оқылым

Мирманова Акмарал Таджибаевна

Тараз қаласы 

№55 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: 1. Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету;

  1. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, топпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту;
  2. Өлең, әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тірбиелеу.

Түрі: сыныптан тыс жұмыс.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, «Өлең шумақтары» топқа бөлу, «Сандар сөйлейді», «Кім жүйрік» ойыны, Семантикалық кесте, «Жалғасын тауып көр».

Көрнекілігі: слайд, плакат, стикер, А4 формат, маркер.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Топқа бөлу: Өлең шумақтары бойынша топқа бөлу. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен», «Ананың сүюі» өлеңдерінің шумақтарын құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ. Кел, балалар, оқылық!

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегеннің алдынан

Іздемей-ақ табылар.

2-топ. Өзен.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса, су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.

3-топ. Ананың сүюі.

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

«Сандар сөйлейді»

1-топ. 1) 1841 жылы, 20 қазан. (Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген)

2) 1857 жыл. (Оқуын «өте жақсы» деген бағаға бітіріп шыққан)

2-топ. 1) 3-4 жас. (Әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында тәрбиеленеді)

2) 1859 жылдың тамызы. (Өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады)

3-топ. 1) 1850 жыл. (Орынборда орыс-қазақ мектебі ашылды)

2) 9 жас. (Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне барған Ыбырайдың жасы)

«Кім жүйрік». Әр топқа Ы. Алтынсариннің жинақтаған жұмбақтарынан жұмбақтар жасырылатын болады.

1-топ. 1) Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа. (Киіз үй)

2) Кішкене ғана безер, дүниені кезер.(Ақша)

3) «Ти» десем – тимейді, «тиме» десем тиеді. (Ерін)

2-топ. 1) Үй үстінде – уақ тас. (Жұлдыз)

2) Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді. (Үй керегесі, уық, шаңырақ)

3) Елу аяқты, екі қолды, салады елу аяқпен жалғыз жолды. (Ара)

3-топ. 1) Жаны жоқ болса да, ақылды адамның ісін істейді. (Кітап)

2) Айдын көлде алтын тас, ау салса да – алынбас. (Тіс)

3) Кереге басында – ақ жаулық. (Күн сәулесі)

«Суреттер сыры». Әңгімелердің желісі бойынша суреттер салып, әңгіменің мазмұнын түсіндіреді.

1-топ. «Жаман жолдас»

2-топ. «Малды пайдаға жарату»

3-топ. «Аурудан – аяған күштірек»

«Жалғасын тауып көр». Ы. Алтынсариннің жинақтаған мақал-мәтелдерінің жалғасын табу.

1-топ. 1) Ісі жоқтың - ... (асы жоқ)

2) ... – қылыштан өткір. (Тіл)

3) Берсең  - аларсың, ... (ексең орарсың)

2-топ. 1) Өнерлі өлмес, ... (өнерсіз күн көрмес)

2) Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

3) Жері байдың - ... (елі бай)

3-топ. 1) Талапты ерге ... (нұр жауар)

2) Ауру қалса да, ... (әдет қалмайды)

3) Жақсылық қылсаң, ... (бүтін қыл)

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Акмарал

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Ауа-табиғат сыйы»

Балалар ауаның түссіз, иіссіз, дәмсіз екенін ойындар мен тәжірибелер арқылы танып-біледі. Материалда «Жас зерттеуші» ойыны ұсынылған.

Акмарал 2 мин 57 оқылым
Жалпы рубрика

Ертегілер еліне саяхат

Мәтінде ормандағы жігіттің оқиғасы, арыстан мен түлкінің кездесуі, Айсұлу мен Күнсұлу және балықтар патшалығы туралы ертегілер берілген.

Акмарал 87 мин 50 оқылым
Ашық сабақтар

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар

9-сыныпқа арналған ашық сабақта тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастыру, Қазақстанның алғашқы қадамдары және Конституцияның маңызы қарастырылады.

Акмарал 5 мин 304 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым